«Туған жерге туыңды тік!» - деген дана халқымыз. Бұл – әрбір адамның кіндік қаны тамған жеріне ерекше сүйіспеншілікті білдіреді. Туған жері мен Отаны бар азамат өз ұлтының тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне арқа сүйеп қалыптасады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасын ұсынып, жас ұрпақтың бойына сүйіспеншілік, патриоттық сезімді қалыптастыру керектігін атап өтті.
Туған жерге сүйіспеншілік туған тарихыңды тереңнен білуден басталады. Еліміздің әрбір тауы мен өзені, сайы мен қыры – тұнып тұрған тарих. Оған сай сол өлкеде халқына пана бола білген, ел есінде қалған біртуар перзенттер бар. Ал, олар жайында жас ұрпақтың білгені абзал. Сондықтан, білім беру саласында өлкентану жұмыстарын жүргізіп, тарихи-мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру қажет. Тұңғыш Президентіміздің ұсынған «Туған жер» бағдарламасының мәні – осында.
Ұлағат — еліміздегі ұлттық тәлім-тәрбие мен мінез-құлық мәселелеріне арналған ресми тұңғыш журнал. ҚР Білім мин. алқасының 1993 ж. 20 желтоқсандағы шешімі негізінде “Қазақ тілі мен әдебиеті” журналының қосымшасы ретінде 1994 ж. шілдеде алғашқы саны жарық көрді. Қаржы тапшылығына байланысты 1994 ж. тұңғыш саны шықса, 1995 ж. үш саны, ал 1996 — 97 ж. екі-екіден біріктірілген төрт саны, 1998 ж. не бары үш саны оқырмандарына жетті. Тек 1999 жылдан бастап екі айда бір рет жарық көріп келеді. 2005 жылдың 25 тамызынан өз алдына бөлек журнал ретінде қайта тіркеуден өтті.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Напишите мословицу в которой есть антогимы на казахском языке
Әдепсіз бала - сорлы бала.