Орхон-Енисей ескерткіштері алғаш Орхон өзені бойынан (Екінші түркі қағандығы кезі) табылды, кейін Енисей өзенінің жоғарғы ағысында (Қырғыз қағандығы). Кейде руник жазбасы дейді, алман руналарынынан жанасым тауып (кейбір нышандар кескіні дәл келіп тұр, дауысты мағынасы да жақын). Азиялық түркі руналары соғды жазуының негізінде VIII ғ. бұрын жасалған деп есептеледі. Оның әліпбиінде 40-қа жуық графема бар. Көне түркі руника жазуы ерекшелігі - онда негізгі велярлық және палаталдық дауыссыздарға арналған бірнеше жұп дербес әріптер бар. Көне түркі руника жазуы жұмбағын 1893 жылы В. Томсен шешкен. Орхон ескерткіштерінің тұңғыш тәржімаларын 1894 жылы В.В. Радлов жасаған.[1]
Объяснение:
Әкенің қанымен, ананың сүтімен дарыған тілде адамға керекті рухани дәруменнің барлығы бар. «Ұлттың тілі – ұлттың ділі» демекші, тіл адамды ата-бабасының руханиятымен тікелей байланыстырып тұрады. Қазақтың тілі – ата дін Исламның мазмұнын бойында толығымен қамтиды. Ана тілін білмейтін қазақ мұсылманшылықты түсінуде көптеген кедергілерге тап болуының басты себебі де осында. Қала берсе, жат ағымның оңай олжасына айналуы да ана тіліне деген шорқақтықтың салдары. Қазақи әдеп-ғұрыпты бидғат, Исламға қайшы деген қате пікір айтушылардың да басым көпшілігі ана тілінен алыс орыс тілді жастар. Жүсіпбек Аймауытов: «Ана тілін жақсы меңгеріп алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес. Ана тілі жүректің терең сырларын, халықтың басынан кешкен дәуірлерін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын қазына», – деп тектен тек айтпаған. «Даудың басы Дайрабайдың сиыры» демекші, мәселе тілде жатыр. Қазақша сөйлемейтін қара көз қандасымыз екі бірдей құндылық: мұсылманшылықтан да, қазақи болмыстан да кенжелейді. Қазақ тілін білмей ұлтжандымын, отансүйгіш азаматпын деу артық сөз. Өйткені, адам қай тілде сөйлесе, сол тілде ғана ойлана алады. Мысалыға, «таң азанмен, азанмен тұрып» деген сөз мұсылманның таңы азан айтып, құлшылық етумен басталатындығын, «сәресімді ішпедім, оразамды ашпадым», деген сөз иманды жанның асы сәресі екенін айтпаса да түсінікті. «Құдайсыз құрай да сынбайды», «жалғыздық Жаратқанға жарасқан» сынды тіркестерді орысшаға аударуға болады, бірақ оның түп мағынасынан біршама алшақтап кетесіз. Имандылықпен астасып жатқан осы сияқты тіркестерді аудармай қаз қалпында түсінгенде ғана шынайы мән-мағынасын ұғынуға болады. Ал, шыдамдылық пен төзімділік бір басқа, сабырлық бір басқа. Алғыс бөлек, шүкіршілік бөлек. Шынайылық бір басқа, ықылас бір басқа. Аударғанда бұл сөздердің нәзік тұсын ескеріп өту қиынға соғады. Сабырлық, шүкіршілік, ықыласты тәржімасыз түсінгенде ғана нағыз мағынасын пайымдауға болады. Себебі, аударма мұндай сөздердің біршама өңін қашырады. Махмұд Қашқаридың «Тәрбие басы — тіл»,-деген ойының айтпағы да осында болса керек. Тіл – ұлттың күретамыры. Ұлттың өн бойына нәр беретін күші. Тілі – тұтас халықтың ділі мен діні – тұтас. Жері мен елі – тұтас келеді.
Ұлт зиялысы Ахмет Байтұрсынов «Ұлттың сақталуы мен жоғалуына да себеп болатын – халықтың өзі. Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады»,-деп кесіп айтқан.
Ал, тілді сақтаушы да жасаушы – халықтың өзі. Ана тіліміз бізге қызмет ету үшін, біз оны көздің қарашығындай қорғай білуіміз қажет-ақ. Құран Кәрімдегі: «Біз әрбір Елшіні, анық түсіндіруі үшін өз елінің тілімен жібердік…[1]»,-деген иләһи үкім тілдің халық өміріндегі маңызы қаншалықты жоғары екенін аңғартады. Түйін сөз, әрбір қазақ қазақпен тек қазақша сөйлессін.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Енбек, жантаю, кию, миуа, кию создерди дыбыстык талдау жаса,