Қазақстан Республикасы әлемде татулығы мен ұлтаралық бірлігі жарасқан ел ретінде танылған. Қазақстанның кең байтақ дархан жерінде жүзден астам ұлт өкілдері тату - тәтті өмір сүріп жатыр. Елімізде түрлі ұлт өкілдерінің татулық діңгегі ажыраған емес.
Біз жас ұрпақ осындай кең байтақ жеріміздің көгінде тек қана бейбіт құсы қалықтап ұшып, мемлекетіміз одан әрі көркейе беруін қолдаймыз. Себебі, бейбітшілік бар жерде, бақыт орнап, тыныштық болады. Одан әрі қарай да бейбітшілік пен татулықты сақтап, ынтымақтастықты ұстап тұрсақ, ата - бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қол жеткізген Тәуелсіздігіміз де мәңгі болмақ.
Бұл бір жағынан Елбасымыздың көреген саясатының арқасында деп білеміз. Болашақта жақсы білім алып, еліміздің гүлденіп, көркеюіне өзіміздің қомақты үлесімізді қосамыз деп білемін.
Әрбір азамат туған өлкесін, елін, жерін, салт-дәстүрін, тарихын құрметтейтін, сүйетін, мақтан тұтатын, Ұлтжанды азамат болу керек. Ол үшін өткенін біліп, бағалау керек. Өзі туған қасиетті Отанын оттан да ыстық бағалау, сүю керек деп ойлаймын. Барлық әлемде тыныштық орнап, бейбіт заманның ғұмыры баянды болғай! Себебі барлығымыз да бейбіт заманда өмір сүруге лайықпыз деп есептеймін.
Sinelnikov1650
31.12.2020
Ахмет байтұрсынұлы 5 қыркүйек 1872 жыл , қазіргі қостанай облысы , жангелді ауданы сарытүбек ауылы – 8 желтоқсан1937 , алматы қаласында туған. қ азақтың ақыны , әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы , публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері , қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, алаш-орда өкіметінің мүшесі. атасы шошақ немересі ахмет өмірге келгенде ауыл ақсақалдарынан бата алып, азан шақырып атын қойған. әкесінің інісі ерғазы ахметті торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ мектебіне береді.
zhannasokortova
31.12.2020
Етістіктер мағынасына қарай сабақты етістік және салт етістік болып екіге бөлінеді. мағынасы жағынан тура объектіні, табыс септіктегі сөзді қажет етіп тұратын етістіктер сабақты етістіктер деп аталады. сабақты етістіктер кімді? нені? (кейде табыс септіктің жасырын түрі — не? ) деген сұрақтарға жауап беретін табыс септіктегі сөзбен байланысады. мысалы: сөзді сен баста. бүл сөйлемдегі баста деген етістік сөз деген сөздің табыс септікте тұруын талап етіп тұр. кейде ондай сөздер табыс септіктің жасырын түрінде тұруы да мүмкін. ондайда екі сөздің (табыс септікті сөз бен етістіктің) арасына басқа сөз келтіріп қолданып көру керек. мысалы: өлең айт — өлеңді айт, т. б. сонда табыс септігі айқын байқалады. кейде тура объект мәнін білдіріп тұратын табыс септіктегі сөз сөйлемде қолданылмауы да мүмкін. ондайда етістіктен сұрақ қою керек. етістіктен кімді? нені? деген сұрақ қоюға болса, онда ол — сабақты етістік. мысалы: айт, көр, оқы, т. б. етістіктерден кімді? (нені? ) айт? деп сұрақ қоюға болады. мыс: мен өз елімді сүйемін. не істеймін – сүйемін етістік. кім сүйтін? мен - бастауыш. кімді сүйемін? елімді – толықтауыш. қай елді сүйемін? өз – анықтауыш. бұл сөйлемдегі сүйемін - сабақты етістік. отанымды қорғаймын. мағынасы жағынан тура объектіні — табыс септіктегі сөзді қажет етпейтін етістіктер салт етістіктер деп аталады. салт етістіктер барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктегі сөздермен тіркесе беруі мүмкін, бірақ табыс септіктегі сөзбен байланыспайды. мысалы: қаладан қайт немесе түсінде келді, т. б. болып қолданылса да, нені (ауылды, т. б.) қайт, нені түсінде, т. б.) келді деп айтуға болмайды. сондықтан да бұлар — салт етістіктер. кейбір етіс жұрнақтары салт етістіктерді сабақты етістіктерге немесе сабақты етістіктерді салт етістіктерге айналдыру қызметін атқарады. мысалы: өзгелік етіс жұрнақтары: - ғыз, - гіз, - қыз, - кіз, - дыр, - дір, - тыр, - тір, - ыр, - ір, - р, - т салт етістікке жалғанса, оны сабақты етістікке айналдырады: шам сөнді — шамды сөндірді, т. б. ал ырықсыз (кейде өздік) етіс жұрнақтары сабақты етістікке жалғанып, оны салт етістікке айналдырады: әңгімені айтты — әңгіме айтылды, т. б. досыма (кімге? ) бардым, төрде (қайда? ) жатыр, мектептен (қайдан) шықтым, анаммен (кіммен? ) сырластым. а. с. кітап, анасы, әкем. і. с. кітаптың, анасының, әкемнің. б. с. кітапқа, анасына, әкеме. т. с. кітапты, анасын, әкемді. ж. с. кітапта, анасында, әкемде. ш. с. кітаптан, анасынан, әкемнен. к. с. кітаппен, анасымен, әкеммен. сабақты етістік салт етістік кітап оқы /нені т. с жал жасырын күйде тұр/ гүлді жұлма малды суар мақаланы жаз досыма бардым /барыс септігі/ төрде жатыр /жатыс септігі/ мектептен шықтым /шығыс септігі/ анаммен сырластым /көмектес септігі/
Қазақстан - көп ұлтты мемлекет.