Alekseevich_Viktorovna
?>

10 предложений про айт кундеры на казахском языке

Казахский язык

Ответы

lera4075
Құрбан айт - мұсылмандардың ең қасиетті мерекесі. Әрбір мұсылман мүмкіндігі болса құрбан шалады, мал сояды.Құрбандыққа қой, ешкі, сиыр және түйе малын шалады. Бұл мерекенің ең маңызды амалы. Айт күндері ерте тұрып, мешітке барып дұға оқылынады. Айт күндері бүкіл мүсылман таза, жаңа киімдерін киеді. Жетім-жесір, кембағал кісілерді сый-сияпат беріп қуантады. Әке-шеше, жолдас, туыс, дос және көршілердің үйіне айттап барады. Ораза айты үш күн, ал құрбан айт төрт күнге созылады. Мұсылмандар айт күндеріне үлкен мән береді. Өйткені, бұл күндер - күнәлар кешірілетін, бірлік пен ынтымақтастық сезімдері ұштасқан күн!
tanu0618

Тарихи жәдігерлер.

Мұражай – жәдігерлер мекені, тұнып тұрған тарих. Ал тарих туған жерден басталады, сондықтан, менің ойымша, әрбір азамат өзінің туған жерінің тарихын білуі тиіс.

Мұражай – тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, т.б. мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме.

Мұражайға саяхат жасау жалпы ой – өрістің кеңеюіне, тұлғаның үйлесімді дамып, қалыптасуына зор ықпалын тигізеді. Сонымен қатар, оқушыларды ұлтжандылыққа, мәдениеттілікке, өз елінің тарихын құрметтеуге тәрбиелеп, шежірелі өлкенің тарихын біліп қана қоймай, оны сүйіп, құрметтеу әрбір азаматтың міндеті екендігін жете түсінуіне көмектеседі.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы аясында еліміздің түкпір – түкпіріндегі оқушылар тарихи - өлкетану мұражайларына саяхат жасау өскелең ұрпаққа терең ой салады деп ойлаймын. Тіпті шетелге саяхатқа шыққанда мұражайға барсаң сол елдің өткені жайлы барлық мағлұматты алуға болады.

Қазіргі заман ағымымен мұражайға бару қалыс болып бара жатқанымен, Туған жерінің тарихы мен мәдениетін білу мақсатында жас ұрпақты мұражайға апарып, түрлі жәдігерлермен таныстыру керек деп есептеймін.

arhangel1055
Әр ұлт өзінің ана тілін біледі. Оны қадірлеу, құрметтеу керек. Сен өз ана тіліңде сөйлеп, ойыңды білдірсең, оны құрметтегенің. Біздің тіл – өте бай тіл. Қазақ тілін меңгеріп, сол тілде қарым-қатынас жасап, білімді азамат болуға ұмтылу – адамдық парызымыз. Әрбір қазақ бір-бірімен қазақша сөйлесіп, ана тіліміздің деңгейін көтерсек ғажап болар еді. Қазақстанның болашағы – мемлекеттік тілінде. «Жастарымыз ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болсын»,– деп Елбасымыз тегін айтпаса керек. Сол себепті де ана тілімізді өркендететін өзіміз екенін ұмытпауымыз қажет.

Ойтолғау
Менің қазіргі алға қойған мақсатым оқуымды үздік бітіру. Ол үшін адамда өзінің бойында осы мамандыққа деген сүйіспеншілігі мен өзіне деген сенім болуы қажет. Бұл мамандыққа жету екінің бірінің қолынан келмейтін іс. Сондықтан мен ешкім жетпеген жеңістіктерге жеткім келеді. Дәрігер болу үлкен мәртебе деп білемін. Мамандық таңдау үшін адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Меніңше дәрігер болу менің қолымнан келеді. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істелген іс биігіне жеткізетін қанат. 

Дәрігер - арыстандай айбатты, қыздай икемді, анадай мейірімді болуы керек деген ата - бабамыздың айтқан ұлы да ұлағатты сөздері бар. Сол сөзді тереңінен қарастырар болсақ ол сөздің мағынасы: арыстандай айбатты деген еш нәрседен қорықпайтын өзінің бойын қорқыныштың баурап алуына жол бермейтін деген мағынада, ал қыздай икемді деген өз ісіне байыппен қарайтын, өз ісіне сеніммен қарай білетін жандар, ал анадай мейірімді деген науқастарға мейірімін төге білетін өзінің анасы өзіне қандай мейіріммен қараса, ол да науқастарға сондай мейіріммен қарай білетін жандар деп ойлаймын. Егер осы аталған қасиеттердің барлығы мамандық иесінің бойынан табыла білсе, ол үздік дәрігер атанар еді.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

10 предложений про айт кундеры на казахском языке
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

eeirikh
Сергей_Крутикова114
Теплова
Volkov
nickname0091
Елена Надыч524
mikchaylovaalex
anitanemtsewa
rendikalogistic
Вячеслав
nunabat457
rinan2013
lulu777
Виктор-Богданов
jnrhjq3597