diana-kampoteks
?>

Написать сочинение на тему " моя любимая машина" на казахском языке

Казахский язык

Ответы

garunkhachatryan
Көліктің рулін ұстағаныма жылдан асты. Менің машина алғаным да қызық болды, аяқ астынан асығып үсігіп бір аптаның ішінде алып тындым, онда да бір әйелдің мініп жүрген машинасын тартып алғандай қып сатып алдық. Себебі машина таңдап берген танысым осыны алсаң өкінбейсің деген еді. Сонымен, машинамды ГАИ дың қасында, ақшасы төленіп, құжаттарды толтырып болғасын бір-ақ көрдім. Қызыл түсті 95 жылғы Гольф-3. Механика, көлемі 1.8, қосымшадан аэрбагы мен кондиционері бар. Машина бір көргеннен ұнады, Германияда әйел адам жүргізген, Қазақстанда да солай, ешбір қиналмаған, салоны тап-таза, жүргенде ешбір сықыр естілмейтін машина екен. Тағы бір ұнаған жері электропакет емес, сондықтан терезесі ашылып-жабылмай қалады, т.б. деп қорықпайтын болдым. Қарапайым, түсінікті, ықшам, жылдам және тіл алғыш машина. (Оның бәрін қазір түсіндім ғой, басында ештеңе түсінбейтінмін). Хош, сонымен машина алынды, жайлап жүре бастадым. Осы бір жыл ішінде байғұсқа иттің тынымдай тыным болған жоқ. Мен вахтада жүрген кезде інім, вахтадан келгенде өзім әйтеуір бір күн тыным көрген емес. Қай жері бұзылды деген сұраққа келсек – ең ірі көлемдегі жөндеуім бензонасосын ауыстырғаным. Қытайдыкін салдым, 5500, жұмысымен 7000 ға шықты. Майдың датчигін, бензиннің фильтрін ауыстырдым, комплект свечи ауыстырдым. Сосын әрине май ауыстыру, фильтрін ауыстыру, ауа фильтрі, қыстық-жаздық жаңа дөңгелектерін есептемегенде. Олар кез-келген машинада жасалынуы керек, су жаңа болмаса әрине. Болды. Сонымен жылдын 4 мезгілінде тыным таппайды, ішіне құрылыс жүрген кезде ағаш, цемент, кірпіш, тұрба т.б.материалдар салынып тасылды, қысқасын айтқанда бір Газельдің қызметін атқарды десе де болады. Трассада 120-130 ды қиналмай ұстайды, одан артыққа көтермеймін, жол жаман. Қыста аккумуляторы күшті болса бір салғаннан оталады (тьфу-тьфу).Ішқұрылысы қарапайым, кез-келген ТЖО да қарай береді, бөлшектері арзан. Жеңіл-желпі балшықтардан шебер айдасаң өтіп кетеді. Тек клиренсімен балшық сүзіп, радиаторды бітеп алмау үшін ондайдан қашамын. Жалпы машинамды өте жақсы көрем және әзірге ауыстыра қояр ойым жоқ. Берер бағам – немістердің шығарған ең қарапайым және сапалы көліктерінің бірі. Соңғы шыққан Гольф -4, 5 модельдер ұнамайды. Несімен? Бірінші бұрынғы сапалы металл мен салонның сапалы пластигі жоқ. Мысалға көлемі 1.6 Гольф -4 оған қоса кондері бар, бізді ыстықта және біздің жолдарда өте тиімді машина емес, өз денесін өзі тарта алмайды деді бір танысым. Сатайын деп жүр. Сондай ақ мысалға Хюндай Аксенттер сырты әдемі болғанмен ішіне отырсаң картон қағаздан жасалғандай әсер береді.
rubanvladimir374

Музыка-бұл дыбыс шығару және оны үнсіздікпен біріктіру арқылы адамның есту органдарына әсер етуден тұратын өнер түрі.Музыка-планетамыздағы ең әдемі құбылыстардың бірі. Жақсы есту арқылы адам музыка тыңдаудан ләззат ала алады.

Музыка өте әртүрлі. Ежелгі уақытта оны ең күрделі музыкалық аспаптарда жақсы ойнай білетіндер ғана жасай алады. Бүгінгі таңда компьютерлер мен ақпараттық технологиялардың дамуы арқасында электронды музыка пайда болды, оны жасау үшін музыкалық аспаптарды пайдалану қажет емес.

Музыканы тыңдаудың әртүрлі формалары бар. Кейбіреулер үйде зейнетке шығуды және музыканы жалғыз тыңдауды жөн көреді, ал басқалары компанияда музыка тыңдағысы келеді, сондықтан концерттерге үнемі қатысады. Бұл формалардың әрқайсысының өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар, әртүрлі адамдар өздеріне ұнайтын нәрсені таңдай алады.Сонымен қатар, музыка орындаушылардың концертінде ойналған кезде сапалы және табиғи болатындығын атап өткен жөн.

Адамзат неғұрлым ұзақ өмір сүрсе, соғұрлым музыкалық жанрлар пайда болады. Әлемнің дамуы және ойын-сауықтың жаңа формаларының пайда болуы адамның музыкаға деген сүйіспеншілігінен айырылуына әкелген жоқ. Классикалық музыкаға қоса, қазіргі адамдар рок музыкасын, рэп музыкасын, электронды музыканы және басқа да көптеген жанрларды тыңдайды.

Бұл өнер формасының мұндай байыпты дамуы табиғатта адамның музыкадан ләззат алуына, одан ләззат алуына және басқа адамдар бағалай алатын музыканы жасауға тырысатындығын растайды.

Өнердің әр түрі өзінше жақсы, бірақ, менің ойымша, музыка олардың арасында жеке, ерекше маңызды орынға лайық. Керемет қуаныш болуы мүмкін адам ұсталды тыңдаумен музыка. Музыканы тыңдау, ләззат алу мүмкіндігін жоғалтпау үшін есту қабілетіңізді сақтау, құлағыңызға қамқорлық жасау және жоғары көлемде музыка тыңдауды теріс пайдаланбау маңызды.

Объяснение:

Надеюсь,что

borvalmok432

Пікір. Қиястың әкесі майданға кетіп, науқас шешсін бағу үшін  оған егістікті өз қолына алуға тура келді.

Дәлел. бірінші абзацтың соңғы жағындағы сөйлемдерден Қиястың отбасының ауыр жағдайын көруге болады.

Мысал. Кейде осындай жағдайлар өмірде де кездесіп жатады. кей отбасыларда әкесі кетіп қалып немесе ішімдікке салынған кезде ананың балаларын бағуы немесе жетім қалған балалардың бірі екіншісіне қарасуы кездесіп жатады. Мұндай жағдайда бүкіл ауыртпалық қияс сияқты үйдің үлкеніне түседі.

Қорытынды. Он төрт жасар жігіт тақырыбында Қиястың іс-әрекеті суреттелген. оның анасы науқас, әкесі майданға кеткен,сондықтан үйінің барлық ауыртпалығын өз мойнына алған. егін ісін толық білмесе де отбасы үшін барын салып жүр. Бұл нағыз қайсарлық деп білемін. Қарап отырсақ Қияс істеген жұмыс қазіргі он төрт жастағылардың бәрінің қолынан келе бермейді.

Объяснение:

Дұрыс

Объяснение:

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Написать сочинение на тему " моя любимая машина" на казахском языке
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

marinamarinyuk39
Андреевич-Екатерина1974
lazu8375
misie1974
Anna572
vintazhvintazh90
intermar2000
alexst123012225
corneewa20096
Minchenkova
vik1223
dzo-dzo
Suralevartem
Наталья_Владимир708
An-solomon