ale99791308
?>

Слова апа, əже жіктік жалғау в ед.ч и в мн. ч.

Казахский язык

Ответы

ipKAV85
Мен апамын, сен апасың, сіз апасыз, ол апа
біз апамыз, сендер апасыңдар, сіздер апасыздар, олар апа.
мен әжемін, сен әжесін, сіз әжесіз, ол әже
біз әжеміз, сендер әжесіңдер, сіздер әжесіздер, олар әже
egorov
Әже - баланың әкесінің, сондай-ақ, анасының шешесін атайтын, туыстық қатынасты білдіретін атау. Одан арғылары үлкен әже немесе ұлы әже деп аталады.[1]

Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже - отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын- абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі Қазақ қоғамында әдетте жас отау иелерінің тұңғыш баласын әжесі бауырына салады. Бала ата-әженің кенжесі саналып, немерені әжесі тәрбиелеп, бағып-қағады. Әже мен немере арасындағы туыстық байланыс өте нәзік әрі берік. Балажан қазақ үшін ата мен әжеге жас сәби жай ғана ермек емес, тәрбиеленуші ерекше субъект. Тарихта күллі рулы елге ана болып саналған Айпара әже, Домалақ ене, Зере, Айғаным секілді әжелердің бейнесі аңыз-әңгімелерде, әдеби шығармаларда сомдалған.

Алдымен әже тәрбиесі арқылы бала жақсы-жаманды ажыратып, үлкен-кішіні тани бастайды. Мінез-құлық, тіл тәрбиесі қалыптасып, бала үй шаруасына бейім, елгезек тілалғыш, мейірімді болып өседі. Әженің алдын көрген балаға былайғы жұрт тәрбиелі бала деп баға береді. Әже тәрбиесі көбіне «олай істеме, былай істе», «бүйтсең жаман, өйтсең жақсы»деген вербалды сипатта, ақылгөйлік мазмұнда болып, әженің мейірімі мен жүрек жылуына бөленіп өседі. Осылайша жас бала қазақы ортадағы моральдық-этикалық нормалармен таныса отырып, адами тұлғаның қалыптасуына ғана емес, дәстүрлі ырым-тыйымдар жүйесінің қағидаттарын біртіндеп бойына сіңіре бастайды.

Жеті-тоғыз жастан әрі қарай тұңғыш немере ұлдың тәрбиесі атасының қолына өтеді, Ал қыз немеренің негізгі тәрбиесі әженің қарамағында болады. Бұл кездегі тәрбиенің мазмұны атаға ілесе жүріп, көрген-білгенін көңілге тоқудан құралады. Атасына ілескен бала алыс жерлерді, ел жақсыларын, сыйлы ауылдарды көріп, жиын-тойға т.б. қатысып, соларды ұғынуға, білуге тырысады. Атаның «визуалды» тәрбиесінен өткен баланы былайғы жұрт көргенді бала деп атайды. Қазақ паремеологизмі Атың бар да жер таны желіп жүріп, атаң барда ел таны еріп жүріп деп кеңес береді. Ел тану, жер тану көргенділікке жатады. Қазақтың дәстүрлі бала тәрбиесінде көргенділік тәрбиенің ең жоғарғы формасы болып табылады. Әже мен атадан тәлім алған немеренің рухани жағынан тәрбиелі, көргенді азамат болып, ержетуінің, елдің аузына ілігер көшелі азамат болып қалыптасуының негізі осылайша қаланады
larinafashion829

 Аты аңызға айналған ержүрек батырларымыздың бірі, XVIII ғасырдағы Қазақ елінің жоңғарларға қарсы ұлт-азаттық соғысындағы көрнекті қаһарман — Шапырашты Наурызбай Құттымбетұлы.

Құттымбетұлы Наурызбай 1706 жылы Жетісу жерінде, Алатаудың баурайында дүниеге келген. Бұл кезде Ӏле, Талас, Алатау мен Қаратау аралығындағы қазақ пен қырғыз жоңғарларға тәуелді еді. Батырдың көзін ашқаннан естігені батырлар тұралы жырлар, аңыз әңгімелер болып, теңдессіз бай рухани ортада өсті. Екінші жағынан елге үстемдігін жүргізген басқыншы жаудың зорлығы мен зомбылығын да көрді. Мұның өзі жүрегінде оты бар жасты туған елін, атамекенін жаудан азат ету тұралы арманға жетеледі, батыр болуға құлшындырды. Наурызбай батырдың өмірі тұралы бүгінгі күнгі деректерде Шапырашты Наурызбай, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай бабаларымыз Абылай хан айналасындағы бас батырлар қатарында бағаланады. Бұқар жырау осы үш тұлғаның жанындағы мынадай ірі батырларды атайды: Шақшақұлы Жәнібек, Сіргелі Қара Тілеуке, Қарақалпақ Қылышбек, Текеден шыққан Сатай мен Бөлек, Қаумен, Дәулет, Жәпек, Сеңкібай, Шойбек, Таңсыққожа, Мәмбет, Молдабай, Есенқұл және басқалар. Әдеби-тарихи деректер мен ел есінде сақталған аңыз-әңгімелер Наурызбай батырдың бүкіл халықтың ықыласына бөленіп, мақтанышқа айналуы 1727-1731 жылдардың шамасы екендігіне мензейді. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қатарынан бірнеше рет қатты соққы беріп, ақыры үлкен жеңіске жетуі осы уақытқа сәйкес келеді. Алатау етегінде жоңғарлардың Шамалған, Қаскелең, Боралдай секілді атышулы батырлары өлім табатын сұрапыл шайқастарда Наурызбай бабамыз ересен ерлік көрсетеді. Қозыбасыда қалың қол бастап, бас батыр атағына ие болады.

Мазмұны  [жасыру] 1Карл Миллер күнделігі2Абылай ханның тұтқыннан босатылуы3Шәді төренің мәліметі4Қабдеш Жұмәділовтың Наурызбай батырды жоққа шығаруға тырысуы5Сілтемелер6Дереккөздер7Сыртқы сілтемелерКарл Миллер күнделігі

Наурызбай батырдың өмірінің бір сәті Ресей патшалығының 1742 жылы күзде жоңғар қонтайшысы Қалдан Серенге жіберген елшісі Карл Миллердің күнделігінде сақталған. 1742 жылы 6 қыркүйектің кешінде Карл Миллер Қарасу өзенінен өтіп, ертеңіне түске жуық Ұлы жүздің Өтеміс деген батырының ауылына келеді. Қасында Әбілқайыр ханның ұлы Ералы сұлтан бастаған топ пен жоңғардың қазақтарға келген екі жаушысы Қашқа мен Бурун болады. 16 қыркүйекте Ресей елшісі осы тобымен Шапырашты Наурызбай батырдың ауылына ат басын тірейді.

Батыр орыс елшісінің қайдан келе жатқанын, қайда баратынын, не мақсатпен жүргенін, сапарға кімнің жібергенін сұрап, аулына келген жолаушылар тұралы толық білгісі келеді. Карл Миллер Ресей патшасының жарлығы бойынша Орынбордан генерал Неплюевтен Қалдан Серенге хат алып келе жатқанын, онда жоңғарлардың қазақтарға шабуылын тоқтатуы тұралы ақ патшаның талабы жазылғанын баяндайды. Ресей елшісінен Наурызбай батыр Неплюевтің Қалдан Серенге жазған хатын өзіне оқытуды талап етеді. Бұл талапқа байланысты К.Миллер хаттың мөрленген жабық қағазда екенін, оны бұзуға болмайтындығын айтқанда, Наурызбай былай деген екен: — Сенің айтқан сөзіңе сенейін бе, жоқ бастығыңның жазған хатына сенейін бе? Хатталмаған сөзіңе, оқымаған хатыңа қалай сенуге болады?

 

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Слова апа, əже жіктік жалғау в ед.ч и в мн. ч.
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

oksanamalakhova004610
vasearu
taanaami75
Алена-Петрова285
Татьяна_Полулях
luxoutlet
lenskiy
Gor Anatolevich
Ekaterina1654
Александр734
turovskaya69
Игоревна Худанов1150
eeirikh
astahova
Oslopova