Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады.
Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады. Қазақ отбасы тәрбиесінің өзекті мәселелері педагог- ғалымдар С. Қалиев, М.Смайылова, М.Оразаев, С. Ұзақбаева, К. Қожахметова, Ж.Б. Қоянбаевтардың еңбектерінде жан-жақты сөз болған.
Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы сол халық отбасы тәрбиесінің де өзіне ғана тән мәдени құндылықтары қалыптасады.
Қазақ отбасы тәрбиесінің өзіне тән ерекшеліктері оның халықтық педагогика мұраларының мазмұны мен түрлерінде бейнеленген. Көне заманнан-ақ қазақ халқында жазбаша педагогикалық еңбек жазып қалдырмаса да білгір педагогтар, тәрбиешілер, ұстаздар болған. Олар өз көзқарастары мен әрекеттерінде белгілі бір дәстүрлі дүниетанымды ұстанып, халықтың мұраттары мен арман тілектеріне сүйеніп отырған. Қазақ отбасында дене, еңбек, ақыл-ой, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, құқықтық, сұлулық тәрбиелері жүргізілген. Қазақ отбасында аталған тәрбие түрлерін жүзеге асырудың мақсаты жан-жақты жетілген азамат тәрбиелеу болды.Отбасындағы дене тәрбиесінің мақсаты бала денесін дамыту, денсаулығын нығайту, ағзасын шынықтыру және күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруға, салауатты өмір салтына тәрбиелеу болды. Қазақ халқы еңбекті бүкіл тәрбие жүйесінің күретамыры деп қарастырды.
asl09777
09.09.2021
Біз суды айлап-жылдап пайдаланып келеміз.біз суды уақыт сайын - күн сайын ағысып тұрамыз.адамдар бірі қолын жуса,басқалары ыдыс жуады әртүрлі істер жасайды.ал бұл су үшін ел-жұрттың бәрі ақша төлейді.тіпті суды өңдеп,тазалап қайта пайдаланғысы келетін адамдар көп деп ойлаймын.бала-нәрестелер де су ішеді . сусыз ешбір адамға өмір жоқ. біз біле бермейтін су туралы мәліметтер көп.мысалы судың пайдасы да зияны да бар.мысалы құбырдан ағып тұрған суды ішуге болмайды. судың қадірін барлығымыз білуіміз керек . судың қадірін ақақалдар қарт адамдар жақсы біледі
егер көмектессе лучший ответ қылшы
SlavaA99
09.09.2021
Адам музыка тыңдау арқылы ішкі жан дүниесін сыртқа шығарады. Мұңайған сәтте қуану үшін ең жақсы көретін музыкаңызды тыңдау жеткілікті болуы да мүмкін. Тіпті сөзбен жеткізе алмай тұрған сезіміңізді сіз тыңдап отырған әуен жеткізе алады. Жан дүниенің нәзік қылдары әуенмен бірге толқиды. Бұл – жанның тыныштығы. Ішкі әлемнің сырын ақтаруға әсіресе лирикалық жанрдағы сазды әуендер әсер етеді. Музыка жаныңыздың тыныштығын сақтап қана қоймайды. Сіздің ішкі эмоцияңызбен күресуге көмектеседі. Желпініп тұрған, сабырсыз мінезіңізге әуен әсер еткен болса, сіз сабырлыққа үйренесіз. Ал ол үшін арнайы кесте жасаудың қажеті жоқ. Сізге әсер еткен әуенді тыңдаңыз. Музыка – дәрігер. Бұл тіркес кейінгі кезде пайда болған тіркес емес. Себебі ежелден бері адамдар музыканы емге пайдаланған. Сенбеуіңіз де мүмкін, бірақ музыка дегеннің бәрі барабан мен гитара немесе арнайы бір құрылғы емес. Табиғаттың да өз әуені барын ұмытпаңыз. Әрбір құстың сайрауы, судың сылдыры – бәрі адам миына әсер ету күші бар табиғи емдер.
Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.
Қазақ отбасы тәрбиесінің өзекті мәселелері педагог- ғалымдар С. Қалиев, М.Смайылова, М.Оразаев, С. Ұзақбаева, К. Қожахметова, Ж.Б. Қоянбаевтардың еңбектерінде жан-жақты сөз болған.
Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы сол халық отбасы тәрбиесінің де өзіне ғана тән мәдени құндылықтары қалыптасады.
Қазақ отбасы тәрбиесінің өзіне тән ерекшеліктері оның халықтық педагогика мұраларының мазмұны мен түрлерінде бейнеленген. Көне заманнан-ақ қазақ халқында жазбаша педагогикалық еңбек жазып қалдырмаса да білгір педагогтар, тәрбиешілер, ұстаздар болған. Олар өз көзқарастары мен әрекеттерінде белгілі бір дәстүрлі дүниетанымды ұстанып, халықтың мұраттары мен арман тілектеріне сүйеніп отырған.
Қазақ отбасында дене, еңбек, ақыл-ой, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, құқықтық, сұлулық тәрбиелері жүргізілген. Қазақ отбасында аталған тәрбие түрлерін жүзеге асырудың мақсаты жан-жақты жетілген азамат тәрбиелеу болды.Отбасындағы дене тәрбиесінің мақсаты бала денесін дамыту, денсаулығын нығайту, ағзасын шынықтыру және күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруға, салауатты өмір салтына тәрбиелеу болды.
Қазақ халқы еңбекті бүкіл тәрбие жүйесінің күретамыры деп қарастырды.