mlf26
?>

Нужно написать рецепт плова на казахском языке расписанный полностью огромное за

Казахский язык

Ответы

serzhs869

Палау пісіру.

Керекті азық – түлік: қой немесе сиыр еті (мөлшермен 300 гр.), 2 орташа сәбіз, 2 орташа пияз (жуа), 2 кесе (пиала) күріш, 4 – 5 ас қасық сұйық май, татымына қарай тұз. Үстіне қалауыңыз бойынша аскөк немесе көк жуа турап, салуға болады.

Ең алдымен қазанға майды құйып қыздырып, май қызғаннан кейін ортасынан жұқалап туралған пиязды салып қуырамыз. Пияз қуырылғанша, сәбізді ұзыншалап турап, пиязбен қосып қуырамыз. Одан кейін орташа кесектеліп туралған етті қосып барлығын жақсылап 10 – 15 минут шамасында қуырып аламыз.   Барлығы қуырылып болған соң үстінен бір кеседей қайнаған су құйып, татымына қарай тұз салыпбір қайнатып аламыз. Қайнағаннан кейін алдын ала жуылған күрішті салып, үстінен күріш батып тұратындай су құйып (шамамен 2 – 2,5 кесе), қатты отты қосып қайнатамыз. Қайнаған соң астын басып, ақырын жай отта 35 минут шамасында бетін жауып, араластырмай, пісіреміз.

Палауымыз дайын болғанда үлкендеу ыдысқа салып, үстінен аскөк не болмаса көк жуаны майдалап тураймыз.

Палау Орта Азияда ең танымал тағам болып саналады. Және оның дайындау тәсілдері де әр түрлі. Әр аспаздың палау әзірлеуде өзіндік құпиялары болады. Мен біздің үйде дайындалатын палаудың рецептін жаздым.

Мен үшін анамның әзірлеген палауы – ең дәмді. Әдетте анам палауды қой етімен дайындап, оған сәбіз бен жуа турап, тұздан басқа ешқандай дәмдеуіштер қоспайды.

marver201040
Табиғат жаратылысы өзіне тән жыл он екі ай төрт мезгілмен ұштасады. Әр мезгіл өз сұлулығымен таңдай қақтырарлықтай. Мысалы қыс - мамықтай жұмсақ, кіршіксіз таза көңілдей аппақ қарымен көрікті болса, ал көктемде жылғалардан су ағып, өсімдік атауы бүршік атып, ағаштар ақ гүлден моншақ тағынады, төрт-түлікте төлдеп тіршілікке жан бітеді. Айналасын жасыл кілемге төсеп дала біткенді суға жүгіртіп, қарынын үзілген жеміске тойдырған жаз да бар. Ал мен үшін орыны бөлек, жаныма жақын - күз мезгілі. Иә, көне шаһар төріне өзімнің басқа маусымдарға ұқсамайтын келбетімен күз де келіп жетті. Сары жапырақ қоңыр салқын ауа-райы, жабырқаулы көңіл-күй, қара суық жер күзге тән қасиет. Мектепке асыққан бала, қоймасын астыққа толтырған диқаншы, қыс азығын жинаған шаруа, еңбекпен біте қайнасқан тірлік күз мезгіліндегі қызықты жайттар. Сондықтан күз - молшылықтың, байлықтың, берекенің мезгілі болып саналады.  
Sinelnikov1650

можно лучший ответ

Объяснение:

Астана – мәдениет пен өнер ордасы Астана қаласы – 1998 жылдан бастап мемлекетіміздің әкімшілік-саяси орталығы. Сонымен қатар мәдениет пен өнер, білім мен ғылым, озық технологиясы уақыт талабына сай дамыған қала. Астанада Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театры, М.Горький атындағы орыс драма театры, Тәуелсіздік сарайы, Бейбітшілік және келісім сарайы, Президенттік мәдени орталық, Конгресс-холл, «Жастар» сарайы, «Қазақстан» концерт залы, қалалық филармония және баса да бірсыпыра мәдениет ошақтары бар. Елордамызда көптеген жоғары оқу орындары мен колледждер, мектептер мен балабақшалар, балалар 53 қалашықтары бар. Еліміздің бас қаласында спорттың дамуына да үлкен мән берілуде.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Нужно написать рецепт плова на казахском языке расписанный полностью огромное за
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

Vladmouse32506
Баринова
sergeychelyshev197618
snow8646
Викторович
Гарик383
lihacheva
pavtrusov
moonligh3560
YuREVICh646
valera850515
kuharchuks
best00
vshumilov
homeo85