қазақстан көп ұлтты тәуелсіз мемлекет. жер көлемі 2,7 миллион шаршы шаршы шақырымнан асады. республика шығысында алтай тауларынан басталып, батысында каспий ойпатына, ал солтүстігінде батыс сібірден оңтүстігінде тянь-шань шыңдарына дейін созылып жатыр. қазақстан жерінің өте үлкендігінен әр аймағының табиғаты бір-біріне ұқсамайды, біркелкі емес. оңтүстігінде ағаштар гүлдеп, жер көгергенде, солтүстігінде әлі қар жатады. қазақстанның оңтүстік облыстарында жылуды жақсы көретін күріш, қант қызылшасы, мақта, жеміс түрлері, әртүрлі дәрілік шөптер мен өсімдіктер өседі. бұл аймақтарда жаңбыр аз жауады, жазы ыстық, әрі құрғақ болады. бірақ ол аймақтың байлығы-тау өзендерінің мол суы.республиканың солтүстік аудандарында астық пен көкөністер жақсы өседі. мұнда жауын-шашын мол, жазы да ыстық емес. қазақстанда ауыр индустрия мен ауыл шаруашылығы бірдей жақсы ған. республикамыз мәдениеті мен ғылымы қатар өркендеген өркениетті елдердің қатарына қосылуға ұмтылып келеді.
astahova
04.05.2023
Мен жазғы демалысымды қызықты да пайдалы етіп өткізу үшін, 3 айға жоспар құрып қойдым. мысалы, мамыр айының соңында үйге қонаққа берік деген, меннен төрт-ақ ай үлкен туысқан ағам келеді. мен оған біздің әсем қаланы көрсетемін. ағаммен бірге саябаққа, жануарлар бағына, аквасаябаққа барамыз. одан бөлек қаланың әртүрлі қызықты жерлерін көрсетемін. ал шілде айының басында біз бір айға ауылға, атамыз бен әжемізге барамыз. жайлауда атпен шауып, өзенге шомыламыз,қ аулауға барамыз. әрине, таңертеңнен кешке дейін ойын-сауық құрмаймыз. атамызға баудағы шөпті орысып, қыс мезгіліне отын дайындауға, сарайды жөндеуге көмектесеміз. ал әжемізге баудан алма мен өрікті теріп, құрт істеуге, баудағы ағаштарды жөнге келтіруге көмектесеміз. ал тамыз айында ,ауылдан қайтқан соң,анам,әкем және мен ( отбасының барлық мүшесін немесе бір-екеуін жазыңыз,әйтпесе көшіргеніңіз білініп тұрады) астанаға қыдырып барамыз. ол жерде бәйтеректі, хан шатырын көруге асықпын.
moidela87
04.05.2023
Бір жылда төрт жыл мезгілі болады. олар: жаз, күз, көктем, қыс. әр жыл мезгілінің өз ерекшелігі бар. соның ішінде маған ұнайтын жыл мезгілдерінің бірі – көктем. себебі бұл кезеңде табиғат жаңарып, жан-жануарлар көбейеді. көктем айларында көптеген мерекелер аталып өтіледі. осы мезгілге сай көктемнің алғашқы мерекесі аналар күні. жер дүниенің жаңару күні «наурыз», ғарышкерлер мерекесі, бейбітшілік мейрамы, ұлы жеңістің мерейлі тойы – осы көктемнің еншісіндегі атаулы күндер. көктемнің басқа жыл мезгілдеріне қарағанда ерекше өзіндік орны бар. мен жыл мезгілдерінің ішінде көктем айларын ұнатамын. күн жылынысымен біз мектеп ауласын тазалап, бүкілқалалық сенбілік күні әрқайсымыз өз ауламызды тазалаймыз. ағаштар отырғызамыз, түрлі гүлдер егеміз. «тазалық – денсаулық кепілі»,- деп қазақ атам тегін айтпаған. ендеше әрбіріміз өз қаламыз бен оқитын мектебімізді, ауламызды көгертуге атсалыссақ нұр үстіне нұр болары сөзсіз! сондықтан тазалық пен көгерудің көзі - көктем айын жақсы көремін! менің көктем туралы ойға түйгенім осындай. көктем айы бәрімізге денсаулық, береке, бірлік, тыныштық әкелсін!
Ответить на вопрос
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Нужна в сочинении по казахскому языку. сочинение на тему "қазақстан табиғатты"