Ананың пейілі
Ана деген әрбір адам үшін өмірдегі ең асыл жан. Аналарымыз бізге өмір сыйлап, ақ сүт беріп, тәрбиеледі. Аналарымыз пейілі кең, мейірі мол, кешірімді жандар.
Қандай ана болмасын, өз баласы үшін түн ұйқысын төрт бөліп, ауырып қалса, емдеуге бар күшін салады.
Бойымыздағы бар жақсы ізгі қасиеттер бізге ана сүтімен дариды, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Ана болу – бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып қағуда, ол ана өзін-өзі ұмытып барлық күш жігерін сарқа жұмсайды, бұдан оның жаны байи, нәрлене түседі.
Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрметтеп, сыйлау әрбір баланың парызы. Қазақта "Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, ақ сүтін ақтай алмайсың" деген нақыл сөз бар.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Орфографиялык жане орфоэпиялык норма
ОРФОГРАФИЯ МЕН ОРФОЭПИЯ
Қазақ тілінде сөздердің жазылу заңдылығы мен айтылу заңдылығы бар.
Орфография – сөздердің дұрыс жазылу заңдылығы.
Орфоэпия – сөздердің дұрыс айтылу заңдылығы
Дыбыс үндестігі орфоэпияның негізгі нормаларының бірі болып табылады.
Орфоэпиялық норма бойынша сөз бен қосымшаның шегіндегі, сөз бен сөздің аралығындағы дыбыстар бір - біріне үндесіп айтылуы керек.
Ілгерінді ықпал
Жазылуы айтылуы
Көрікбай Көрікпай
Көк гүл Көк күл
Қас жау Қаш жау
Ашса Ашша
Ішсе Ішше
Қашса Қашша
Ала көз Ала гөз
Алып бер Алып пер
Тоқ бала Тоқ пала
Жүріскер жүрісгер
Қайнар көз – қайнар гөз
Қайнар бұлақ – қайнар бұлағ
Кейінді ықпал
Жазылуы айтылуы
Жанболат Жамболат
Кек алу Кег алу
Қара ала Қарала
Сақ адам Сағ адам
Он бес Ом бес
Есенбай Есембай
Көп бала Көп пала
Тоқ екен Тоғ екен
Бозша торғай – бошша торғай
Бозшағыл – бошшағыл
Бой алдыру – бойалдыру
Бой түзету – бойтүзету
Бойкүйездік – бойкүйестік
Жүрек айну – жүрег айну
Қаз табан – қас табан