Қазақстанның көрнекті жерлері.
Ұлан байтақ аумақты алып жатқан Қазақстанның дархан даласы - ауыз толтырып айтарлықтай көрнекті жерлерге бай өлке. Тіпті әлемнің басқа еш жерінде кездеспейтін табиғаттың әсем көріністері де жетерлік.
Әрине, сөзді ең алдымен елордамыз, тәуелсіз Қазақстанның символы - Нұр – cұлтан қаласынан бастаған жөн болар. Мұнда ҚР Президентінің резиденциясы – Ақорда, елдің ең басты монументі – Бәйтерек, сондай-ақ танымал «Атамекен» этно-мемориалдық кешені бар. Сонымен қатар, естеріңізге сала кетейік, 2017 жылы елордада халықаралық EXPO көрмесі өткізілген болатын.
Ал Қазақстанның «оңтүстік астанасы», мәдениет орталығы Алматы қаласы архитектуралық ескерткіштер мен сұлу табиғатымен танымал. Бұл жерде аты әлемге әйгілі «Медеу» мұз айдыны, Көктөбе, 28 гвардиялық-панфиловшылар саябағы, Тәуелсіздік монументі және Іле Алатауы шатқалында 2510 метр биіктікте орналасқан «Шымбұлақ» тау шаңғы курорты секілді көрнекті жерлер көп. Биік тау баурайындағы қала бүгінде мәдени, тарихи, өндірістік ортаға айналған.
Кезінде Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан көне қалалардың бірі Түркістанда өз заманындағы сәулет өнерінің ерекше туындысы болып табылатын Қожа Ахмет Яссауи кесенесі орналасқан.
Көрнекті жерлер қатарына сонымен қатар Алматыдан шамамен 200 шақырым жерде орналасқан, ұлттық парк құрамына кіретін Шарын шатқалын қоса кеткен жөн болар. 12 миллион жылға жуық шөгінді тау жыныстарынан қалыптасқан шатқал отандық және шет¬елдік туристерді таңғажайып көріністерімен тамсандыратыны рас.
Әрине, бұл толық тізім емес, себебі кең байтақ елімнің көрнекті жерлерін бір шығармаға сыдыру мүмкін емес. Менің атапөткенім, тек бастамасы ғана деп білсеңіздер болады.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Напишите сочинение на казахском" мои обязанности в семье."
Менің отбасымда тамаша дәстүрлер бар,Қандай да бір мерекелерді бірге өткізу,Жақында апамның туған күні өтті,Біз дастарқанға дәмді тамақтар қойып,апама жақсы тілектеп айтып,караокемен ән орындадық,Туған күн өте қызықты өтті,2,Ал менің отбасымдағы бас міндетім ол сабақты жақсы оқу,ата-анамның айтқанын бұлжытпай орындау,кіші інілеріме сабақ орындауға көмектесу,Үй шаруасына көмектесу ол да отбасыма үлкен көмек,үйді шаңсорғышпен тазалау,ыдыстар жуу тағы да басқа шаруалар,3,Ата көрген оқ жанар,ана көрген тон пішер демекші,тәрбие отбасынан басталады,Ата-анамның берген ақылы,үйреткен дәрістері,осының бәрі өмірде керек деп ойлаймын,