Калмыкова-Петрунина
?>

Вас вся надежда! мектептеріңде қандай спорт үйірмесі бар екенін жазыңдар

Казахский язык

Ответы

Valerevna-Vardan
Біздін мектеп улкен болғандықтан,мунда көптеген спорт турлері бар.Мысалға:басткетбол,волейбол,шахмат жəне т.б.Мундағы барлық уйірмелер оқушылар ушін пайдалы.Жəнеде бапкерлер оқушыларды бірнеше жарыстарға алып барады.Уйірмелерге қатысып,спортпен шалдықсан ол өзіне жақсы болады.Сондықтан барынша спортпен айналысып,уйірмелерге қатысқан жөн.
tatiyanabe2013727

табиғат аясында әңгіме

Табиғат - адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағын шашатын сұлулық пен әсемдік әлемі, баға жетпес байлық. Ол – ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі, сондықтан халқымыз: «Табиғат - адамзаттың өмір нәрі, қажеттінің табылар содан бәрі» - деп бекер айтпаған. Қазіргі уақытта жас ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуына ізгілік, ғылымилық, жүйелілік ұстанымдарына негізделген үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін құру, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін саралау өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Табиғатпен таныстыру – балалардың танымын дамытудың басты құралдардың бірі. Мұнда балалардың қоршаған орта жөніндегі ұғым түсініктерін байытатын жалпы және нақты ғылыми мәліметтер алуының маңызы зор. Табиғатпен таныстыру барысында «Табиғат – бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал бесігі, өсіп-өнер мекені» екендігі жөнінде нақты түсініктер беріледі.

Yevgenii1423

Біржан сал Қожағұлұлы – Қазақ халқының әйгілі әнші-композиторы, ақын. Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданына қарасты Жаңажол ауылында 1825 жылы дүниеге келіп, 1897 жылы Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданына қарасты Қожағұл бүркеуі деген жерден топырақ бұйырған.

Біржан сал алғашқыда Қызылжардағы екі жылдық орыс-қазақ мектебін оқып бітірген. Сонсоң, осындағы медресеге оқуға түседі. Оның өнер жолына біржола бет бұруы осы медреседен басталады. Өйткені, медреседе ұстаздық еткен Имағамбет Ырғызбекұлы, Көрпеш Бахрамұлы деген кісілер төңірегіне аттары мәлім, өнерпаз адамдар болған.

Біржан сал қазақ халқының әншілік өнерін толыстырып, байытып, соны белеске көтере алған әйгілі композитор. Әрбір үлкен дарын иесі сияқты, ол қазақ ән өнеріне өзіндік өрнек салып, өзіндік дара ән мектебін орнықтырып кетті. Өзі ғұмыр кешкен заманның тарихи-әлеуметтік ахуалы, салт-дәстүрі, адамгершілік-ізгілік қасиеттері, әсіресе, адам сезімінің алуан толқыныстары оның әндері арқылы сұлу сазбен, асқақ рухпен бедерленіп отырады. «Ақтентек», «Біржан сал», «Айбозым», «Алтын балдақ», «Айтпай», «Көкек», «Жоныпалды» сияқты әндері қазақ ән өнеріне шырай беретін, шоқтығы биік асыл туындылар.

Біржан салдың сан-сала өнерпаздық қырының бірі – оның айтыскерлігі. Біржанның айтыс ақыны ретіндегі тегеурінді дарыны ақын Сарамен айтысында жарқырай көрінеді. «Біржан-Сара» айтысы қазақ сөз өнеріндегі қанатты шабыттың, эстетикалық биік өренің жарқын үлгісі болып табылады.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Вас вся надежда! мектептеріңде қандай спорт үйірмесі бар екенін жазыңдар
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

bezzfamilny631
KonovalovKonstantinovna1306
panstel
Альберт Татьяна
Сөйлемдерді оқы, толықтырып жаз
mixtabak2
Kochetova92
Nazaruk_Kodochigov
Yelena1458
oserdyuk41
shutovaa3471
alyonafialka
andreyshulgin835
Дмитриевич_Скрябин931
Арман Женикеев деген кім?​
kogakinoa
marketing