Қыс қандай әсем еді, қара, далам, Бір арман-ақ боз жеккен шана маған. Ағызып жұлдыздайын Дүниенің Не жетсін күніне бір аралаған. Қар қандай! Қарып көзді шағылады, Жамылған тау, даласы, бағы-бәрі. Тоқтау жоқ, Кедергі жоқ Аппақ дүние! Жер үсті аппақ нұрға малынады. Күн ұзын жапалақтап тынбады қар, Астында ақ мамықтың тұрғаным бар. Ақ төсін жайып салып жатыр дала, Кеудемде сол даланың ырғағы бар.
impuls20125948
24.06.2021
Жіктік жалғау Жекеше мен қазақ тілін үйренемін сен қазақ тілін үйренесің сіз қазақ тілін үйренесіз ол қазақ тілін үйренеді.
Көпше біз қазақ тілін үйренеміз сендер қазақ тілін үйренесіңдер сіздер қазақ тілін үйренесіздер ол қазақ тілін үйренеді.
Тәуелдік Жекеше менің қазақ тілін үйренуім сенің қазақ тілін үйренуің сіздің қазақ тілін үйренуіңіз оның қазақ тілін үйренуі.
Көпше біздің қазақ тілін үйренуіміз сендердің қазақ тілін үйренулерің сіздердің қазақ тілін үйренулерің олардың қазақ тілін үйренуі.
delonghisochi
24.06.2021
Томирис - САК немесе массагет тайпасынын ханшайымы . Томирис ержүрек, батыр болып тәрбиеленеді. Геродоттың естелігінше Парсы патшасы Кир Томириспен соғыста қаза болған. Кир патша Томирис патшайымды өзіне әйел етіп алмақшы өрініп, елшілер жіберді. Томирис Кирдің өзіне емес елі мен жеріне құда түскелі отырғаның түсініп, оның ұсынысын қабылдамайды. Қулығы іске аспаған Кир 530 ж. Массагеттерге ашық соғыс жариялайды. Кир массагеттер жеріне жарамсыз әскерін уланған тағамдармен қалдырып кетеді. Массагеттер Кир тастап кеткен әскерге шабуыл жасап, олардан қалған тағамдарынан уланады. Соғыста Томиристің баласы Спаргапес тұтқынға түседі. Томирис баласын босатуын сұрайды. Бірақ, Спаргаписес ұяттан өзін-өзі өлтіреді. Томирис айтқанын тыңдамаған Кирге қарсы шабуылға шығады. Шайқаста массагеттер жеңіп Кирдің өзі өлтіріледі де, әскерінің көпшілігі қаза табады. Томирис торсықты қанға толтырып, оған Кирдің басын салуға бұйрық береді: «Сен қанға құмартып едің, енді шөлің қансың!» дейді. Томирис патша өз елінде бұдан кейін де талай жылдар билік етіп, қара қылды ққақ жарған әділдігімен, данышпандығымен, көрегендігімен халқын талай таң қалдырды. Олар өз басшысы туралы жыр толғап, оның атын жырға айналдырған. Бұл аңыз жырлар Томирис патшаның есімі ізін басқан жауынгер әйелдің есімі ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, ұлы дала аспаны астында ғасырлар бойы мәңгі жасады. Амазонка қыз болып тарихта есімі қалды. («амазонка» — салт етқа мініп, қару-жарақ асынып жүретін әйелдер.
Ғабиден Құлахмет
Қыс қандай әсем еді, қара, далам,
Бір арман-ақ боз жеккен шана маған.
Ағызып жұлдыздайын
Дүниенің
Не жетсін күніне бір аралаған.
Қар қандай!
Қарып көзді шағылады,
Жамылған тау,
даласы,
бағы-бәрі.
Тоқтау жоқ,
Кедергі жоқ
Аппақ дүние!
Жер үсті аппақ нұрға малынады.
Күн ұзын жапалақтап тынбады қар,
Астында ақ мамықтың тұрғаным бар.
Ақ төсін жайып салып жатыр дала,
Кеудемде сол даланың ырғағы бар.