kampina1
?>

Составьте предложения : (по одному на каждое словосочетание) есеп айырысу, төлемақы төлеу , есептеу , түбіртек толтыру , ысырап ету , ысырап етпеу

Казахский язык

Ответы

kot271104

Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құрастыру.

Көп мекемелерде әр айдың аяғында есеп айырысу жүргізіледі.

Менің ағама ай сайын үстеме жұмыс үшін төлемақы төленеді.  

Осы аптада қанша ақша жұмсағанымды есептеу үшін маған калькулятор қажет.

Басқа қалада тұратын сіңліме ақша аудару үшін банкте түбіртек толтыруға тура келді.

Отбасымызбен барлығымыз жиналып ас ішкен кездері атам үнемі «тамақты ысырап етуге болмайды» деп айтып отырады.

Сондықтан тамақты ысырап етпеу үшін үнемдеп жасап, барлығын тауысып жеп қою керек.

vetrov1

Байлық пен кедейлік.

Байлықты тек қана ақшамен байланыстырған, менің ойымша, дұрыс емес. Себебі байлықтың бірнеше түрі бар: адами байлық (ата - ана, бала, туыс); материалдық: ақша, дүние – мүлік, үй; табиғи: өсімдік, мұнай, күн, су, жан – жануар, таза ауа, тау, кен орындары және рухани байлық: денсаулық, туған ел, туған жер, білім, өмір. Сондықтан тек материалдық байлықты маңызды санамай, адам өміріндегі денсаулық, уақыт, туыс, Отан сияқты қастерлі ұғымдарды бағалай білу керек деп есептеймін.  Ата - әжелеріміз "ақша - су, бүгін бар, ертең жоқ" демекші, ақша тез жұмсалып кетеді.

Мысалға, мен өзімді бай адам есептеймін. Себебі, менің денсаулығым жақсы, ата - анам мен бауырларым, туыстарым жанымда, қалаған оқу орнымда оқып, білім алып жатырмын.

Сонымен қатар бұл тұрғыда кедейлікті де тек ақшаның жоқтығы деп санамаған жөн. Себебі ойы таяз, білімі жоқ, туыс - туғандарымен қарым - қатынасы нашар адам нағыз кедей деп есептеймін, өйткені ол бұл қысқа ғана өмірде нағыз байлықтың не екенін түсінбей өзін - өзі кедей етіп жүр деп ойлаймын.

Сондықтан қазіргі жастарға, яғни өз құрбы - құрдастарыма айтарым: денсаулыққа немқұрайлы қарамай, білімге құштар болу керек. Себебі Білім - ешқашан жойылмайтын инвестиция. Оған салған барлық қаржы он, тіпті жүз есе болып қайтады. Осы білімнің арқасында болашақта материалдық байлыққа да қол жеткізуге болады.

N-odes-art-school410

Ұзындығы 2450 км (Қазақстандағы ұзындығы 1400 км). Дүние жүзінде екінші реттегі ең ұзын сала саналады. Су жиналатын алабы 177 мың км2. Өзеннің бастауынан сағасына дейінгі құлау еңістігі 513 м, әр 1 км-дегі еңістігі 21 см. Негізінен қар суымен (80%-дайы) толығады. Көктемде су деңгейі көтеріліп (ең жоғарғы деңгейі сәуірдің үшінші онкүндігінде байқалады), су тасқыны болып тұрады. Шілденің ортасында су деңгейі төмендеп, үшінші онкүндігінің басында сабасына түседі. Су мол жылдары Петропавл бөгені бьефіндегі нөлдік график деңгейінен 10-11 м жоғары көтеріледі.

Есіл суын бақылау кезінде 1937 жылы оның арнасы құрғап қалғаны тіркелген. Ал 1936-1939 және 1986 жылдары түбіне дейін қатып қалған. Өзеннің орташа жылдық ағымы 2,5 км3. Мұз қату қарашаның екінші жартысында басталады да оның ұзақтығы 5 айға созылады.

Есіл минералдылығы жоғары өзендерге жатады. Оған негізгі себеп - оның су жинайтын алабының құрғақ өңірде жатуынан және жер асты суларының тұздылығы саналады. Жалпы минералдануы 500-800 мг/л, сабасының төменгі кезінде 1200 мг/л-ге жетеді. Суы кермек татиды.

1960 жылдан бастап өзен суын реттеп отыру үшін Вячеслав, Сергеев және Петропавл бөгендері салынған.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Составьте предложения : (по одному на каждое словосочетание) есеп айырысу, төлемақы төлеу , есептеу , түбіртек толтыру , ысырап ету , ысырап етпеу
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

ribcage52
ghjcnjtyjn64
borisowaew
jenn055
alex07071
a800000
Иванович
ovdei71
Probitbiz6
kifstd
Маргарита595
kogakinoa
ashkiperova6
maroseyka
rashodnikoff