alisabutusova
?>

Менин казахстаным ангиме курау 2 сынып

Казахский язык

Ответы

nataljatchetvertnova
МЕНИН КАЗАХСТАНЫМ АДЕМЫ ТАЗА. БЫЗДЫН КАЛА УЛКЕН ЖАНЕ БАЙ.
miumiumeaow

Қазақ тарихында Пушкин мұрасына алғаш айрықша зер салып, оны зерттегендердің қатарында Абай Құнабаев, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин болды. Олар Пушкинді тек ақын ретінде емес, оның өмір жолын терең зерттеді.

Ұлы ақын Абай "Евгений Онегин" шығармасының үзінділерін қазақ тіліне аударған. Сондай-ақ, "Татьянаның хаты" Абай әнімен қазақ өңіріне кең тарады. "Капитан қызы" романы да 1903 жылы қазақ тілінде басылып шықты. Тарихқа үңілсек, Ілияс Жансүгіров, Қасым Аманжолов, Әбділда Тәжібаев сияқты басқа да қаламгерлер орыс әдебиетінің негізін салушы Пушкиннің шығармаларын қазақ тіліне аударған. Қазақстанның бірнеше қаласында да Ұлы ақынға арналып ескерткіштер орнатылып, көшелер, мектептерге есімі берілді.

Өмірінің соңғы кезінде жазылған белгілі "Ескерткіш орнаттым мен қолдан келмес" өлеңінің қолжазба түрінде сақталған бір нұсқасында қазақ халқын да атап өтеді.

ВладимировичСтанислав

Қазақстандағы ең таңғажайып жердің бірі әрі бірегейі – “Әнші құм” төбесі. Ел арасында “Айғай құм” деп те аталып кеткен жер Іле өзенінің аңғарын бойлай орналасқан. Кейбір жерлерінің биіктігі 150 метрге дейін жететін құм шынымен де әуезді ән сала ма?Жел тұрса, сырнай үні шығады, ал тіпті қатты жел тұрса, одан да зор дыбыстар естіледі деседі. Кейде “әнші”, ал кейде “айғай” деп аталып кетуі де осыдан болуы керек. Бір жолаушыны құшақ жая әсем әнмен қарсы алса, біреуіне ызғарланып, сес көрсеткендей күйде болады. Бізге жеткен аңыздарға сәйкес, бұл құмды Жібек жолы бойымен өтіп бара жатқан жолаушылар есту үшін, құдіретін сезіну үшін арнайы ат басын бұрып отырған.

Сәйкесінше мұндай табиғаттың тылсым күшімен жасалған дүние табиғат ескерткіші ретінде сақталып, “Алтынемел мемлекеттік ұлттық саябақтың” құрамына енген.

Осы жер туралы аңыздар ел арасында көптеп таралған. Тіпті әр ауылдың өз аңызы бар. Солардың ішіндегі ең танымал дегендерін қарастырып көрейік. Бір аңызға сәйкес бұл жерде сүйіктісіне жете алмай қалған, дуаланған сұлудың дауысы естіледі екен. Сол сүйіктісіне жетуге деген ынтызарлығын осылай әлі күнге дейін жеткізеді. Өзге аңыз бойынша бұл жерде атақты Шыңғыс хан және оның сарбаздары жерленген. Хан өзінің ерліктері туралы ұрпақтарына жеткізу үшін осы дыбысты шығарады деседі.

Аңыздар көп деп атап өткенімдей, қорқынышқа толы аңыздар қатары да жетерлік. Біреуіне сәйкес бұл жерде қара ниетті адам дүние соңынан қуып, ақыры құм астында қалған. Оның әрбір өкіне отырып күрсінген демі осындай дыбыс болып шығады екен. Діни аңыздар бойынша бұрыңғы заманда ел арасында “шайтан” жүріп, адамдарды азғырған. Содан ол ісіне ашуы келген Құдай оны бір жерден екінші жерге тез бару қабілетінен айырыпты. Құм төбесінде орналасқан үйіне жету үшін оған жазық дала бойы жаяу жүруге тура келді. Жолының ауыр  боғланы соншалық – шаршап-шалдыққан ол құмға бір бүйірінен жатып, ұйықтап қалыпты. Ешнәрсе де оны оята алмайды. Мейлі жаңбыр, мейлі найзағай болсын. Тек адамдардың шығарған шулары маза бермей, ұйқысырап осындай дыбыс шығарады.

Не де болса, бұл жер – феномен. Қазақстанның ең ерекше жері, ел арасында танымалдыққа әлі ие болмаса да, әлемдік танымал құндылыққа айналатындай қауқары бар. Әуезді ән шығаратын осы сияқты құмдар саны әлем бойынша алтау екен. Олардың бірі біздің Қазақстанның кең байтақ жерінде. Одан бөлек АҚШ-тың Калифорния, Мичиган құмдары, Намиб шөлі, Қытайдың құмы және Ұлыбританияның Уэльсиінде бар екен.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Менин казахстаным ангиме курау 2 сынып
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*