kukoleva
?>

Сочинение на тему что я делаю в свободное время на казахском языке с переводом! да 30

Казахский язык

Ответы

Kashtelyan Tamara847
Дәл қазір жұмыста маңызды істердің барлығын бітірп, қолып босап отыр, Сол себепті керекинфоға жаңадан тіркеліп алуға бел будым  Осы жаққа жазып жатқаныма Нұрлан достым ренжитін шығар (блогтайм) . Мен бұрын осында жазатынмын, сол себепті осында жалғастырғаным дұрыс болар.

Ал, көп созбай, тақырыпқа қайта оралайық. "Қол босап қалды, не істеймін? Үйге кетіп қалуға тағы болмайды, басекелерден және әріптестерімнен ұят болар" — деген ойлар біразымыздың басымызға келетін болар. Жалғыз мен емес шығар деген үміттемін . 

Қолым босаған кезде, ең бірінші, оқып жатырған кітабымды жалғастырамын. Дәл қазір Олдос Хаксли ағамыздың «О дивный новый мир» атты кітабын оқып жүрмін. (кітап керемет, барлықтарың міндетті түрде оқыңдар). Кітапты шамамен жарты сағаттай оқимын. Екінші қолға (көзге) алатыным — мақалалар. Мақалалар болғанда, мен әлемде не болып жатқаны жайлы жаңалықтарды оқымаймын. Достарымнан естіп жатқаным жеткілікті. Оқымайтын себебім, мыйымды керек емес ақпаратпен толтырғым келмейді. Және, сол типтес мақаларды оқыған кезде, қатты шаршаймын, орнымнан шығарып жібереді. Онымен қоса, еш әсерімді келтіре алмайтын оқиғалар жайлы білудің не керегі бар? Мен оқитын мақалалар, өзіме тікелей әсер ететін мақалалар. Мысалы: «кешке жүгірген дұрыс па әлде таңертен ба?», «Интернет-маркетологқа қажетті құралдар» немесе «Мақсатты қалай қойған дұрыс» — деген секілді. 

Айналысуға болатын тағы бір пайдалы іс — өзіңнің қай жерде екеніңді блокнот немесе ақ параққа жазу. Мен басымдағы барлық ойларды блокнотқа түртіп отырамын. Бос уақытымның жарты сағатын өзім жайлы жазамын. Мен қазір қай жерге келдім? Не істеп жатырмын? Қойған мақсатыма дұрыс келе жатырмын ба? Қазір қанша тенге тауып жатырмын? Жарататын ақшам қанша? — міне осы сұрақтарды өзіме қойып, барлығын жызып қоямын, Бұл процессті айына бір рет қайталап тұрамын.

Қолың бос па? Құр отырмай, өзіңе пайда алып келетін заттармен айналыс. Кофе іше бермей, жай ғана ыстық суды ішіп көр 

Мұның бәрін неге айтып жатырмын? Қазір көбіміз, менімен қоса, уақытымызды үнемдемейміз. Үнемдеместен бұрын, оны құр жаратып жатырмыз. Ал уақыт дегеніміз қайта қалпына келмейтін ресурс. Өтіп кеткен уақытты қайта қайтара алмаймыз. Сол себепті жас кезімізде есімізді жиып, уақытты үнемді пайдаланайық. 

Болашағымыз өзіміздің қолмызда, қисыққолдылар 

P.S. Жазбағаныма өте көп болды. Басымды біраз қызықты ақпараттарға толтырып алдым. Енді, қолым босағанға байланысты, жазып, бөлісіп отырамын.
sharkova1443

1.Баты-тілі көркем ізгі тілек түрінде айтылатын қысқа әрі мәні терең сөз

2.Батаның түрлері бар. Ас батасы асты үстелге әкелгенде немесе ас ішіп болған

соң берілетін бата. Ас батасы тамақ ішкен сайын беріледі. Рамазан батасы үш күнгі

ораза айтта айтылатын ізгі тілек, жақсы ниет. Жол батасы ұзақ жолға шыққанда

беріледі. Жолға шығарда үй иесі көршілерге, туыстарға тамақ беріп, үлкен ақсақалдан

бата алады. Тілек-бата үлкендер жастарға риза болғанда, реті келген жерде қолын

жайып беретін батаның түрі.

3.«Бата адамға күш береді, жолын аша-

ды, жаман күштерден сақтайды» деп сенген.

4.

belegaj98

Мұхтар Омарханұлы Әуезов – қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957)Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Бөрілі деген жерде 1897 жылы 28 қыркүйекте туған. Шыққан руы қожа. Мұхтардың атасы Әуез ескіше сауаты бар, араб, парсы, ортазиялық түркі әдебиетімен таныс болған. Мұхтар бала кезінде атасының үйретуімен арабша хат таниды. Мұхтардың әкесі Омархан да, атасы Әуез де Абай аулымен іргелес отыратын, құдалы, дос-жар адамдар еді. 1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910 жылы Семей қалалық бес кластық орыс қазына училищесіне оқуға түсіп, соңғы класында оқып жүргенде «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады. Училищені 1915 жылы аяқтап, Семей қалалық мұғалімдер семинариясына түседі. Семинарияда оқып жүріп Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жолсыз жаза» дастанының негізінде «Еңлік-Кебек» пьесасын жазып, оны 1917 жылы маусым айында Ойқұдық деген жерде сахнаға шығарады.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Сочинение на тему что я делаю в свободное время на казахском языке с переводом! да 30
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

vedaikin
dimaproh
olqa27
av52nazarov
flerbuket332
Андрееевич787
yurkovam-037
bistrayakuhnya46
mb9037479491
Nataliya Aleksandr1197
Баранов955
Андреевнатест707
хаджимурод1172
Serezhkin
Natysya7777