Сұлтанмахмұт Торайғыров – қазақтың ойшыл ақыны.
Тəуелсіздік ісіне, халықтың прогресс пен мəдениет жолымен дамуына зор үлес қосқан, парасатты, демократ, реалист ақын – Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 29 қазан айында Көкшетау облысы, Қызылту ауданында кедей шаруа отбасында дүниеге келген.
Ақын алты жасында молдадан сауат ашқан. Кейін Нұрғали Бекбауовтан дәріс алып, қазақ, татар тілдерінде шыққан әдеби кітаптарды, газет-журналдарды оқуға дағдыланады. Ақын қысқа да қиын тағдыр кешкенімен, лирикалық өлең, публицистикалық очерктер мен мақалалар, 5-6 поэма, екі роман жазып үлгерген. 1912 жылдан бастап «Айқап» журналында өлеңдері жариялана бастайды.
Ақынның көп өлеңдері халықтың тұрмыстық жағдайына, кедейлікке, əсіресе сол кедейшілікте күн кешкен бейшара жандарға арналған. Оқысам, білсем, «еңбектің жемісін көрем деп емес, кейінгіге бір қолғабыс берем деп» жасаған жалынды жастың жанын қинап, азаптаған да осы кедейлігі еді.
Торайғыров шығармалары - 20 ғасырдың басындағы қазақ қоғамы шындығын, ондағы жаңашыл ой-пікірдің дамуын танытатын үлкен белес. Ол өзінің қысқа өмірінде қазақ әдебиетінде жарқын із қалдырды. Қазақтың жазба әдебиетінде әр жанрда еңбек етіп, ерекше көзге түскен, «қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болған», артынан өшпес атын қалдырған көрнекті ақын болды.
Атау септік?
Ед. число: қала
Менiң (мой, моя, моё):
қалам
Сенiң (твой, твоя, твоё): қалаң
Сіздiң (Ваш, Ваша, Ваше): қалаңыз
Оның (его, её): қаласы
Ілік септік?
Ед. число:
қаланың
Менiң (мой, моя, моё): қаламның
Сенiң (твой, твоя, твоё): қалаңның
Сіздiң (Ваш, Ваша, Ваше): қалаңыздың
Оның (его, её): қаласының
Барыс септік?
Ед. число:
қалаға
Менiң (мой, моя, моё): қалама
Сенiң (твой, твоя, твоё): қалаңа
Сіздiң (Ваш, Ваша, Ваше): қалаңызға
Оның (его, её): қаласына
Табыс септік?
Ед. число:
қаланы
Менiң (мой, моя, моё): қаламды
Сенiң (твой, твоя, твоё): қалаңды
Сіздiң (Ваш, Ваша, Ваше): қалаңызды
Оның (его, её): қаласын
Жатыс септік?
Ед. число:
қалада
Менiң (мой, моя, моё): қаламда
Сенiң (твой, твоя, твоё): қалаңда
Сіздiң (Ваш, Ваша, Ваше): қалаңызда
Оның (его, её): қаласында
Шығыс септік?
Ед. число:
қаладан
Менiң (мой, моя, моё): қаламнан
Сенiң (твой, твоя, твоё): қалаңнан
Сіздiң (Ваш, Ваша, Ваше): қалаңыздан
Оның (его, её):
қаласынан
Көмектес септік?
Ед. число: қаламен
Менiң (мой, моя, моё): қаламмен
Сенiң (твой, твоя, твоё): қалаңмен
Сіздiң (Ваш, Ваша, Ваше): қалаңызбен
Оның (его, её): қаласымен
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Үстеу қандай сөз табымен тіркесіп қолданылады
Үстеулер
Үстеу заттың әр қилы қимылы мен ісінің (етістіктің) әр түрлі сындық, бейнелік, мекендік, мезгілдік, шарттық, мөлшерлік күй-жайлары мен сынның белгісін білдіретін сөз табы.
Үстеу сөздері морфологиялық құрылысы және құрамы жағынан екі топқа бөлуге болады: негізгі үстеулер мен туынды үстеулер.
Үстеу сөздер мағынасына қарай таптастырғанда мынадай сегіз топқа бөлінеді.
1. Мезгіл үстеулер
2. Мекен үстеулер
3. Мөлшер үстеулері
4. Сын (бейне) үстеулері
5. Күшейту (я ұлғайту) үстеулері
6. Мақсат үстеулері
7. Себеп-салдар үстеулері
8. Топтау (бөлу) үстеулері
Мезгіл үстеулер
Мезгіл үстеуі қашан? қашаннан? деген сұраққа жауап беріп, қимылдың, іс-әрекеттің мезгілін, мерзімін, уақытын білдіреді. Мезгіл үстеуі етістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы: таңертеңнен (қашаннан?) кетті, жазғытұрым (қашан?) келеді, ала жаздай (қашан?) еңбектенді, күні-түні (қашан?) оқыды, т. б.
Мекен үстеулер
Мекен үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің орындалатын орнын, мекенін көрсетіп, қайда? қайдан? қалай қарай? сұрақтарына жауап береді. Мысалы: Тауға қарай (қалай қарай?) өрмелеу, алға (қайда?) жылжыды, ілгері-кейін (қайда?) қозғалды, жоғарыдан (қайдан?) түсті, т. б.
Сын (бейне) үстеулері
Сын-қимыл (бейне) үстеуі іс-әрекеттің, қимылдың амалын, тәсілін, сын-бейнесін білдіреді. Сұрақтары: қайтіп? қалайша? қалай? кімше? Мысалы: Ақырын (қалай?) жүгірді, қазша (қалайша?) қаңқылдады, бекерден-бекер (қалай?) отырма, балаша (кімше?) мәз-мейрам болды, бүркіттейін (қалайша?) шүйілді, қолма-қол (қалай?) хабарласты, т. б.
Мөлшер үстеулері
Мөлшер үстеуі қанша? қаншама? қаншалық? қаншалап? деген сұрақтарға жауап береді. Мөлшер үстеуі сынның немесе қимылдың көлемдік дәрежесін, мөлшерін, шама-шарқын білдіреді. Мөлшер үстеуі етістікпен тіркесіп келгенде қимылдың шама-шарқын, мөлшерін білдіреді. Мысалы: сонша (қанша?) шаршапты, біршама (қаншама?) кешігіп қалды, недәуір (қалай?) өскен екен. Ал сонша (қанша?) биік, біршама (қанша?) алыс, недәуір (қалай?) ұзақ дегенде мөлшер үстеулер сын есімдермен тіркесіп, сынның мөлшерін, көлемін білдіреді.
Күшейту (я ұлғайту) үстеулері
Күшейткіш үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің, сынның сапасын, белгісін не солғындатып, не күшейтіп көрсетеді. Сұрағы: қалай? Мысалы: әбден жүдепті, керемет биледі, мүлдем қозғалта алмады. Сонымен бірге күшейткіш үстеуге сын есімнің күшейтпелі шырайын жасайтын ең (биік), өте (салмақты), аса (терең), тым (терең), кілең (жүйрік) сөздері де жатады.
Мақсат үстеулері
Мақсат үстеуі не мақсатпен? қалай? деген сұраққа жауап беріп, іс-әрекеттің, қимылдың орындалу мақсатын білдіреді. Мысалы: әдейі айтты, қасақана кетіп қалды, жорта білмегенсіді, әдейілеп шақырды.
Себеп-салдар үстеулері
Себеп-салдар үстеуі не себепті? қалай? неге? деген сұрақтарға жауап береді. Себеп-салдар үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің болу себебін білдіреді. Себеп-салдар үстеуіне: құр босқа, лажсыздан, босқа, амалсыздан, бекерге, шарасыздан сөздері жатады. Бұл сөздер етістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы, босқа ренжіді, лажсыздан келісті, т. б.
Үстеу сөздер етістікпен тіркесіп қолданылады.