мен павлодарда тұрамын, ол менің туған қалам, кіші отаным. сондықтан туған өлкемді қадірлеп, мақтан тұтамын. мектебім де қаланың орталығында орналасқан. мен үшін павлодардың орны ерекше.
павлодар қала ретінде xixғасырдан таныла бастаған. өзіндік тарихы бар туған қаламның бүгінгі көрініс көз тартарлық. ертіс жағалауы – павлодарлықтардың, қонақтардың демалыс орны. жыл барысында өткізілетін дәстүрлі мерекелер осы жағалауда орналасқан орталық алаңда ұйымдастырылады. павлодарды мәдени орталық ретінде көпшілік мақтаныш етеді. мұнда ж. аймауытов атындағы қазақ музыкалық драма театры, а.чехов атындағы орыс театры, өлкетану мұражайы, бұқар жырау, майра шәмсуддинқызы атындағы және көркемсурет мұражайлары бар. с. торайғыров атындағы пму, пмпи, инеу секілді жоо, көптеген лицейлер мен орта арнаулы оқу орындары бар. облыс орталығы болғандықтан ірі өнеркәсіп зауыттарынан алюминий, мұнай-, сүт өнімдерін т.с.с өндіріледі..
мынадай бақытты өмірде, тыныштығы жарасқан қазақ жерінде , павлодардай көркем қалада өсіп келе жатқаныма ризамын. келешекте өмірден өз орнымды тауып, кірпіш болып қалану- басты мақсатым.
Оқжетпес шыңы туралы қазақ халқының тұңғыш ағартушы ғалымы Шоқан Уәлиханов он бестен астам әңгімелер жинаған. Ал енді әйгілі Оқжетпестің жанында тұрған үш шынарға еріксіз көзіңіз түседі. Оны жергілікті халық «Үш діңгек» деп атап кеткен. «Апалы-сіңлілі үш ару» деген есімі де анда-санда айтылып жүр. Осы туралы бір аңыз бар. Ертеде Қарауыл ауылдарының бірінде елдің көркі бірақ дұшпандардың көз құрты болып апалы-сіңлілі үш қыз өмір сүріпті. Үшеуі де бірінен бірі өткен хас сұлулардың өзі болады. Орталарындағы жалғыз бауырлары Оқжетпес беті қайтпас батыр болып өседі. Үш апасын қызғыштай қорғап, қамқоршы бола біледі. Әбден өшіккен жау қапылыста баса-көктеп, елді шауып, үш ару мен бауыры Оқжетпесті қоршауға алады. Төртеуі шегіне атысып, кейін жылжи береді. Бір кезде ту сырттарына қараса, сыңсып тұрған орман, бау-бақша, мөлдір көл, көгілдір тауларды көреді. «Туған жердің мұндай балауса бағын дұшпандарға қалай таптатамыз, өзімізді қалай қорлатамыз?» – деп қайраттанған Оқжетпес пен оның ару қарындастары қатарласып, жауға қарсы тұра қалады да, тіп-тік шыңдарға айналып кетеді. Жұмбақтас туралы да мұндай аңыз-әңгімелер көп. Хан алдында басына теңдік тимейтінін сезген қалмақ қызы Оқжетпестен көлге құлаған кезде, су астынан қыз сымбаттас тас бейне шашын жайып шыға келеді. Ал оған Оқжетпес, Үшдіңгек, Бөлектау, Теміртау жан-жағынан қызыға, сұқтана қарап тұр. Тыңдалым бойынша орындалған тапсырманы сұрақтар арқылы талдау. - Оқжетпес шыңы туралы қанша аңыз бар екен? - Оқжетпес шыңының жанындағы шынарды жергілікті халық қалай атап кеткен? - Апалы-сіңлілі үш ару туралы қандай аңыз бар? - Жұмбақтас туралы қандай аңыз бар? Оқылым. Өлеңді мәнерлеп оқу. Жұмбақтас. Жұмбақтас туралы Сәкен Сейфуллиннің “Көкшетау” поэмасында мынадай шумақтар бар: Жұмбақтас — бейне арыстан шөгіп жатқан, Айбатты жалбыр жалын төгіп жатқан. Маңқиып Оқжетпеске қырын қарап, Суына Бурабайдың бөгіп жатқан. Жақын кеп қараған жан аңғал тасқа, Сүңгіген тұңғиыққа саңғал тасқа. Қызықты жаратылыс суретіне, Болмайды қайран қалып, таңқалмасқа. Оқушылар мәнерлеп оқиды, өлең жолдарын өз сөзімен айтады. Қысқасы, бұл кереметті сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, оны көзбен көру қажет. Сондықтан Бурабайға сапар шегейік. http://uskz.org/publ/ashy_saba_tar/bastauysh_synyp/burabaj_a_sapar/6-1-0-342
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Нужен доклад на казахском языке на тему "темекі саған дос емес" или "темекі - досың ба, дұшпаның ба? "
жыл сайын дүние жүзінде темекі шегудің салдарынан 4 млн. қайтыс болады екен. бүгінде жер шарында 1,2 млрд. темекі шегетін көрінеді. дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойнша 1997 жылы темекіден 3 млн. көз жұмған болса, бұл көрсеткіш жыл сайын 33 пайызға өсіп отырған. ал, қазақстанда қазіргі уақытта 5 млн.-ға жуық темекі шегеді екен.
дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебіне жүгінсек, егер жағдай өзгермесе, онда таяу жылдарда жарты миллиард ң түбіне темекі жетуі мүмкін көрінеді.
темекі тартатын күніне орта есеппен 200 рет, айына 6 мың рет, жылына 72 мың рет ішке түтін сорады. қызығы сол, темекі шегуді о баста «ойнап» бастаған 100 ң 80-і бірітіндеп тұрақты шылымқорларға айналады. қазір темекінің мыңнан артық зияны бар екені мәлім болып отыр. сондықтан, темекі шекпейтіндер оған жоламай-ақ қойсын, шылымқорлар одан құтылудың жолын қарастырсын.
темекі – денсаулығына қауіптілігімен қатар өзіне тәуелді ететін өнім. ашығында темекіні тастау ң мықты ниетіне, ерік-күшіне, сабыр төзіміне көп байланысты. әсілінде, ң нәпсісіне тыйым сала білетін ең тамаша уақыт – ораза ұстайтын рамазан айы. ораза ұстаған ң күні бойы темекі тартпағанына қарағанда, біраз сабыр көрсетіп, басқа кездерде де осы күйін жалғастырса, бір ай ішінде темекі дертінен құтылуға болады