kseniyavaganova
?>

По казахскому языку, это написать, почему курение вредно для здоровья. буквально в пяти шести предложениях. естественно текст на казахском языке. заранее.

Казахский язык

Ответы

Wlad967857
Жыл сайын жер бетінде темекіден 3 миллион адам, яғни темекінің улы әсерінен әрбір 13 секунд сайын бір адам өледі екен.Жастай шылымға үйренген жастар ұмытшақ келеді. Оқу үлгерімі нашарлайды, тіпті ақыл-ойы кемиді.Темекі шегушілік студент жастардың арасында жиі кездесетін болып жүр. Әсіресе, қыз-балалардың темекі шеккені көңіл алаңдатарлық нәрсе.Темекі шегу тұрмыс құрған болашақ аналарға өте зиян. Олардың шеккен әрбір тал темекісі бойындағы нәрестенің денесіне сіңетін улы заттардың мөлшерін 10 пайызға көбейтіп, нәрестеге қажетті оттегінің мөлшерін 10 пайызға кемітеді екен.Сондықтан жас кезден денсаулықты сақтап, темекіге әуестенбей, темекі шегушілерден бойды аулақ ұстап жүрген дұрыс.
ann-perminova2008

Туған жер - ол біздің алтын бесігіміз, кіндік қанымыз тамған жер, анамыз. Адамзатта екі ана болады: жарық дүниеге әкелген анасы және де осы дүниеде өз бауырында аунатып өсірген жер анасы, туған жері. А туған жер, ел, атамекен, атажұрт, Отан - деген ұғымдар жүрегіне жақын ұғымдар. Атамекен - туған халқының, ұлтының мекен еткен, ата - бабасының қоныс тепкен жері. Туған жер - әр адамның дүние есігін ашып, өмірге келген жері. Адам өмірге келіп, ес жия бастаған сәттен өз болашағына, өткеніне ден қоя бастайды. Адамның болашағы да, өткені де туған жермен тығыз байланыста болады. Халқымыздың туған жерді ардақтау сезімі өте терең, олар үшін туған жерді қадір тұту - қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр. Бұл таным біздің жанымызға ана сүтімен дарыған."Ата мекен - алтын бесік"деп, ата - бабамыз тегін айтпаған. Ол өз перзентіне барын, нәрін береді. Төсінде тербетіп, аялап әлпештейді. Әр адам өз туған жерін мақтаныш етеді, қадір тұтады. Туған жерге қызмет ету - әрбір азаматтың игі арманы, мақсат - мүддесі."Ұлтарақтай болса да, ата - қоныс жер қымбат"- деген мақал әр адамның жүрегіне терең ілтипатпен алынатын мақал. Туған жердің табиғат да бір ерекше! Сарыарқаның сарша тамызы, бұлбұлы сайраған көктемі әдемі ғой. Самайдан желкілдеген көшкін желде - бір алып. Ақ меруерттей көмкерілген біздің Сарысу Сарыарқа өзені. Бұл өлке адамның көзіне күндік жерден шалынады. Күн сәскеден жоғары көтеріле, сумаңдай аққан мөлдір толқынды сағым Сарысу алабына сыймай, қазанда қайнаған сүттей аппақ күміс көбігін кең кемерден көпіршіте төгеді. Көктемнің кезінде кең жайылған Сарыарқаның кең даласы қанатын кең жайлап, жібектей жұмсақ болып, желмен жарыса жөнеледі. Омырауын сонау шалғынға тіреп, шайқалып, шешек атқан гүлдердей қанатын кең сермейді. Қарасаң көзіңнің ұшы - қиыры жететін тауда бір жас балаша арман қиялына басын сермеп тұр. Қарай берсең, беткей жағындағы алып жоталарда толқындай теңселіп, гүл бетіне оранып жатыр. Бұл - менің ауылым, туған жерім, ата-мекенім!

tsigankova2018

ответ: Жібек пен Төлегеннің бірге болуына қарсы болған Базарбай, басқа үймен құдаласуды сұрағанда, Төлеген атасына қарсы шығады. Бала қыздарына әбден көңілі қалған Базарбай теріс бата береді. (деп ойлаймын!)

Объяснение: ЖАУАПҚА СЕНІМДІ БОЛМАСАҢЫЗ ҮЗІНДІНІ ОҚЫП, ӨЗІҢІЗ ЖАУАБЫН ТАУЫП АЛСАҢЫЗ БОЛАДЫ!

Әлқисса, Төлеген неше милләт жол жүріп еліне келеді. Сау-сәлеметтікпен ата-анасымен қосылыпа той жасады, тойдың үстінде Базарбай баласынан жауап сұрады:

— Қандай адамға құда болдың? - деді. Төлеген барлығын баян етеді. Сонда Базарбай айтты:

— -Шырағым, қайныңа ені қашан барасың? - деді. Төлеген айтты:

— Жазғытұрым барамын, - деді.

Атасы айтты:

— Шырағым, мен бір тілек тілейін, бересің бе, бермейсің бе? Ендігі жылы осы уақытқа шейін бармағын, онан кейін өзім қасыңа көп әскер қосып жіберейін, және тілегімді бердің бе?-деді. Онда Төлеген айтты:

— Ата ел елден артық болмайды екен, ешкімнің қызын көргенім жоқ, жақтырғаным да жоқ, немді берейін, — деп шығып кетті. Сонда Базарбай кеп жұртына айтты:

— Бұл балам тілімді алмады, тілегімді бермеді, Төлеген қайнына барамын десе, маған – көргенің ұстап, байлап алып келіп беріңдер, егер хошамет етіп біреуің жолдас болсаң, қолымды теріс жайып бата беремін, - деді. Қарияның бұл сөзінен қорқып жұрт ұстап бермекші болды.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

По казахскому языку, это написать, почему курение вредно для здоровья. буквально в пяти шести предложениях. естественно текст на казахском языке. заранее.
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*