Достық туралы мақал – мәтелдер.
- Дос - ажарың, жолдас - базарың.
* * * * *
- Алыстағы досыңа ат берсең де жарасар - үйіне мініп барсын деп.
Жақындағы досыңа хат берсең де жарасар - ұмытса есіне алсын деп.
* * * * *
- Жолдасың көп болса, Жалғызбын деме
* * * * *
- Дос сыртыңнан мақтар, дұшпан көзіңе мақтар
* * * * *
- Жаңа досың жаныңда болса, ескі досың есіңде болсын.
Ол әрқашанда сенімді.
* * * * *
- Досың дос болғанға шаттан, Дұшпанмен дос болудан сақтан
* * * * *
- Дос ы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды
* * * * *
- Жаман жолдастан таяғым артық
* * * * *
- Күлме досыңа – келер басыңа
* * * * *
- Досы көппен сыйлас,
Досы азбен сырлас.
* * * * *
- Заттың жаңасы жақсы,
Достың ескісі жақсы.
* * * * *
- Жақсымен жолдас болсаң – жетерсің мұратқа.
Жаманмен жолдас болсаң - қаларсың ұятқа.
* * * * *
Жаман дос - көлеңке: басыңды күн шалса - қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт алса - іздеп таба алмайсың.
* * * * *
Досы жоқпен - сырлас, досы көппен - сыйлас.
* * * * *
Жауға - жалынба, досқа - тарылма.
* * * * *
Дос таппаған ер азар - басшы бақпаған ел азар.
* * * * *
Адамзатта не тәтті: аста - тұз тәтті, адамда - дос тәтті.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Сөздерге морфологиялық талдау жасандар . республикамыздын, қаласының. көшелерінде. тұсаукесеріне
2.Қала-түбір,-сы-тәуелдік жалғауның 3 жағы,-ның-ілік септігінің жалғауы.
3.Көше-түбір,-лер-көптік жалғауы,-ін-тәуелдік жалғауының 2 жағы,-де-жатыс септігінің жалғауы.
4.Тұсау-түбір,кесер-түбір,-і-тәуелдік жалғауының 3 жағы,-не-барыс септігінің жалғауы.