метафора--слово или выражение , употребляемое в переносном значении, в основе которого лежит неназванное сравнение предмета с каким-либо другим на основании их общего признака
Вячеславовна_Сагитович
06.05.2023
Менің Қазақстаным! Бұл сөзді жайбарақат айта салу қиын. Тіпті, мүмкін емес десе де болады. Оны айтқанда бойыңды ерекше сезім билеп, санаңда әлдебір жарқын сәуле жалт еткендей әсерге бөленесің.
Оны естігенде ел мен жерге деген махаббат, туған халқың мен туған топырағыңның алдындағы перзенттік парыз жайлы ойлар жадыңда оралады. Одан өміршеңдік пен өрлікке, оптимистік пен жасампаздыққа бастайтын айбынды азаматтық рух сезіледі.
Менің қазақстаным! Бұл – жігеріңді жанып, жүрегіңді баурайтын аса әсерлі сөздер. Оны ауызға алғанда кіндік қаның тамған киелі жермен, оның өткенімен, бүгінімен және ертеңімен тәңірлік байланыстылығын, табиғи біртұтастығын еске түседі.
Оны айтқанда арқаңды Алатауға тіреп тұрғандай тәкаппар да сенімді, алдыңда Сарарқаның сар жазирасындай шетсіз де шексіз ұлы жол жатқандай еркін, ару Ақжайықтың әбілхаят сумымен тазарғандай тұнық та сергек сезінесің.
Оны тыңдағанда құлағыңа киелі көк бөрінің тау мен тасты күңіренткен салқар сарынын, сағым қуып, самал желмен жарысқан сәйгүлік тұлпарлардың тұяғының дүбірін, қыран қанатының ғаламат суылын естігендей боласың. Қарлы шыңнан қияға көз салған қанатты барыстың тоятын таппай тоқтамас тегеурінді қимылы көз алдыңа келеді.
Менің Қазақстаным! Бұл – қазақ деген көнбіс те қайсар халықтың жүрек сөзі. Барша әлемге ашық, бар дүниесін тек қызығына шашу үшін жинайтын, қонағын құдайындай сыйлайтын, «көрші хақы – тәңірі хақы» деп есептейтін, аузын ашса – жүрегі көрінетін аңқылдаған ақ адал ұлттың жан тебіренісі.
fotostock
06.05.2023
Сочинение: Менің атым Мен .. жастамын. Мен Қазақстанның астанасы Астанға бардым. Астана әсем қала екен. Астана қаласында әдемі жерлер өте көп екен. Астанада Бәйтерек, Хан-Шатыр,Пирамида, Мега, Океанариум, Ақ орда т.б әдемі жерлер бар екен. Ақ ордада Қазақстанның елбасы Нұрсұлтан Назарбаев отырады. Мен Астананы аралап көрдім. Астанаға басқа жақтардан адамдар көп келеді екен. Олар әр бір жерді аралап суретке түсіп қайтады екен. Астана өте әдемі қала. Астанаға міндетті түрде бару керек. Әсіресе Астана түнде өте әдем. Бәр жер жарқырап тұрады, көліктерде азаяды. Маған Астана өте қатты ұнады. Мен Астанаға тағы барғым келеді. Туда где я точки поставила поставите свое имя и сколько вам лет!