(1936-2007) 15 қазанда алматы облысының қапал ауданындағы қоңыр ауылында туған. 1957-1963 жж. қазму-де сырттай оқыған, 1971 жылы мәскеудегі жоғары әдеби курсты бітірген. 1954-1962 жж. туған ауылында колхозшы, мұғалім, аудандық, облыстық газеттердің әдеби қызметкері, 1962-1972 жж. «жұлдыз» журналында, «қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, қазақстан жазушылар одағында кеңесші, көркем әдебиетті насихаттау бюросының директоры, 1972-1977 жж. қазақстан кп орталық комитетінде жауапты қызметкер, 1977-1980 жж. «қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, 1980-1984 жж. [[қазақстан жазушылар одағы]]ның хатшысы, 1984-1986 жж. «жазушы» баспасының директоры, 1988-1991 жж. қжо-ның екінші хатшысы болған. xi сайланған қазақ кср жоғарғы кеңесінің депутаты. жазушының алғашқы шығармалары 50-жылдардың аяғында жариялана бастаған. содан бергі уақытта әңгімелері мен повестерінің «менің қарындасым» (1961), «ауыл оты» (1964), «көкорай» (1967), «отау үй» (1968), «жабайы алма» (1972), «дос іздеп жүрмін» (1973) жинақтары, таң шығармаларының бір томдығы (1981), 1986 және 1991 жж. екі томдығы, 2004 жылы «ескек жел» атты әңгімелер жинағы жарық көрген.
druzjkinaas22
11.05.2021
Етістіктің 3 шағы бар: осы шақ, өткен шақ, келер шақ. осы шақ осы шақ сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың, іс-әрекеттің болып жатқанын, не дағдылы түрде болып тұратынын білдіреді. мысалы, “келе жатыр”, “оқып отыр”, “жел соғады”. осы шақтың 2 түрі бар: 1)ауыспалы осы шақ. 2) нақ осы шақ. ауыспалы осы шақ “-а”, “-е”, “-й” көсемше тұлғалы етістіктің жіктелуі арқылы жасалады (“мен жүземін, оқимын”. “сен жүзесің, оқисың”. “сіз жүзесіз, оқисыз”. “ол жүзеді, оқиды”). немесе дағдылы түрде болып тұратын құбылыстарды білдіреді: “жаңбыр жауады”, “құс ұшады”, “ит үреді”. бұл етістіктің осы не келер шақты білдіріп тұрғаны сөйлемнен анықталады. нақ осы шақ қалып етістіктің (“жүр”, “жатыр”, “отыр”, “тұр”) тікелей жіктелуі арқылы немесе негізгі етістіктерге осы қалып етістіктердің тіркесіп, жіктеліп келуі арқылы жасалады (“мен отырмын, жазып отырмын”. “сен отырсың, жазып отырсың”. “сіз отырсыз, жазып отырсыз”. “ол отыр, жазып отыр”). мұнда нақ осы шақтық мәнді қалып етістіктердің семантикасы береді, сондықтан өзге түбір етістіктерден өзгеше тікелей жіктеледі. оның мәні қалып етістіктердің қазіргі тұлғалары түбір емес: “отыр” — “ол турур”, “тұр” — “тұрұр”, “жүр” —“жүрүр”, “жат” — “жатыр”, яғни болып жатқан қимылды білдіретін “ур”, “ұр”, “үр”, “р” қосымшаларының кірігуінен жасалған. өткен шақ өткен шақ — іс-әрекет, қимылдың сөйлеп тұрған уақыттан бұрын болып өткенін білдіретін етістіктің шақтарының бір түрі. өткен шақ 3 топқа бөлінеді: 1) жедел өткен шақ “-ды, -ді”, “-ты, -ті” жұрнақтары арқылы жасалып, іс-әрекеттің жуық арада ғана болып өткенін, аяқталғанын көрсетеді. мысалы: “келдім”, “таптыңдар”. 2)бұрынғы өткен шақ іс-әрекеттің сөз болып отырған уақыттан көп бұрын іске асқанын білдіріп, айғақты түрі есімшенің “-ған, -ген”, айғақсыз түрі көсемшенің “-п”, “-ып”, “-іп” тұлғаларындағы етістіктің тікелей жіктелуі арқылы жасалады. мысалы: “барған”, “айтқан”, “барыпты”. 3) ауыспалы өткен шақ — іс-әрекеттің бірнеше дүркін болып өткенін білдіреді. есімшенің “-атын, -етін”, “-йтін” формалары арқылы жасалады. мысалы, “тыңдайтынбыз”, “көретінсіңдер”. келер шақ іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен кейін болатынын білдіретін етістіктің бір шағы. келер шақ келер шақтың негізгі 3 түрі бар: 1) болжамды келер шақ — есімшенің “-ар”, “-ер”, “-р”, “-с” қосымшалары арқылы жасалады: “берерміз”, “айтпассың”. болжамды келер шақ аналитикалық тәсілмен: “-атын”, “-етін” есімше тұлғалы етістікке “шығар”, “секілді”, “тәрізді” сөздері тіркесуі мен “-і” тұлғалы тұйық етістіктің тәуелдік немесе барыс септік формасына “мүмкін”, “тиіс”, “қажет”, “керек” тәрізді сөздердің тіркесуі арқылы жасалады. 2)мақсатты келер шақ етістік түбірге “-мақ, -мек”, “-бақ, -бек”, “-пақ, -пек” қосымшалары жалғану арқылы жасалады: “жүрмек”, “айтпақпын”. 3) ауыспалы немесе жалпы (анық) келер шақ — етістік түбірге көсемшенің “-а”, “-е”, “-й” қосымшалары жалғанып, жіктеліп жасалады. мыс.: “барады, оқиды”.