АУЫЛ-АТАМЕКЕН ПЕРНЕСІБұл сөзіме сенбе менің мейлің, сен мейлің,Сен тұрғанда сембеймін де, сөнбеймін!Бақытыңды таба алмасаң сүюден,Басқа тапқан Бақытыңа сенбеймін!Бұл сөзіме сенбе менің мейлің, сен мейлің,Отан барда сембеймін де, сөнбеймін.Туған жерден таба алмасаң қасиет,Басқа тапқан қасиетіңе сенбеймін!***Кентті жерде қонақ үй тәртіп десек,Жібермейді ауыл да мәртікке есе…Әрбір үйде он-он бес артық сейсеп,Әрбір үйде он-он бес артық төсек.Күн бата кел, кел тіпті түнде, мейлі.Маңғаз төбет мынауың кім демейді.Бірін жұмып көзінің, бірін ашып,Қарайды да қояды, үндемейді.Ажарында аунақшып күн шуағы,Ағайындар мейман деп құлшынады,Аңқылдаған ақ көңіл ақ самаурынҚонағыңмен бір кіріп, бір шығады.***Жанарында жылтылдап назар шуақ,Жырақ кетсең, жүргенің азар шыдап.Бүкіл ауыл атынанЖексенбідеБір-ақ адам келеді базаршылап.Ойын-тойын,Сауығын жыр басқарған,Қалжың ғана естисің құрдастардан.Бір-ақ қазан қайнайды екі үй үшін,Екі үй үшін келеді бір дастархан.Күндіз-түні жаппайды ел есігін.Көршілердің қылығын елесін кім.Бір әжейдің кебісіБір әжейдіңАяғында жүреді келесі күн.Тату ауыл бөліскен малтасын да,Бір ұстайды арасын,Балтасын да.Бір атайдың шақшасыБір атайдыңКетіп қала береді қалтасында.Бар маңайды көлеңке-күңгірт қамап.Бірте-бірте түседі ымырт-қабақБір жеңшейдің тауығыБір жеңгейдіңҚорасына келеді жұмыртқалап.***Қабат-қабат бұлт төнсе де басыңа,Қабағыңды шытпа, жігіт, жасыма!Біз шегінсек,Біз жеңілсек,БіздердіБайқап тұрып,Не істемекші жас ұлан?!От ішінде,Өрт ішінде күйгенде,Басыңды име,Тізе бүкпе,Именбе!Ер еңкейсе еңкейедіЖалғыз-ақТуған жердің топырағын сүйгенде!***Адам емес сияқты мақұлық-аң,Ақсап басқан біреулер ақылынан.Алысынан біреулер пайда тауып,Азап шегіп жүр біреу жақынынан.Оған қонбай,Бас құсы саған қонса,Басқа түгіл,Көрмейді ағаң да онша…Сайтан жайлы аңыздар туар ма едіАдамдардың бәрі деАдам болса!***Дұшпанға мені балама,Мұқату іздеп сезімнен.Адам боп туу – анадан,Айуан боп кету – өзіңнен.***Тағдыр мұны тілемесін, тілесін,Достық болды менің үлкен үлесім.Бұл өмірде маған ненің керегінМенен гөрі өзің жақсы білесің.***Ажыратар алыс пенен жақынынӘжептәуір бар еді ғой ақылың.Аяқ асты шыға келдің құбылып,Арғымаққа тиген бойда-ақ тақымың.Аш қасқырың жатыр екен тар інде,Қасқыр үшін сәбиің не,Кәрің не?!Енді қазірБұрын жетіп басқаданЕлден бұрын алсам дейсің бәрін де.Көрмеп едім бұрын мұндай күйінде,Сөз болмайтын сән-салтанат,Киім де.Дүниенің ең жақсысыБүгіндеБолса дейсің менің ғана үйімде.Өмірді ешкім ұғып біткен жоқ әлі,Артық кетсем менде жырдың обалы.Тойға барсаң,Соңғы кезде байқаймын,Отыруға ұмтыласың жоғары.Осы сынды мен өзіңе арнайын.Өлеңге өріс болар ой да тұр дайын.Жұмыс орныңӨмірдегі орныңаТура келе бермес бірақ әрдайым!Шын шешенсің,Егер тілден бал тамса.Дей бер онда:Мен сайрайын,Ал тамсан!Жұрттан бұрын сөйлерсің-ау сөйлеуін,Жұрт айтпаған ойды содан айта алсаң!Бір қанағат болу керек адамда.Мінез жатыр басқан әрбір қадамда.Өзін-өзі тапқан адам – бақытты,Жоғалтпаған – бақыттырақ одан да!
Mikhailovich_Viktoriya
28.02.2022
Ана жайлы ойыңды, айтып тауса алу мүмкін емес. Әркімнің өз анасына деген махаббаты шексіз. Мен де анамның маған сыйлаған мәнді өмірі үшін алғысымды айта отырып, өз ойымды аз да болса жеткізгім келеді. Ана! Ана! Ана! «Ана» дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ. Осы үш қана әріптен тұратын «ана» сөзінің астарында ұшан теңіз ой жатыр. Ана — әрбір а үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. А алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. Адамның аузынан шығатын ең алғаш сөзі де – «ана». Міржақып Дулатов ағамыз айтқандай, бізді сүйетұғын, күйетұғын, әрқашан қамымызды ойлап жүретұғын абзал жанды адам, бұл – ана. Алдыңа қойған мақсатыңа жетуің үшін ана жанын қиюға да дайын. Ана баласының үлгілі азамат боп өсуі үшін бар күшін салып, тер төгеді. Ананың махаббатына, құдіретіне тамсанған талай ақын әнін арнап, жырын жазып, талай жазушы қалам тербеген. «Анаңды меккеге үш арқалап барсаң да, қарызын өтей алмайсың» деген дана қазақ халқы. Шынында да, осыншама қиналып, көз жасын төге жүріп, бізді өсірген анаңа қолыңнан келгеніңнің бәрін істесең де, оның бәрі анаңның түн ұйқысын төрт бөлген бір күніндей ғана. Өз парызыңды өтеу, бұл – ана алдындағы парызды өтеу.Қаншама байлық иесі болсаң да, әлемге әйгілі адам болсаң да, анаңды, оның саған жасаған жақсылығын ұмытпау – сенің өмір бойындағы борышың. Қай адам қолынан келген сый – құрметін жасамады десеңші, шіркін! Бірақ соның бәрі анаңның бір ауыз жылы сөзіне де жетпейді. Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың қызығы – ананың қолында. Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді. Қорыта айтқанда, барлық адам ана алдындағы парызын өтеп, ақ сүтін ақтап, ананың шашына ақ түсірмей, тек осы киелі жандардың бақытты болуын ойлау керек. Себебі ең бақытты адам – анасы бар адам. Жер бетіне жақсылық нұрын себетін аналарымыз аман болсын!
galereyaas1568
28.02.2022
Мектеп – балаларды бүлдіршін кезінен бастап, есейіп ер жеткенге дейін білім нәрімен сусындатар алтын ордамыз. Мектеп табалдырығына алғаш қадам басқан соң, жылы шыраймен қарсы алатын, анандай тәрбиелейтін ұстазды көресің.Қазақтың: «Мектеп –кеме, білім- теңіз» сынды мақалы бекер айтылмаса керек. Себебі сенің «МЕКТЕП» атты кемең қай жерге дейін сені жетелесе, сен де сол жерге дейін барып биік шындардан көрінерін анық. Мектеп... Бұл сөзде қаншама мағына жатыр десеңші! Ойын қуып жүріп, он бір жылдың қалай өткенін білмей де қалыппын. Артқа қарап, өткенді есіме алсам, балалық шағымның балдай тәтті кездерін көремін. Әлі де есімде... Мектеп табалдырығын аттаған кезде мен тым кішкентай болсам да, бәрі де көз алдымда тіпті кеше ғана болған сияқты. Қолымда бір шоқ гүл, жанымда ата-анам, туған-туысқандарым. Мектептің жанында толған адамдар, мұғалімдер. Өзің сияқты кішкентай қыздар мен ұлдарды көріп, таңқалған едім. Сол кезде ата-анам маған: «Сен мектепте жалғыз оқымайсың. Көрдің бе, сен сияқты балалар қандай көп, солардың ішінен сен өзіңе өте адал дос табуға тырыс», - деп атқан еді. Содан соң алғашқы ұстазымды көрдім. Осы кезден бастап мен ұстазымның арқасында мектеп туралы, мектептің не екенін, оның қандай мағына беретінін ақырындап түсіне бастадым. Сөйтіп айлар, жылдар өтті... Достарыммен болашаққа жоспар құрып жүрген кезде соңғы қоңырау да соғылды. Не қуанарыңды, не жыларыңды білмейсің. Жүрегіңде бір қорқыныш сезімі бар сияқты. Өзіңе-өзің мыңдаған сұрақтар қоясың. Ал, міне, мектепті бітірдім, енді кім боламын? Болашағым қандай болады? Қандай мамандық иесі боламын? Осы және де басқа сұрақтар мазалап еді. Ал қазір мен бұл сұрақтарға сенімді түрде жауап бере аламын. Өйткені мен Инновациялық Еуразия университетінің студентімін. Өзіммен өзім мақтанамын. Және де мектептегі ұстаздарымның болашақта мен үшін мақтанғанын қалаймын! Бұл үшін мен қолымнан келетіннің бәрін істеуім керек. Мектептен алған білімдерімді, тәрбиемді болашақта тиімді пайдаланып, үлкен нәтижеге жетемін деп ойлаймын.