Мұхиттың аудармасы- океан, аралдың аудармасы- море
Iselickaya1890
20.03.2022
Отан- әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан-сенің туған жерің , туған елің.Менің --Отаным Қазақстан.Оның астанасы -Астана қаласы.Қазақстан бұл керемет ел.,үлкен мемлекет.Менің Отаным-тәуелсіз мемлекет.Менің Отаным дүние жүзіндегі көптеген мемлекеттер таныған ел.Менің Отанымның байлығы өте көп.,қазынаға бай ел.Табиғатымыз сұлу.Биік-биік асқар таулар ,мөлдір көлдер ,неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі,Аң құстардың да түрлері көп ,неше түрлі жануарлар жасайды. Мен Отанымды сүйемін.Мен өзімнің білімім мен еңбегімді тек өз Отаныма арнаймын.
maxborod
20.03.2022
Кез келген тәуелсіздікке қол жеткізген ел, оны әлем танымай дамудың даңғыл жолына түсе алмайды. Бұл – уақыттың талабы. Томаға тұйық өмір сүрудің уақыты өткен. Әлемдік интеграцияға қосыла отырып қана әр ел өзінің экономикасын дамыта алады, қауіпсіздік нығайтады, сол арқылы ішкі тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Бұл ең алдымен елдің сыртқы саясатына байланысты. Бейбітшілік – адамзаттың асыл құндылықтарының бірі. Адамзат өмір бойы үнемі тыныштықта, мәңгілік бейбіт өмір сүруді армандайды .Бірақ нақты өмірде оған ешқашан толық қол жеткізген емес. Өткен тарихқа көз салсақ, адамзат қоғамы соғыстардан көз ашпады. Зерттеушілердің деректеріне қарағанда, соңғы 5.5 мың жылда жер бетінде небары 292 жыл ғана бейбітшілік «билік» етіп тұрыпты. Қалған уақыттың бәрінде «Тыныштық керек болса – соғысқа дайындал»-деген қағидамен өмір сүріппіз. Осы аралықта жер бетінде 15 мыңнан астам қантөгіс шайқастар өтіпті. Екінші дүниежүзілік соғыстан бері жер бетінде бейбіт өмір орнады десекте, әлемнің түрлі аймақтарында ірілі-ұсақты соғыстар, қарулы қақтығыстар, лаңкестік әрекеттер жиі кездесуде. Батыстың бір ғалымыныңесептеуіне қарағанда өткен ХХ ғасырдың соңғы 45 жылында әлемде бар жоғы 12 ғана «бейбіт» күн болыпты. Кейінгі 40 жылдың ішінде ғана дүниежүзінде 250 соғыс болып, 354 млн. адам қаза тауыпты. Сөйтіп, бейбітшілікті сақтау, соғысты болдырмау, бейбітшілік үшін күресу – ХХІ ғасырдың да өзекті мәселелерінің бірі болып, мұраға қалдырылды, Халықаралық қоғамдастық бейбітшілікті сондықтан жалпы адамзаттың құндылықтар қатарына қосып отыр.