Осыдан 71 жыл бұрын, дәл осы күні таң қылаң бере фашистік Германия Кеңестік Социалистік Республикалар Одағына шабуыл жасады.
Соғысты бірінші болып қарсы алғандардың қатарында Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен ондаған мың қазақстандық-шекарашылар болды. Атақты Брест гарнизонының өзінде 1941 жылдың көктемінде біздің 3 мыңдай жерлесіміз қызмет еткен, шілде айында олардың көпшілігі әскерден елге қайтулары керек болған. Бірақ жаудың шабуылы олардың бұл жоспарларын күл-талқан етті. Соғыс өрті ішке қарай тез еніп, Брест қамалының тірі қалған қорғаушылары партизандар қозғалысына қосылды. Олардың қатарында 190 қазақстандық болған және олардың көбісінің сүйегі беларусь жерінде қалған.
Қазақтың ұлттық ойындарының терең тәрбиелік, әскери-спорттық, салт-дәстүрлік, өзара қарым-қатынастық және көркем-эстетикалық сипаты бар. Ұлттық ойындар дене шынықтыру, жастардың ақыл-ой қабілетін арттыру сияқты міндеттер атқарған.
Балалардың ең көп тараған ойыны — айгөлек. Ежелден бар ойындардың бірі - ақсүйек. Бозбалалар мен жігіттердің ойыны аударыспақ кезінде олар екі-екіден ортадағы алаңға шығып, бірін-бірі ат үстінен аударып түсіру үшін күш сынасады. Әбжілдік пен төзімділікке тәрбиелейтін ойынның бірі ат үстінде шауып келе жатып жерден күміс алу болатын. Ер адамдардың кеңінен тараған ойыны - көкпар тарту.
Бәйгеге ондаған, кейде тіпті жүздеген бас мал, әсемдік әшекей бұйымдар, күміс және алтын тайтұяқтар тігілетін. Ат жарыстарына қазақтар да қатыстырыла беретін. Халық арасына кеңінен тараған спорт жарыстарының бірі — қазақша күрес. Ол барлық салтанатты жиындарда өткізіледі. Күрестің бұл түрінде балуандардың жас мөлшеріне де, салмағына да шек қойылмайды. Халық өзінің балуандарын төбесіне көтеріп, құрмет тұтқан. Қазақ тарихында Қажымұқан Мұңайтпасұлы, Балуан Шолақ сияқты басқа да балуандар ұмытылмастай болып есте қалды. Үлкен мерекелерде, жиын-тойларда әр ру өз балуандарын күреске шығаратын.
Қазақтарда бұлардан өзге алтыбақан тебу, асық ойнау, жамбы aтy, қыз қуу, жілік сындыру сияқты ұлттық ойын түрлері мен спорт жарыстары да болды.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Какое слово нужно дописать на казахском языке уакыт-алтыннан да