Хрулёва
?>

Сочинение на казахском күш-білімде, білім-кітапта !

Казахский язык

Ответы

iuv61
《Күш — білімде, білім — кітапта» деген даналық ата-бабамыздан келе жатыр. Солай бола тұра, балалар арасында кітап оқитындары көп деп айта алмаймын. Өйткені, ата-анам:
— Бала кезімізде кітапханадан шықпайтын едік, сендер кітап оқы-мақ түгілі қолдарыңа алмайсыздар, – деп əдеби шығармалар əкеліп береді.
Кітап туралы қанша айтсақ та, тауыса алмаймыз. Сонау ықылым заманнан бері қарай қаншама ғұлама бабаларымыздан бізге мұра болып келген — кітап. Əл-Фараби бабамыздан бергі əдебиет туралы ұстазымыз айтқанда, тамсана тың-
дадық. Олардың ұрпағына қалдыр-ған ғибратты əңгіме, өсиеттері, тағылымы біздерге рух беріп, алға қарай ұмтылуымызға күш-жігер береді. Көркем шығарма оқудан гөрі электронды құралдар арқылы шығарма оқуға машықтана бастап едім. Мұғалімнің айтқанынан кейін кітапты қолмен ұстап, парақтарын ақтарып оқығанға жетпейтінін құрбыларыма айтар едім.
araqsyabadalyan1988
Астана жас тәуелсіз мемлекеттің тарихына өз алтын бетін жазып үлгерді. Өздеріңізге белгілі, 90-жылдардың ортасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ешкім күтпеген жерден оңтүстікте орналасқан Алматы қаласынан республикамыздың қақ ортасына астананы ауыстыру туралы шешім қабылдады. Көп ұзамай Астана еліміздің экономикалық, саяси, мәдени өмірдің қайнаған ортасына айналды. Қазіргі кезде елорда халқының саны жарты милионнан асты. 1-ші маусымның мәліметтері бойынша халық саны 538 мың 300 адамды құраған. Қазақстандық менеджмент, экономика және болжамдау институтының зерттеу тобының есептері бойынша 2030 жылға қарай Астанада 1 млн. 200 мың адам тұратын болады.Әрине, қазіргі заманға сай Астананың көркін жаңа сәулеттік ғимараттар ашып тұр, олар қаланың ажарын танымайтындай етіп өзгертті. Объектілердің жобалауына шетелдік сәулетшілер, алдыңғы қатарлы құрылыс компаниялары тартылды. Астананың жобалау базасының дамуына 2000 жылы құрылған жобалау институты - “Астана бас жоспары” МҚК-ның қосқан үлесі зор. 2002 жылы қолайлы ивестициялық хал-ахуалды қалыптастырып, жеке инвесторларды тартуға жол ашқан “Астана – жаңа қала” арнайы экономикалық аймақты құру туралы Жарлық шықты. Елорданың бас жоспарын жасауына үлкен көңіл бөлінді. Ең үздік бас жоспарына екі конкурс жарияланды. Екінші конкурсқа Ресей, Италия, Жапон, Австралия, Германия, Түркия, Польша, Өзбекстан, Беларус және т.б. елдердің шығармашылық топтары мен шеберлері қатысты.
myatadinamo
Қыс 
Желтоқсан жұлдызы. Қар көптен жауып, нағыз қыс болды. Күн әбден қысқарған. Күннің көзі көрінсе де жылынбайды. Өзенді, көлді мұз қаптап, жұрт үстімен жүре бастады. Қалың қардан шөптің басы көрінбейді. Қыс күні аяз күшті болып, үскірік борандар да аз емес. 
Орман қарайған, ішінде қүстарды көре алмайсың, қоян күндіз жасырынып, түнде ғана жүгіріп жас ағаштарды кеміріп жүр. Иелері жылы қораға шөп салып бағып-қақса да, қысты күні үй хайуандарына да бапсыз. 
Адамның өзі де суықтан қорғанып үй салып, жылы киім киіп, үйлеріне от жағып, дәйім жұмыстарынан қала алмайды. Қыстыгүні жылқышыларға бек қиын: қандай суық борандарда күні-түні далада жүргені, қасқырдан бір қорқып, бораннан екі қорқып, бейшараларда тіпті рақат жоқ. Жалтаң аяз көбінің беттерін қарыған. Шилі бет байғұстар желге де қарсы қарай алмайды. 

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Сочинение на казахском күш-білімде, білім-кітапта !
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*