ответ и обьеснение:
1.Атамекен-бұл ата қоныс. Атамкен-бұл біздің бабаларымыз, біз туып өскен жер.
Береке-қазақтың ең керемет сөздерінің бірі. Береке бұл-бақ, бақыт, тоқшылық, бірлік, молдық пен тыныштық.
Ұрпақ-бұл біз. Ұрпақ-өсіп келе жатқан ел болашағы.
Бостандық дегеніміз-емін еркін болу, бір адамға бағынышты болмау, қыран секілді шеті жоқ аспанда қалықтап ұшу.
2. Үлкендерден жиі еститінім еліне, халқына басшы бол. Қараңғыда жетелейтін жан бол. Елінннің мақтанышы бол, мына ата-бабадан қалған жерге иелік етіп, жаныммен сақта. Не болсада адам бол. Сондықтан ұрпаққа айтылатын аманат осы деп білемін.
Қойшы бала мен күшік
Бір бағыланды сойғызып,
Іргеге жастық қойғызып,
Үйіне болыс кеп отыр.
Кұйрыққа бауырды астарлап,
Пыс-пыс етіп қос қолдап,
Сылқылдатып жеп отыр.
Қасындағы хатшысы,
Алаңғасар атшысы -
Олар да асап жатыр-ау.
Поштабайың - пақырың,
(Асасаңшы ақырын!)
Қақалдың ғой, батыр-ау!
Бәйбіше мен бай да тоқ,
Қонақтан күтіп пайда жоқ.
Өз табағы өзінде...
Бір бала отыр анадай,
Беті-қолы қара май,
Кезі болыс көзінде.
Катқан тоңы қаудырап,
Табаққа көзі жаудырап,
Отыр бала есікте.
Аузы толған түкірік,
«Кет!»- деп қояды жекіріп
Қатар тұрған күшікке.
Бір мезгілде хатшы Иван,
Бір жілік ап атшыдан,
Есікке қарай лақтырды.
Жілік жерге жалп берді,
Жалп бергенде, тап берді,
Тап бергенде, шап берді.
He күтіп болар күшіктен?
Тістей салып, есіктен
Сып етіп шықты далаға.
Күшікке қайнап зығыры,
Артынан шықты жүгіре
Іле-шала балада.
Қойшы да болса бала еді...
Баланы не деп болады?!
Көңіліне қатты алғаны.
Шынымен көзге жас алып,
Үйді барып тасалап,
Күшікті теуіп қалғаны.
Үйде отырған бәйбіше:
«А, жүгірмек, қой десе!..»-
Деп балаға жекірді.
Сонда болыс ыңқ етіп,
Үйдің ішін мүңкітіп,
«Өһ!» деп бір кекірді.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Составить 6 предложения на тему казактын дастарханы