Шынайы достық
Шынайы дос әрдайым сені ойлап жүруі керек . Дос іздегенде амал емес адал дос ісдеу керек. Дос сенің өмірлік нұсқаң болады. Сол себепті досты дұрыс таңдай білу өте маңызды.
Шынайы дос әрдайым сені ойлауы керек. Қиын шақта қолын сілтеп кетіп қалмауы керек . Әрі достыққа берік болуы керек. Сен досыңа берік , ол саған берік болуы керек.
Әрі сенде досыңа адал болуың керек. Онсыз адамда шын достық орнауы мүмкін емес.
Және дос сенің қате - кемшіліктеріңді түзей алатындай болуы керек. Сол үшін ақылды дос таңдау керек. Әрі өзіңде досыңа ақыл көрсетуің керек.
Міне нағыз достық осындай болуы керек.
Жұрнақ[1] – жалғанған сөзінен жаңа сөз тудыратын немесе сөзді түрлендіретін қосымша. Қазақ тіліндегі жұрнақ мағынасы мен қызметіне қарай екіге бөлінеді:
сөз тудыратын жұрнақтар өзі жалғанған сөзінен жаңа сөз тудырады. Мысалы, “жылқы-шы”, “біл-ім”, “жасы-қ”, “таға-ла”;
сөз түрлендіретін жұрнақтар өзі жалғанған сөзіне үстеме мағына қосып, сөздің тұлғасын өзгертеді. Мысалы, “көк-шіл”, “көк(г)-ірек”, “сары-лау”, “сары-рақ”, “жаз-ып”, “жаз-ғалы”. Жұрнақтар сөзге белгілі бір жүйеде рет-ретімен жалғанады.
Түбірге тете сөз тудыратын жұрнақтар, одан кейін сөз түрлендіретін жұрнақтар, бұлардан соң жалғаулар орналасады. Жұрнақтар түбірге де, туынды сөзге де жалғанады (“бас-шы”, “басшы-лық”, “ұйы-м”, “ұйым-дас-тыр-у-шы”). Жұрнақ құрамы мен қолданылу ерекшеліктеріне қарай да бірнеше топқа жіктеледі. Мысалы, жалаң, құранды, көп мағыналы, дара мағыналы, омонимдес, синонимдес, көне, жаңа, т.б. жұрнақтар. Шығу тарихы жағынан кейбір жұрнақтар жеке сөздердің көмекші морфемаға айналуынан пайда болған. Мысалы, “баратын”, “келетін” деген сөздердің құрамындағы “-тын/-тін” жұрнағы “тұрған” деген сөздің өзгеріске ұшырап, ықшамдалуынан (“бара тұрған – баратын, “келе тұрған – келетін”) жасалған. Жұрнақтардың бір тобы өзі жалғанған сөздердің мағынасын, түбірдің грамматикалық сипатын өзгертуі жағынан сөзжасам қосымшаларына жақын да, бір тобы жалғауларға жақын. Сондықтан олардың бір түрі модификациялық жұрнақтар, екінші түрі таза грамматикалық жұрнақтар деп қарастырылып жүр. Модификациялық жұрнақ жаңа мағыналы сөз тудырмағанмен, түбірге қосымша грамматикалық мағына үстеумен бірге түбір сөздің лексикалық мағынасына семантикалық реңк қосады. Қазақ тілінде модификациялық жұрнақтарға зат есімнің реңдік мәнді жұрнақтары, сын есімнің шырай жұрнақтары, реттік сан есім жұрнақтары, етістіктің етіс, күшейтпелі етістік, болымсыз етістік жұрнақтары жатады. Ал грамматикалық немесе категориялық жұрнақтар өзі жалғанған түбірге таза грамматикалық мағына үстеп, белгілі бір сөз табындағы түрленуінің көрсеткіші болады. Мысалы, есімше, көсемше, рай, шақ тұлғалары етістіктің түрлену көрсеткіштері болып табылады.[2]
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Пысықтауышқа мысалдар.
Пысықтауыш: етістіктен болған мүшенің қасиетін жан-жақты анықтайтын, яғни оның жай-күйін, сын-сипатын, мөлшерін, мезгіл-мекенін, себеп-мақсатын көрсетеді.
Мысалы: 1. Түске таман (қашан?) ол да келіп қалды. – мезгіл пысықтауыш
2. Ол үйге қарай (қалай қарай?) кетті. – мекен пысықтауыш
3. Володя қазақша (қалайша?) сөйледі. – амал пысықтауыш
4. Мен сені сағынып (не себепті?) келдім. – себеп пысықтауыш
5. Әсем дүкенге кітап алғалы (не мақсатпен?) келді. – мақсат пысықтауыш
Толықтауышқа мысалдар.
Толықтауыш: баяндауышқа қатынасты болып, қимыл-әрекеттің объектісін білдіреді. Атау септігі мен ілік септігінен басқа септік жалғауларының бірінде болады.
Мысалы: Атасы баласын (кімді?) шақырды.
Оған (кімге?) көмектесу керек.
Қасқырлар көк шолаққа (неге?) ауыз салды.
Мен Айданамен (кіммен?) сөйлесіп, кездесу туралы ұсыныс жасадым.
Анықтауышқа мысалдар.
Анықтауыш: сөздің сынын,қасиетін, белгісін, басқа да сипаттарын білдіреді.
Мысалы: Зейнептің көздері үлкен (қандай?), кірпіктері ұзын (қандай?).
Оқыған (қандай? Қай?) кітаптарым мені іске бастады.
Жаңадан тұрғызылып жатқан (қандай?) үй осы жылдың аяғына дейін тұрғындарға тапсырылады.
Ашынған (қайткен? қандай?)әйел мән - жайын айтады.