sashakrotova943
?>

Биз бейбитшиликти суйемиз такырыбында шыгарма

Казахский язык

Ответы

arbekova
Біздің ата-бабамыз түрлі қанқұйлы соғысты басынан өткерді. Олардың ең соңғысы – Ұлы Отан соғысы болды. Олардың соғысқа қатысқандағы мақсаты – ұрпақтарының, яғни, біздердің жақсы өмір сүруімізді, бейбітшілікте өмір сүруімізді қалады. Осылайша, аттың жалында, түйенің қомында жүріп, біздерге бейбіт өмірді орнатып берді. Уақыт өткен сайын аталарымыз сыйлаған Жеңістің маңызы артып келеді. Олар көрсеткен ерліктері бүгінгі ұрпаққа өнеге. Отансүйгіштік қасиет әркезде де қастерлеуге тұратын қасиеттердің бірі. Осы ұғым біздің үлкен құндылығымыз болуы керек деп ойлаймын. Тек майданда ғана емес, тылда жұмыс істегендердің де еңбегін жоғары ілтипатқа лайық. Себебі олар соғыс кезінде майдан шебіндегі солдаттармен бірдей қиыншылық көрді, бірдей азап шекті. Ашаршылық пен ауыртпалықты бастан кешкен олар да Жеңісті жақындатуға көп үлес қосты. Таңның атысынан күннің батысына дейін тізе бүкпей жұмыс істеген сол бір қайратты да қайсар жандарға да бүгінгі ұрпақтың ризашылығы шексіз болса керек.Үлкен қауіп пен қатер, қайғы мен қасірет төнген сол бір ауыр уақытта біздің халқымыз сыннан сүрінбей өтті. Оттан да ыстық Отан үшін от кешкен майдангерлер өшпес ерлік көрсетті. Бұл тарихқа алтын әріптермен жазылды. Олардың қаһармандық өнегесі бүгінгі жас ұрпақтың жадында мәңгі сақталуы тиіс. Отаншыл болу – ең алдымен өткенді білу. Осынау қойнауы қазынаға толы байтақ даланың әр пұшпағын бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғағанын ұмытпау – парыз.. Отан сенің отбасыңнан, аядай ауылыңнан, сол жердің тасынан, суынан, топырағынан басталады. Қазақ жері – киелі, қасиетті. Оны малмен, ақшамен, алтын-күміс, асыл тастармен бағалауға келмейді. Отаншыл болу – ұлтжанды болу. Ұлтсызда Отан жоқ. Болмақ емес. Ата салттың қадіріне жетпеген, ана тілін ардақтай алмаған бозөкпе отаншыл болып жарытпайды. Қай жерде «қарны тоқ, көйлегі көк» болса, сол жерді жайлы мекен санайды. Отаншыл болу – бір-біріңе бауырмал болу. «Жақыныңды жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін» дейді дана халқымыз. «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең, істің бәрі бос» дейді кемеңгер Абай.. Ынтымағы жарасқан елді көргенде, жаудың құты қашады. Бірлігіміз барда тас қамалдай берікпіз. Қай кезде де азаматтың өз Отаны алдында парызы болады. Азаматтың қасиетті борышының бірі – Отан алдындағы парызын өтеу. Кез келген адам бейбіт заманда да Отанын қорғай алады. Ол дегеніңіз қолға қару алу емес, өз Отаныңның білімді, өркениетті, салауатты перзенті бола алу. ”Отан үшін отқа түс, күймейсің” деген екен батыр Бауыржан Момышұлы. Ол – Отан үшін еткен еңбектің ешқашан зая кетпейтіндігі. Халқымызда «Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан болады» деген мақал бар. Жастар өз Отанының нағыз патриоты бола алу үшін үлкендер де өз соңынан ерген ұрпақты дұрыс тәрбиелеуі керек. «Отаным маған не бересің деп емес, Отаным, мен саған не бере аламын?» деп өсу керек. Сонда елімізде әрқашан да бейбітшілік болады. Себебі, ертеңгі елдің тізгінін ұстар азаматттар білімді болса, олар барлық қиыншылықтарды ақылмен шеше алатын болады. Соғыс кезінде қаншама жастар қыршынан қиылды. Олар Отан үшін жанын пида етті. Ал олардың әрқайсысының анасы, баласы, сүйген қыздары, үлкен-үлкен армандары бар еді. Бірақ олар елге қауіп төнген кезде барлығын да құрбан етті. Жап-жас болса да Отанын қорғап жатып жан тапсырды. Бұл – шынында да ерлік болатын. Майдан шебінде жанын пида еткен жауынгерлер мәңгі есімізде қалады. Отан үшін отқа түсіп, Жеңіс сыйлаған ардагерлерге тағзым етеміз. Сұрапыл да жойқын соғыста қыршынынан қиылған жауынгерлер есімі ел есінде мәңгі сақталады.
edubenskaya
Менің мамандығым-менің болашағым.
Мен студентпін, болашақ мамандығым менеджмент. Алматыда бірінші курста оқимын. Мен оқуға енді түстім. Мамандығым туралы әзірге көп біле бермеймін. Білетінім: Менеджмент - халықаралық бағдарлама. Бұл бағдарлама студенттерге динамикалық өзгеріп отыратын жағдайларда болашақ мамандардың маңызды стратегиялық шешімдер қабылдауына және басқару әдістерімен құрылыстарына білімнің теориялық негіздерін береді. 
Бұлар:
Бизнес бағдарлама
Іскерлік қатынас
Инновациялық менеджмент
Маркетинг
Халықаралық бизнес
Менеджмент
Кәсіпкерлік
Жобаларды басқару
Бизнестің даму стратегиясы
Қызметкерлерді басқару.
Пәндер: 
Берілгендерді талдау және экономикалық болжау
Бизнес идеялар және мүмкіндіктер
Іскерлік этика
Бизнестеге компьютерге қосымшалар
Маркетингтік коммуникация
Халықаралық экономика
Бизнес бағасы және компания құны
Газмұнай жобасы және бағасы
Аралық қаржылық есеп.
Міне, менің болашақ мамандығым.
ElenaEgorova1988576

Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің айырмашылығы.

Ауыз әдебиеті (фольклор) мен жазба әдебиет айтылу, таралу ерекшеліктері және идеялық-көркемдік өрнегі бойынша бір-бірінен бөлек дүниелер. Бұл өзгешелік көркем шығарманың жаратылысындағы мезгілдік және мекендік өлшемдерден айқын көрінеді. Ауыз әдебиеті табан астынан тыңдаушыға арналып айтылатындықтан (немесе орындалатындықтан) және суырып салып шығарылатындықтан мезгіл жағынан шектеулі болады, яғни әр жолды, әрбір шумақты, бейнелі тіркестерді айтушының ұзақ уақыт ойланып-толғанып отыруына мүмкіндік жоқ. Сондықтан көркем шығарманы алғаш шығарып отырған мезгіл де, оны ауызша орындау уақыты да бұл арада бірдей. Себебі ауызша шығарма тыңдаушы алдында қолма-қол шығарылатындықтан оны жазба әдебиетіндегідей үздік-создық, бірде жылдамдатып, бірде үзіліс жасап, ұзақ ойланып шығаруға мүмкіндік жоқ. Сөйте тұра табан астында шығарылған өлең-жырдың эстетикалық қуаты, нысанаға дөп тиіп жатқан әсерлілігі, өнер ретіндегі өзгешелігі тыңдаушысын қашанда тәнті еткен. Бұл жағынан жазба әдебиеттен оның қызметі бір де кем емес. Дегенмен, ауыз әдебиетінің импровизаторлық сипаты оның көркемдік табиғатының өзгешелігін көрсетеді. Атап айтқанда, ауыз әдебиеті шығармаларында ортақ сюжеттер, сарындар, тұтас шумақтар, бейнелі тіркестер, өлеңнің даяр үлгілері мен ұйқастары жиі кездеседі. Әрі мұндай қайталаулар мен ортақ белгілер ауызша жырлаудың белгілі бір дәрежедегі “қалыптық” сипатымен байланысты, яғни ауызша айту қалыптасқан үлгілер арқылы жүзеге асырылады. Ал жазба әдебиет табиғаты бұл жағынан мүлде бөлек. Жазбаша шығарманың жазылу процесінде тыңдаушыға тәуелді уақыт шектеушілігі мұнда болмайды. Жазушы мен жазба ақынның көркем шығарманы жарату кезіндегі уақыт еркіндігі мол. Осыған орай даяр үлгімен шығару, шығарманың түрлі деңгейлеріндегі қайталаушылық пен біркелкілік жазба әдебиетке жат. Бұл өзгешелік сөз өнерінің осы екі түрінің көп нұсқалы болу-болмау сипатына да тікелей қатысты. Ауыз әдебиеті ауызша шығарылып, ауызша тарайтындықтан шығарманың үнемі өзгеріс үстінде болатындығы заңды құбылыс. Себебі ауызша айту, бұрын шығарылған тексті орындау — ешбір өзгеріссіз қайталап шығу емес, керісінше, ол — шығармашылық процесс. Онсыз шығарманың заман ағымына лайық қайта түлеп отыруы мүмкін болмайды. Әсіресе, ірі жанрларға тән осы ерекшелік шығарманың бір айтушыдан екінші айтушыға, бір дәуірден екінші дәуірге ауысу барысында айрықша көрінеді. Ауыз әдебиетінің көпнұсқалы болуына ықпал ететін жағдайлардың бірі — тыңдаушылар ортасының өзгеріп отыратын әлеуметтік талап-тілектері мен көркемдік сұраныстары.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Биз бейбитшиликти суйемиз такырыбында шыгарма
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

Anzhelika-Bulanov802
Olga1509
Ladyby6224
Пономаренко
andreykrutenko
sevro3038
sensenagon50
warlordkolomna
maxborod
patersimon1
igortychinin
A2017
elav20134518
Гаевая1290
Litvin_Ivanov