Марат Қабанбай (1948 жылдың 22 наурызы, Зайсан ауданы, Шығыс Қазақстан облысы - 2000 жылдың 26 сәуірі, Алматы қаласы) - балалар жазушысы, публисцист.
ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген (1975). 1966—1968 жылдары аудандық «Достық» газетінде корректор, әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1987—1994 жылдары шығармашылық жұмыста, 1995 — 1997 жылдары «Ана тілі» газеті редакторының орынбасары, 1999 жылдан өмірінің соңына дейін «Солдат» газетінің бас редакторы болды.
Шығармаларының дені балалар мен жасөспірімдерге арналған. Негізгі тақырыбы: заман келбеті, жастардың өмір-тіршілігі; идеясы: адамды сүю. «Бақбақ басы толған күн» (1975), «Арыстан, мен, виоленчель және қасапхана» (1977), «Жиһанкез Тити» (1982), «Пысық болдым, мінеки» (1983), «Қала мен қыз бала» (1984), «Қазақ, қайда барасың?» (1995), «Сурет салғым келмейді» (1995) аттыповес-тер мен әңгімелер топтамалары, «Көркем дәм» (1977), «Айшылық алыс жол» (1987) романдары жарық көрді. Шығармалары орыс тілінде «Арыстан, я, виоленчель» (1980, М., ), «Вот он я — бывалый» (1986, М.,), «Горький вкус» (1989), «Эхо» (1991) деген атпен басылып шықты. Жекелеген туындылары украин, молдован, латын, неміс тілдеріне аударылған.[1]
Объяснение:
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Түнгі Алматы тұманы ашылғанда,
Алатауға ай келіп асылғанда
Нұр жанады, аспанның жұлдыздары,
Алматының үстіне шашылған ба?!
Сүйіседі көшелер көшелермен,.
Бір рақат сезесің еселенген.
Осы сиқыр қалада өскеніңмен,
Таңданасың туристей кеше келген.
Емен, терек еркімен қауышады,
Қайың менеи қарағаш танысады.
Алатаудан басталған ақ бұлақтар,
Алматыға жеткенше жарысады.
Алматыға жеткенде аң-таң болып,
Арықтармен ақырын тартар жолын.
Ашуланып бір сәтте тұра қалып,
Ағылады аспанға фонтан болып.
Судың аты - су ғой, ол бұғына ма,
Тау бұлағы көлшікке тығыла ма?!
Су сәулеге ұмтылып, сәуле суға,
Айналады ғажайып шұғылаға,
Сонда Алматы ұқсайды Құбылаға.
Ұзатылар қыздайын үлпілдеген,
Шақырасың назыңмен, күлкіңменен...
...Жоқ!
Алматы - жүрегі Алатаудың!
Тау ұйқыға кеткенде бүлкілдеген.