btatarintsev
?>

Рассказ про алатау на казахском с переводом на

Казахский язык

Ответы

household193
Жазғы демалысымды мен Алматы қаласында өткіздім,Алматы-ол Алатау өңірінде орналасқан қала,Біз отбасымызбен көлікке отырып Алматының көшелерін жағалап,мұзды айбын Медеоға бардық,Көктебеден Алматының барлық сұлу архитектураларын көрдік,Келесі күні  табиғатқа отбасымызбен шықтық,көлдің жағасына барып тоқтадық,Көлдің жағасында демалдық,теннис ойнадық,суға шомылдық,кебаптың екі түрін пісірдік,күніміз өте қызықты өтті,Жазғы демалысым осылай қызықты өттіна русском
И летний отпуск я провел в городе Алматы,Алматы-Алатау, расположен он в регионе,Мы с семьей возврату транспорт с улиц Алматы,Медеоға! айбын льда,все видели В Көктебеден архитектураларын сулу,на Следующий день мы выехали всей семьей на природу,на берег озера, где тоқтадық,ежегодно большое количество утонувших на берегу Озера,играли в теннис,шомылдық воду,два вида кебаптың пісірдік,день очень интересно,так интересно Летние
strannaya2018
Мақал мен мәтелдер
Мақал - мәтелдер – талай замандар бойы қалыптасып ұрпақтан ұрпаққа ауысып келген халықтық мұра, асқан шеберлікпен жасалған сөз өрнегі. Мақал - мәтелдерден халықтың ақыл - ой, даналығы мен тапқырлығын көреміз. Олар – келелі ой, кең мазмұнды бір - ақ ауыз сөзбен айтып, қорытынды жасаудың тамаша үлгісі, халық тапқырлығымен айтқанда, «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні». Мақал - мәтелдер әрі ықшам, әрі көркем түрде жасалып, терең ой, кең мазмұнды қамтиды.

Мақалдарда ой тұжырымдалып, даналық қорытынды, түйінді пікір түрінде айтылады. Мысалдар: Кең болсаң, кем болмайсың. Әзіл айтсаң да, әділ айт. Бидайдың кеудесін көтергені – дақылы жоқтығы, жігіттің кеудесін көтергені – ақылы жоқтығы. Тұз астың дәмін келтірсе, мақал сөздің сәнін келтіреді.
Мәтелдерде ой - пікір мақалдағыдай, тікелей кесіп айту түрінде емес, жанамалап нұсқай салу (ишара) түрінде айтылады. Мысалдар: Айдағаның екі - ақ ешкі, ысқырығың жер жарады. Баяғы жартас – бір жартас. Сөзіңді біреу сөйлесе, аузың қышып бара ма. Ит ашуын тырнадан алады.
Дубровская571

Дәрігер болғым келеді.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: “Жарқын болашақ жастардың қолында” дегендей, біздің болашағымыз өз қолымызда.

Мені өскенде кім боламын, қандай мамандықты таңдаймын деп ойланамын. Мамандық таңдау өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау деп түсінемін. Өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау деген сөз. Өмірде адам мамандық таңдағанда қателеспеу керек. Өмірден өз орнымызды тауып, адал еңбек ету әр адамның арманы деп ойлаймын. Әрине, әр адамның да таңдауы әр түрлі.

Мамандық таңдау өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт.

Менің арманым дәрігер болу. Дәрігер болуды жаным сүйеді. Дәрігер ол өзінің адамдарға берген шипасы, адамды сауықтырып, адамдарды өмір сүруге күш салатын жандар!

Дәрігерлерді халқымыз әдетте "ақ халатты абзал жандар" деп атайды. Себебі олар науқастарды емдеп, олардың жандарына араша түседі. Науқастардың жазылып кетуіне бар білімін, күш - жігерін жұмсап, аянбай еңбек етеді. Дәрігер болу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өйткені ол кісілер қашан болмасын көмекке келуге әзір болу керек. Бұл кісілер тынымсыз еңбек етеді.

Дәрігер болу үшін асқан шыдамдылық та керек, өйткені дәрігер болу үшін ұзақ жылдар ізденіп, оқу керек. Бірақ соңында емдеген адамың жазылып кетсе, одан асқан қуаныш пен бақыт жоқ деп ойлаймын. Бұл деген сенің еңбегіңнің бағаланғаны.

Дәрігер болу үшін өз жұмысыңа салғырт қарамай, тиянақты болу керек. Себебі адам өмірі мен денсаулығына қауіп төнуі мүмкін.

Болашақ мамандығымды дұрыс таңдадым деп нық сенемін.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Рассказ про алатау на казахском с переводом на
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*