Ақиқатқа көзім жете жете, басында философ болғым келген, одан кейін ішімдегі толқындар тулап, ақындық қасиет дарып, ақын болам ба дегем. Одан политик, одан кейін әзірге белгісіз. Жалпы спортқа жақын баламын, футбол ойнасам бір желіп шығып қалады, әсіресе финт жасап гол салған. Жалпы футболист болғым келген. Бірақ күш білекте емес, білімде. Әсіресе бұл заманда білім деген сауытың болмаса, мен сол дінін уағыздап шала, мақау молданың, теледидардағы ұзынқұлақтардың арбауына түсетін едім. Жалпы ғылым атаулының бәрі де жақсы. Шүкір өмірге көзқарасым, философиям мықты. Саралап келгенде кім болғым келеді? Ұлт жанашыры, қазақтың атын әлемге паш етіп, Отан үшін отқа түсіп, көзісоқырлардың көзін ашатын ағартушы болсам болғаны
Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер[1], либералды көзқарасын исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.[2]
Ана айтқанындай, шынында, бұлардың ішінде Ырғызбай ортасынан оза шауып, ел басқарған. Ырғызбайдан Үркер, Мырзатай, Жортар, Өскенбай тарайды. Өскенбай шаруаға жайлы, билікке әділ кісі болғандықтан, “Ісің адал болса Өскенбайга бар,арам болса Ералыға бар” деген мәтел сөз қалған.Өскенбайдың әйелі Зереден Құнанбай туады.
Құнанбай 4 әйел алған адам. Оның бәйбішесі Күңкеден – Кұдайберді, інісі Құттымұхамбетке айттырылып, қалыңдық кезінде жесір қалған соң өзі алған екінші әйелі: Ұлжаннан – Тәңірберді (Тәкежан), Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан, үшінші әйелі Айғыздан – Халиулла, Ысмағұл туады. Қартайған шағында үйленген ең кіші әйелі Нұрғанымнан ұрпақ жоқ. Абайдің “ Атадан алтау, анадан төртеу едім дейтіні осыдан. Болашақ ақын сабырлы мінезімен, кең пейілімен ел анасы атанған “кәрі әжесі” Зеренің таусылмайтын мол қазынадай аңыз ертегілерін естіп, абысын-ажынға жайлы, мінезі көнтерлі, әзіл-қалжыңга шебер, жөн-жобага жетік өз анасы Ұлжанның тәрбиесінде өсті. Абай әуелі ауылдағы Ғабитхан молдадан сауатын ашады да, 10 жасқа толған соң 3 жыл Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды. Бұл медреседе араб, парсы тілдерінде, негізінен, дін сабағы жүргізілетін еді.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Сочинение на казахском про золотую рыбку