Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз үғым қалыптаскан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы - Көкшетау», «Жер жаннаты - Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген.
Сондықтан орман-тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген.
«Су ішкен құдығыңа түкірме»
«Бұлақ көрсең, көзін аш»
деп, жас ұрпақтың бойына табиғатты қорғаудың тәрбиесін сіңірген.
Табиғатта үздіксіз өзгерістер болып жатады. Мысалы, жанартаудың атқылауы , найзағайдың жарқылы, судың мұзға айналуы сияқты құбылыстар табиғаттағы өзгерістерді көрсетеді.
Аспан денелерінің қозғалысы, гүлдердің шешек атуы, ағаштың жайкалып өсуі, өзеннің тасуы немесе көлдердің тартылып суалуы - осылардың барлығы да қоршаған ортадағы өзгерістер.
Sun closed by the moon.jpg
Әлемде орын алатын сан алуан өзгерістер табиғат құбылыстары деп аталады.
Табиғат қүбылыстары бір-бірімен тығыз байланысты. Оларды физика, астрономия, география, геология, биология, химия сияқты ғылымдар зерттейді. Әр ғылымның табиғатты зерттеуде өз мақсаты мен міндеті бар. Мысалы, физика негізінен механикалық қозғалысты, жылу, электр, жарық құбылыстарын зерттейді. Физика ғылымы зерттейтін табиғат құбылыстары физикалық құбылыстар деп аталады.
Физика басқа да жаратылыстану ғылымдарымен өзара тығыз байланыста болады. Мәселен, географияда физика заңдарын өзендердің қалай ағатынын, желдің қалай пайда болатынын түсіндіру үшін қолданады.
Киім кию мәдениеті Адамның сыртқы бейнесі оның ішкі дүниесінен хабар береді. Өзін ортасына сай, мәдениетті, Сыпайы ұстаған, айналасына сыйласымды қарым-қатынаста болған адамның ішкі дүниесі де әдемі болады. Ішкі менениет адамның қоғамда өзін ұстауы мен киім киісі аркылы да көрінеді. Адам өзінің сыртқы бейнесімен де калында өнеге көрсетуі керек. Қонымды ним кию әдебі — адамдардың аныл-ойы, эстетикалық талғамы мен енбегінің жемісі. Адам ортасына қарай киім таңдайды. Тойға ниетін киімді Инсумысқа киіп бармайды, «Киіміне карап карсы алады, акылына карап шығарып салады» деген накыл бар. Адам туралы алғашкы пікір оның сыртқы бейнесіне байланысты туатыны рас. Бірақ, «кымбат киім киген адам ғана жақсы болып көрінеді» деген ой тумауы керек. Бул жерде бойға қонымды, үйлесімді, жинақы киім туралы айтылып тұр. Киім адамның болмысын, ерекшелігін көрсетеді. Киім нейде адамның мәртебесін көтереді, кейде адамды әдепсіз етіп көрсетеді, кейде талғамсыз етіп көрсетеді. Жарасымды, онымды киім киген адам қашан да ез-өзіне сенімді болып көрінеді. Киім адамды суықтан, ыстықтан, жауын-шашыннан қорғайды Киіміне қарап адамның жасын, жынысын, қайда жұмыс істейтінін білуге болады. Тігіншілер мен дизайнерлер жылда мыңдаған киім үлгісін ойлап шығарады. Соның арқасында ар адам өзінің даралығын сақтайды, басқа адамдармен біркелкі болмауына мүмкіндік туады. Киімнің түрі көп болса, әр адамның өзіне тән стиль таңдауына мүмкіндік туады. Стиль әр адамның мінезі мен қызығушылығына байланысты болады
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Коптик жалгау жалганбайтын создерден матин курау)