Levinalx4938
?>

Сочинение на казахском языке на тему ұстаз.

Казахский язык

Ответы

Васильевичь Виктория457
Ұстаз - жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсырытын сенімді өкілі. олар сол сенімді ақтай отырып, зеделі де зерек, парасатты, ұлттық және қ құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуде. қазақ мектебінің болашағы туралы м.жұмабаев «әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты»деп айтып кеткенде тәуелсіз қазақстан республикасының тарихи әлеуметтік, мәдени рухани ға, қоғамдық өмір мен ұлттық мектепті қалыптастыруда ұстаздардың еңбегі зор. жалпы , ұстаздардың еңбегін тек оқушылар ғана бағаламаған, олардың алдында ұлы жазушыларда бас иген. сонымен қатар өздерінің өлең жырларына қосып жырлап жүрген.
olgavlad199

Әр халықтың өзіне тән музыкалық өнері бар. Қазақ халық музыкасы ерте заманнан атадан балаға мирас болып келе жатыр. Қазақ әндерімен аспапқа жазылған шығармалары түрі мен мазмұны жағынан өте бай, әрі сан алуан болып келгендіктен, жаңа заман кезінде кешікпей кәсіби хор ән, би ансамблі, опера, халық аспаптар оркестрі өнерлерінің пайда болуына тікелей көмектесті. Ұлттық әншілік өнердің дамуы ХІХ ғасырда сал, серіліктің қалыптасып, қанат жаюымен тығыз байланысты. Ал аспаптық өнер халқымыздың бойына сіңірген қасиеті, ерте заманнан қалыптасып біздің заманымызға дейін келіп жетті. Бұған дәлел Қорқыт, Ықылас, Құрманғазы, Дина шығармалары.

Эстрадалық музыка вокалдық аспаптардың орындауындағы шығарма және сол аспаптардың сүйемелдеуінде айтылатын ән.

superbalsa

Әрбір халықтың тарихи өмірінде қол жеткізген ең құнды дүниелері – рухани және адами қасиеттері, моральдық нормалары, ұлттық құндылықтары бар. Ұлттық құндылықтар – қандай да бір этникалық қауым өкілдерінің өзіндік тарихи көрінісі бар рухани мұраттарының жиынтығы. Ұлттық құндылықтардың әрбір халықтың өмірінде алатын орны өзгеше екені белгілі. Сондықтан да әрбір жаңа ұрпақ үшін мәнді тәрбие – ұлттық тұрғыдағы тәрбие үлгісі болып табылады. Өйткені, мұнда тәрбиенің негізі ғасырлар бойы қалыптасып келген асыл рухани құндылықтар және биік ізеттілік пен моралдық тұрғысындағы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жататын, адамның адамдық қасиетін нығайтып әрі асылдандыра түсетін, халықтың даналық өмір–салтынан туындап отыратын бұлжымас ережелер мен қағидалар құрайды. Қазақы дүниетаным, ақыл-ой, тағылымдық ұлағат ғасырлар бойы шыңдалып қалыптасты. Сол сан ғасырлық ұлттық тәрбиенің негіздерін бір арнаға түсіріп тәрбие мәселесінде пайдалану бүгінгі таңда күн тәртібінде тұрған ең басты қажеттілік деп білемін. Ұлттық отаншылдықты қалыптастыруда ата-бабаларымыздың ұлағатты ойлары мен тәлімдік тәрбиесінің атқаратын орны ерекше. Осы жерде қазақ халқының ұлы ақыны, ғалым М. Жұмабаевтың мына сөзі ойға оралады: «Ұлт тәрбиесі – баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиіс. Және әр ұлттың баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесі мен тәрбие қылуға міндетті». Бала тәрбиесінің ұлттық сипатта болуына ерекше мән беру керектігін атап өтеді. Ал ұлттық сипат – сол ұлт тарихының таңбасы. Қазақтың ұлттық құндылықтарын жаңғырту бүгінгі мемлекеттен өзінің ішкі және сыртқы саясатын ұлттық сипатта жүргізуді талап етеді. Қазақи рухы биік ұлттық идеяның қалыптасуында ұлттық құндылықтардың маңызы зор. Ұлттық тәрбие туралы идея бүгінгі күн талабы мен өмірлік қажеттіліктен туындап отыр. Ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын, ұлттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын толық кемелді, ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу ұлттық идеяның негізгі бағыты болып табылады. Ұлттық идея – қазақ халқы тудырған моральдық нормаларда және ұлттық құндылықтарда бекітілген патриоттық тәжірибені меңгеру, ұлттық этномәдени дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды тану, тарихты құрметтеу арқылы іске асырылады.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Сочинение на казахском языке на тему ұстаз.
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*