Біздің өміріміздегі ең қымбат нәрсе - ол уақыт. Адам белгілі бір уақытта жаратылды, уақытша жаратылды. Уақыт бізге емес, біз уақытқа тәуелдіміз. Уақытты қалаған кезімізде ұзартып, қалаған кезімізде қысқарта алмаймыз. Уақыттың адамға бағынбайтын өз заңдылығы бар. Қазақта уақытқа қатысты "қас қағым сәт", "көзді ашып-жұмғанша", "қамшының сабындай қысқа ғұмыр" тәрізді сөз тіркестері бағзы заманнан қалыптасқан. Уақыт - емші, уақыт - төреші деген де бар. Осылайша, ата-бабамыз уақыттың бағасын жете түсініп, оның қадір-қасиетін ұрпақтарына жеткізуді қалаған.
Уақытты зая кетіру - ең ауыр өкініш. Уақытын қадірлемеген жан көптеген мүмкіндіктен айырылып қалады. А уақытын ұтымды пайдалана білгенде ғана көздеген мақсатына жете алмақ. Бес нәрседен бұрын бес нәрсенің қадірін біл: Қартаймай тұрып жастық шақтың қадірін біл, ауырмай тұрып денсаулықтың қадірін біл, кедейліктен бұрын байлықтың қадірін біл, қысылтаяңнан бұрын бос уақытты қадірле және өлмей тұрып, тірілігіңді ғанибет біл деген сөз содан қалса керек.
Объяснение:
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Нөсерлі, жаңбырлы күн туралы
Шіркін, табиғат көптеген тылсым құбылыстарға толы ғой...! Соның бірі - жаңбыр. Ата - бабаларымыз қашанда жаңбырды «нұр» деп есептеген. «Жаңбыр жаумаса, жер жетім», «Жаңбырменен жер көгерер, батаменен ел көгерер», «Жаңбыр жауса, жер ырысы» деген мақал – мәтелдер соған дәлел бола алады.
Өз басым жаңбыр жауған күнді өте қатты ұнатамын, әсіресе жаздыгүні жайлауда жауған ақ жауынға ешнәрсе тең келмес. Ол көңіліңді көтеріп, жаныңа үміт ұялатып, жылы сезімге бөлейді. Өзің де ыстықтан бір демалып, сергіп қаласың, ал жаңбырдан соң таза ауаның иісі не деген керемет! Дегенмен, «табиғатта жаман ауа райы болмайды» демекші, жаңбырдың да түр – түрі болады. Көктем мен күзде көбінесе аспанды бұлт торлап, айналаны түнек басып, жаңбырдың салқын тамшылары жерге тарсылдап түскен кезде көңіл – күйіңді де бұлт басқандай болады. Бірақ, қандай болмасын, шелектеп жауған жауынның өз пайдасы бар, бұндай жауын жерге нәр беріп, жан – жануарлар мен құстарға да өз пайдасын тигізеді. Ал жаңбырдан соң болатын кемпірқосақ ол мүлдем ерекше дүние. Бейне бір сиқырға толы құбылыс қой. Күлімдеген күннің көзін көмкерген бұлттардан кейін шығатын бұл ерекше «сиқырлы құбылысты» бақылағанның өзі бір ғанибет деп білемін!