Алматыдағы «Жетім бұрыш» туралы естіп пе едің?
2. Қалай ойлайсың, ел арасында бұл орын неге солай аталған?
Өйткені, бұл жерге әке-шешесі бар, бірақ баспанасы жоқ «тірі жетімдер» пана іздеп көптеп келеді және уақытша баспаналы болуға мүмкіндік бар. Сондықтан болар, ақын Мұқағали Мақатаев ол жерді "Жетім бұрыш" деп атапты және содан бері халық арасында осылай аталып кеткен.
3. Пәтерді адамдар не үшін жалдайды?
Пәтерді көбіне ауылдан келген, сол қаланың жұмысына орналасып, біраз аяғыма тұрайын деп жүрген азаматтар жалдайды. Ал студенттер жатақханадан орын таба алмағандықтан немесе ол жер ұнамағандықтан пәтер жалдайды.
4. Өзің тұрған жерде пәтер жалдайтын адамдар бар ма?
Өзім тұрған қалада әрине бар, бірақ пәтер жалдайтын адамдарды аса көп көре бермеймін.
«Кешегі күн, бүгінгі тарих...»
XXI ғасыр таңы атып, тамыры тереңге жайылған бәйтеректің қайта көктер кезіндей бүкіл әлем тереңінен бір тыныс алып ішіндегі құсасты сыртқа шығарып тастағандай тыныштық күйге оранды.
Ал, өткен өмірге зер сала қарасақ, ел басына күн туып, сақ сынып, сүйек сырқырататын тарихтың тулаған тұстары аз емес. Соның ішінде қазақ елінің басына нелер келіп, нелер кетпеді десеңізші?! Жазиралы жазығымыз, дархан даламыз қанға бөгіп жер бетін жауыздық пен азғындық атты зұламат күш билеп тұрған кездер де болды емес пе?!
Оның айқын шынайы бейнесін тұғырлы тұлғамыз Мұхтар Әуезовтың «Қилы заман» романынан көре аламыз.
Сонау 1916 жылғы қазақ халқының еңсесін көтеріп ел теңдігін, ұлт азаттығын аңсап бас көтерген ерлеріміздің ерлігін, ұлықтарға қарсы күресін, табандылығын талмай шеберлікпен қаһарлы қыстың әйнекке анық салған өрнектеріндей айқын суреттеген «Қилы заман» романы. Қилы заман романын оқи отырып, рухани рух алып осындай бірлікіті, тірлікті елдің перзенті болып туылғаныңа іштей қуанып отырасың. Жазушы тоғыз жолдың торабында тоғысқан дүбірлі жәрмеңкені көркем шеберлікпен айшықты бейнелейді. Тірлік тынысымен тіршілік қылып жүрген арғын руының елі, патша жарлығының яғни, 19-32 жас аралығындағы ерлерді соғыс соққысынан сақтайтын сарбазы, сақшысы ретінде шақырылуы от-жалынды нажағайдың қарқынды қаһары іспеттес болды. Аш қасқырдай ұлыған ұлықтар улы жебесін халық жүрегіне дәл қадағандай еді. Өйткені қай ел болмасын өзінің боздақтарын қарусыз, қылышсыз жіберіп, лаулап тұрған оттың ортасына өздері салғысы келеді дейсіз? Жоқ олар ақыл тәсілін, амал-айласын ойлап бұл тығырықтан шығар жол әрине бас көтере «бағынбаймыз», «бермейміз» деген сөзді айту еді. Ұзақ, Серікбай, Айтбай, Тұрлықожа, Жәмеңке сияқты ру бастаған көсемдер, сөз бастаған шешендер ел басына күн туып, жау жағадан алғанда жарытып сөз айтатын ақсақалдар еді. Қайнаған судың буындай буырқана көтерілген халықты адуынды да, азулы патша, қарағайдай қаптаған қалың қолымен, тойтарыс беріп отырады. Алайда қазақ рулары шыдамдылық пен төзімділікті ту етіп жадында ұстап «болды», «бітті» деп беріліп бейтарап кетпеді, «қасық қанымыз қалғанша күресіп, адалдық жолында ар тазалығымен көз жұмсақ арманымыз жоқ», - деп байлаулы тоқтамға келді. Бірақ патша әскерлері бір күннің, бір түннің ішінде ауыл елін талқандап, тұтқындап тар түрмеге апарып қамады. Елім деп еміренген ел азаматтарының ішінде қиындықпен, зорлық-зомбылықтан дегбірі қашып демікпей байсалды, сабырлы кейіппен ұлық алдында жауап беріп, бір тоқтамды қостады. Алайда жазықсыз жапа шеккен ел ағаларының, күнәсіз төгілген қаны ашынған халықты отқа май құйғандай одан әрі лаулатып, жалындата түсті. Бірақ патша үкіметінің үстемдігі жеңіп қазақ, қырғыз демей түгелдей тып-типыл етті. Қазақ даласы тағы да қанға бөгіп қаңырап қалды...
Қилы заман романын оқи отырып, сол кездегі болған жайттардың барлығы көз алдыңызға айқын елестейді. Бұл жазушының шеберлігі, өз ғасырының қайталанбас алып алпауыты екенін айқын дәлелдеп тұрғандай. Өзінің әйгілі «Абай жолы» эпопеясымен әлемге танылған тарланымыз Мұхтар Омарханұлы Әуезовті ешқашан жадымыздан шығаруға болмайды. Олай дейтін себебім, Мұхтар Әуезов өзін ғана емес, бүкіл қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-санасын, діні мен ділін, қонақжайлылығы мен дана халық екендігін айдай әлемге танытты.
«Қилы заман» романындағы жағымсыз кейіпкерлер Оспан, Жебірбаев, Ақжелке сияқты арам пиғылды, еліне, халқына жаны ашымаған опасыздардың, жаман қасиетінен жиреніп, игі іс істеп, ізгіліктен жол салған жандардан, жақсылығын үйреніп, ішкі жан дүниемізге мәңгілік сарқылмайтын мөлдір бұлақтың кәусар суындай тазалық, кіршіксіз кірлемес тәрбие аласың.
Бүгін, қандай қилы замандар болса да Тәуелсіздікке қол жетті, бейбіт күннің бал дәмін таттық. Бұл бізге батыр халықтың сыйлаған құнды сыйы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай «Өткеніңді білмей, болашақты болжау қиын».
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Умоляю, 40 кто ответит , и отмечу ответ лучшим . мамандық таңдау- әрбір мектеп бітіруші түлектің мақсаты. « армансыз , қанатсыз құспен тең” дейді халық. барлық ң арманы болады . арманшыл болашақта дегеніне жете алады. мамандық пен өнері өз қабілетіне қарай таңдап алады. мамандықтың түрі көп . халық алдына шығып ән салатын әнші болу. өмірінің арашасы болатын ақ халатты дәрігер болу. сөзбен өрнек салатын жазушы болу. шәкірттерді білімге жетелейтін ұстаз болу . жас кезінен бастап өзінің жүрегі қалаған мамандығына бейімделе бастайды . терең білім алуға талпынады . өз бетінше ғалымдардың өмірімен танысады. сондықтан да қ шақ пен болашақ әрқашан үндесіп жатады. болашаққа апаратын тура жол қ шақтан басталады. осы жолда отбасының, ұстаздың, мектептің , қоршаған ортаның алар орны ерекше . жастарға болашақта мектептен алған сапалы білім ауадай қажет болатыны анық. сондықтан да ата – ананың , ұстаздың берген сапалы білімі мен өнегелі тәрбиесін дұрыс ұғынып , түсініп оқу жастардың басты міндеті болмақ. iii деңгей 1.мәтіннің мазмұнына сәйкес берілген сұрақтарды рет -ретімен қойып , жауап беріңдер. 1.мектеп бітіруші түлектің мақсаты не ? 2.армансыз немен тең? 3. қандай болашақта дегеніне жетеді? 4.мамандықтың басқа қандай түрлерін білесіңдер? 5.мектептен алған білім неге керек ? 6. жастардың басты міндеті не деп ойлайсыңдар? 2.мәтіннен 5 етістік теріп жазып , дара және күрделі мақсатты келер шақ жасап , сөйлем құраңдар. ii деңгей 1. мәтіннің мазмұнын сақтап , қысқартып жазыңдар. 2.төмендегі нақыл сөздердің мәтінге қандай қатысы бар екенін әңгімелеп беріңдер. мен жастарға «алдарыңда таудай талап тұр. өмір заңғарлары үнемі биікке шақырады .оған жету үшін талмай ізденіңдер! »дер едім . жастарға тоғышарлық , бойкуйездік дертінен аулақ, сергек , сезімтал болған жарасады. ң болашақта қатарынан қалмай азамат болуы – әр ата –ананың ізгі арманы болашақ кілті – жастарда . i деңгей мәтінге сүйеніп , өміріндегі отбасы , ұстаз , мектептің рөлі туралы айтып беріңдер .
Берілген сұрақтарға жауап:
III деңгей
1)Мамандық таңдау;
2)Қанатсыз құспен тең;
3)Арманшыл адам;
4) Өрт сөндіруші, тігінші, биші, журналист, кеден қызметкері, полиция қызметкері, спортшы, ұшқыш, ғалым, ғарышкер, аудармашы, инженер, бағдарламашы т.б.
5) Болашақта өмірден өз орнын табу үшін қажет.
6) Ата-ананың,ұстаздың берген сапалы білімі мен өнегелі мен өнегелі тәрбиесін дұрыс ұғынып,түсініп оқу.
2 тапсырма.
Болашақта мен аудармашы мамандығын таңдамақпын.
Ұлттық консерваторияда білім алып жатқан әпкем жақында концертте ән айтпақ.
Мектебіміздің мерейтойына жиналған қауым мектебіміздің тарихымен таныспақ.
Болашаққа апарар жол мектеп қабырғасынан басталмақ.
Жақсы оқып, ата-анасы мен ұстаздарының ізгі өсиетін бойына сіңірген жас ұрпақ болашақта үлгілі азамат болмақ.
II деңгей
Мамандық таңдау- әрбір мектеп бітіруші түлектің мақсаты. « Армансыз адам , қанатсыз құспен тең” дейді халық. Барлық а ң арманы болады. Арманшыл адам болашақта дегеніне жете алады. Мамандық пен өнерді адам өз қабілетіне қарай таңдап алады. Адам жас кезінен бастап өзінің жүрегі қалаған мамандығына бейімделе бастайды. Сондықтан да балалық шақ пен болашақ әрқашан үндесіп жатады. Болашаққа апаратын тура жол балалық шақтан басталады. Осы жолда отбасының, ұстаздың, мектептің , қоршаған ортаның алар орны ерекше. Сондықтан да ата – ананың , ұстаздың берген сапалы білімі мен өнегелі тәрбиесін дұрыс ұғынып , түсініп оқу жастардың басты міндеті болмақ.
Берілген нақыл сөздердің мәтінмен тікелей байланысы бар, себебі барлығы да мамандық таңдау мен болашақ жайлы айтылған.
I деңгей
Адам өміріндегі отбасы, ұстаз бен мектептің рөлі ерекше екені барлығымызға белгілі. Отбасы шағын Отанымыз, тәлім-тәрбиенің, мейірімділік пен сүйіспеншіліктің рдасы болса, ұстаздарымыз бізге екінші анамыздай жақын адамдар. Олар бізді білім нәрімен сусындатып, бойымызға ізгілік нұрын дарытады. Ал мектеп болса, отбасы, ұстаз бен оқушының арасындағы алтын көпір, алтын ұямыз.