Қыз бала — ұлттың ұяты, халықтың шырайы
Бала тәрбиесi – игiлiктi iс. Берерi де, сұрауы да, жемiсi де мол тәрбие саласының ең өзектiсi.Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікке тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқаратыны белгілі.
Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі.Бүгінгі қыз –ертеңгі ана,ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім,тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата –ана және қоғам.
Шығарма.
Бағдарламашы.
Бағдарламашы - компьютерге бағдарламалар жазатын адамдар, яғни ғылыми тілмен айтсақ, компьютер программалау тілінде «шығарма» жазатын, болмыстағы мәселелерді компьютер тілінде бейнелей алатын, әрі компьютерді адамдар үшін мүлтіксіз жұмыс жүргізуге бұйрық бере алатын адам.
Бағдарламашылардың жұмыстары программалау (бағдарлау) тіліне байланысты әр түрлі болып келеді.
Соңғы кездері техника мен ғаламтордың дамып, өркендеуіне байланысты бұл мамандық иелері аса үлкен сұранысқа ие болып отыр.
Әртүрлі бағдарламалау тілінде табуға болатын табыс көлемі көбіне бағдарламалау тіліне емес, осы бағдарламалау тілін қаншалықты жақсы білетіндігіңізге байланысты. Бағдарламашылардың дәрежесін бастапқы дәреже, орташа және жоғары дәреже деп бөліп қарастыруға болады. Бұл дәрежелер сіздің атқарған жұмыстарыңыз, біліміңіз бен кәсіби тәжірибеңізге сай жоғарылап отырады.
Қазіргі уақытта ең көп сұраныстарға ие бағдарламалаушылардың бірі ол web бағдарламашылары. Қазіргі уақытта әр-түрлі компаниялар, оқу орындары, сауықтыру кешендері, т.б. түрлі салада жұмыс жасайтын ұйымдар өз веб-сайттары болғанын қалайды. Осыған байланысты сол веб-сайттарды жасауды ұсынатын компаниялардың да саны көбейіп келеді. Сәйкесінше, бұл компаниялар өз кезегінде осы бағдарламалау тілін білетін жұмысшыларды қабылдап отырады. Бұл саланың қолданылу аясы өте кең. Сондықтан, мамандар тапшылығы байқалады.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Кірдік, есіктен, екеуіміз, алдынғы, ішке, анам