Әнші болуды кім армандамайды дейсің. Бірақ, әнші болу үшін дарын керек. Бұл табиғаттың сыйы. Дегенмен, еңбек түбі зейнет. Еңбектеніп, көп ізденіп, арнайы білім ордаларынан , білікті ұстаздардан білім алсаң әнші болуың мүмкін.
Kochinev4
09.10.2021
Арада бір ғасырға жуық уақыт өткенде ең алғашқы ұялы телефондар пайда болды. Иллинойс технологиялық институтының түлегі Мартин Купердің өнертапқыштық бұл жаңалығын қазір әлем халқының жартысына жуығы күнделікті қолданып отыр
Ұялы телефонмен жасалған алғашқы нағыз байланыстың тарихы 1973 жылдың 3 сәуірінен басталады. Ұялы байланыс компаниясының қызметкері Мартин Купердің зерттеулер бөлімінің басшысы Белл Лабзға Нью-Йорк көшелерінде серуендеп жүріп соққан қоңырауы ұялы телефонмен алғашқы байланыс орнату саналады. Купердің өзі таратқыштан сигнал жіберу хаттамасының негізгі құрастырушысы еді. Ал ол қолданған телефонның салмағы, яғни ең алғашқы ұялы телефон 1,15 килограмм тартатын.
Сол уақыттары Нью-Йорк әлемдегі ұялы байланыстың базалық станциялары орнатылған әлемдегі жалғыз нүкте болды, төрт жылдан соң Чикагода 2000 абоненттік тәжірибелік ұялы желі құрылды. Ал 1979 жылы бұл өнертапқыштық жаңалыққа Күншығыс елі зор қызығушылық білдіріп, 88 базалық станциядан тұратын алғашқы ұялы байланыстың қызметін бастады.
agusarevich283
09.10.2021
Ауылымның тұрғындары таныс, көшелері таза. Әкем бізге ауыл таза болсын десе ауланы таза ұстаңдар дейді. Менің кішкентай сіңілім көшеде балмұздақ, шырын ішсе де қорабын далаға лақтырмай үйге алып келеді сонда әкем міне апаларынан үйренген деп мәз болады. Маған жылдың барлық мезгілдері ұнайды. Қыста отбасымызбен аққала жасаймыз, көктемде әкем құстарға ұя жасайды, анам әдемілеп әрлейді ол ұя әлі тұр торғайлардың қонғаның терезеден қарап отырамыз, жазда өзенге шомылуға барамыз, жайлаудағы туысқандарға барамыз. Нағашыларым егін өсіреді жаздың көп күнің сол жақта өткіземін. Нағашы әжем қалада тұрады ол да бізбен бірге өзінің туған ауылына барады. Күзде сары, қызғылт жапырақтарды тереміз анам неше түрлі әдемі заттар жасайды. Әрқашан ата - анам бауырларым қасында аман болсын!
Ответить на вопрос
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Сочинение по казакскуму как стать певцом ? 5 строк