Елена_Зайкин1665
?>

Составить 2 предложение с ecімдік и сын есім, надо ! , заранне !

Казахский язык

Ответы

sergeevich
Мен ешкашан жаман жолга туспеймин алдебиреу сени алдап жур(это есимдик) анара кызыл койлек кид1 ол жаман адетке салынды(ет1ст1к)
TOKAREVA Stepan
Көкпар - ұлттық ат спорты ойындарының бірі. ойынның атауы “көк бөрте” (лақ) сөзінен шыққан. дәстүрлі қазақ қоғамында көкпарға жасқа толған серкенің семізі таңдалған. семіз серке терісі жыртылмайды. орташа салмағы 20-30кг-дай келеді. басқа малдың терісі жыртылғыш болғандықтан көкпарға тартпайды. көкпар – орталық азия халықтары арасында кең тараған ойын түрі. ол қырғыз, өзбек тілінде “улак тартыш”, тәжік тілінде “бузкаши” деп аталады. көкпар тарту сияқты ұлттық ат спорты ойындары басқа да шығыс елдерінде де бар. ауғанстанда кең тараған бузавиш ойыны көкпарға өте ұқсас. сондай-ақ, аргентина халқының да көкпарға ұқсас ат спорты ойыны болған. көкпар жігіттердің күш-жігерін, төзімділігін, батылдығы мен ептілігін, ат үстінде мығым отыруын қалыптастырады. сонымен қатар көкпар – аттың қалай бапталып үйретілгенін, жүйріктігін де сынайтын спорт. көкпар жаппай және дода тартыс болып екіге бөлінеді. жаппай тартыста әркім көкпарды өзі иелік етуге тырысады. дода тартыста құрамы бірдей екі топ сынға түседі. мұны кейде марта тарту деп те атайды. қазақстанда 1949 ж. көкпар жарысының жаңа ережесі бекітілді. осыған сәйкес көкпар жарысын арнаулы алаңда, командалық сипатта өткізу белгіленді. ал 1958 жылдан көкпар бәйге алаңдарда (ипподромдарда) өткізіліп келеді. алаң көлемі қатысушылар санына байланысты. егер әр команда 5 болса, ұзындығы 300 м, ені 100 м, 10 болса – 500х200 м, 15 болса – 700х300 м, 20 болса – 1000х500 м болады. алаңның әр бұрышына қызыл жалаушалар ілініп, ал оның екі жағында диаметрі 10 м-лік шеңбер (“отау”) сызылады. алаң ортасында диаметрі 6 м-лік шеңбердің дәл ортасына көкпар қойылады. жарыс басталар сәтте командалар орталық шеңбердің сыртында тұрады. жарыс алаңындағы төрешінің хабары бойынша басталады. көкпар тарту қатысушылардың санына байланысты 8 – 15 мин аралығында өтеді. көкпаршылардың мақсаты – орталық шеңберде жатқан көкпарды өз командасының “отауына” жеткізу. көкпар “отауға” жеткізілгеннен кейін, ойын алаң ортасынан қайта басталады. белгіленген уақыт ішінде қай команда көкпарды өз “отауына” көп жеткізсе, сол жеңіске жетеді
Aleksandrivanovna

төрт түлік – мал: түйе, жылқы, қой, сиыр. қазақ халқы осы төртеуін төрт түлік деп атаған. ауыз әдебиетінде “төрт түлік малды құрадың” деген тіркес жиі кездеседі. бұл дәулетіне сәулеті сай ға арналып айтылған. халық төрт түліктің әрқайсысының сақтаушы иесі бар деп ұғынып, оларды ойсылқара, қамбар
ата, шопан ата, зеңгі баба деп атаған. төрт түлікті кейде жұп (аша, айыр) тұяқ, тақ (тік) тұяқ деп те атайды. қазақ төрт түліктің ішінде түйе малын байлық ретінде де, көлік ретінде де, азық ретінде де қатты қастерлеген. “нар жолында жүк қалмас” деген мәтел осының айғағы. “ат – ердің қанаты”, “мінсең
– көлік, жесең – ет” деп жылқы малын да аса жоғары бағалаған. сондай-ақ қой мен ешкі, сиыр малының да өзіне тән ерекше қасиеттері болатынын ұмытпаған.

көшпелілердің, оның ішінде қазақтың төрт түлік малдың ішіндегі қастерлеп, пір тұтатыны – жылқы. жылқы көшіп-қонуға төзімді әрі ыңғайлы,
қысы-жазы жем-шөп тілемей жайылады.оның азығы (жемі, шөбі) өзге малдан әлдеқайда асыл.сол себепті де оның еті де,сүті де денсаулыққа шипалы екендігі ерте кезден – ақ белгілі. жылқы бетегелі, көделі, селеулі, қауданды жерде жақсы өскен.қазақ даласының батысында мұғалжар тауынан басталып, сарыарқаны
қуалай отырып, аяғы батыс сібірге тірелетін кең өлкесінде жылқы малы көп өсірілген.

қазақтың жылқымен қатар ұстаған малы – түйе.қазақта «түйелі бай қонады сортаңды алып» деп басталатын өлең бар.бұлай деудің себебі, ертедегі түйелер байлар суы тұзды көлдердің, теңіздердің, өзендердің
бойларына, өсімдігі ащы, сортаң жерлерге қонатын болған. түйе-жүк көлігі.көшпелілердің, солардың ішінде қазақтың, ғасырлар бойы көбінесе жүгін көтерген мал-түйе.оның ішінде ең төзімдісі әрі мықтысы – жалғыз өркешті нар.қазақтың «нар жолында жүк қалмайды»деуі содан.түйе жолға да .оның жейтін
ащыларының ішінде тұз да бар. түйенің етін бұл түлікті бақпайтын ел ұнатпайды, ал бағытындары оған құмар.түйенің түбіті мен шудасы қымбат саналады: түбіттен иіріп тоқыған киім ең жылы, ең төзімді болады; шудадан жіп, арқан еседі. түйенің сүті де асыл. одан ашытатын қышқылтым сусынды батыс
қазақстанда «шұбат», түркістан жағында «қымыран» деп атайды.ғылымның дәлелдеуінше, шұбаттың дәрілік қасиеті қымыздан да артық саналады.

қой да көшпелі елдердің ерте заманнан малданған түлігінің бірі.ол әрі киім, әрі тамақ.киім дегенде, оның жүнінен гөрі ертедегі көшпелі халыққа терісі
қымбат болған. өйткені қыс, күз айларында жылы киім керек.оған илеген қой терісінен тігілген ішік, тон, тұлыптан жылы киім табылмайды. ал жүнінен неше түрлі асыл жүн маталар тоқылады.ол үшін биязы жүнді қойлар өсіріледі.қазақ қойының жүні киіз басуға, кілем тоқуға, байпақ, пима дайындауға
жұмсалады.негізінен қойдың азықтық және киімдік пайдасы жылқы мен түйе түліктерінен артық.онымен бірге қой малы көшіп-қону кезінде ұзақ жол жүрістеріне болып келеді.жеп-шөпті онша талғамайды.тіпті өсімдігі ащылы болып келетін құм мен шөлде де қойдың теріп жейтін азығы көп. ешкі де сондай.қой мен
ешкі көне заманнан бері бірге жайылып, бірге жусап келеді.қойды отты-сулы жерлерге ешкінің серкесі бастайды. ешкі мен қойдың сүтінен ұйытқан айран да, қайнатқан құрт пен ірімшік те қазақтың сүйікті асы. ешкінің түбітінен ең жақсы шәлі тоқылады,оның қылшығынан есілген жіп пен арқан жылқы қылынан соң
ең берігі саналады. «ангор ешкісі» деп аталатын асыл тұқымды ешкілердің жүні өте құнды.

мал шаруашылығындағы тағы бір түлік-сиыр.ертедегі көшпелі қазақтар сиырды аз малданған.өйткені сиыр малы қөшіп-қонудың талабына сай келмей, отырықшылыққа ауысқаннан кейін ғана кө сиыр малы айрықша
бағуды тілемейді, өріске өзі кетіп,мезгілінде өзі қайтып келеді.қыс айларында сиыр тек қорада ғана күтіледі.сондықтан басқа малдарға қарағанда ол күтімді көбірек керек етеді.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Составить 2 предложение с ecімдік и сын есім, надо ! , заранне !
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

Анатольевич447
Николаевич1033
Vitalevich1799
Korobeinikov-Yulich23
Pavel_Olegovna1601
kot271104
mirsanm26249
k-alexey9
osuvorova7979
Devaunka40
Барскова1943
Kalashnikova
apro3444595
proea
lavr74