Әміре қашаубаев (1888-1934) – атақты әнші әрі музыкант 1888 жылы туған . 12 жасқа толғанда исабек деген байдың ат айдаушысы болып, ол жас әншіні той-жиындарда ән салғызады. әміре 1921 – 24 жылдары семейде құрылған қазақ жастарының ағарту ұйымы «ес-аймаққа» мүше болып, әншілік өнерін шыңдай түсті. 1924 жылы осы қалада ұйымдастырылған халық өнерпаздарының байқауына қатысып, бас бәйгеге ие болды. 1925 жылы парижде өткен бүкіл дүние жүзі сән өнері көрмесінде «ағаш аяқ», «қанапия», «үш дос», «жалғыз арша», «қ» , т.б. әндерді орындап, 2-бәйгемен қоса күміс медаль алды. «париж апталығы» газеті мен «ле мюзикаль» журналы оның сирек кездесетін талант екенін жазса, сорбонна университетінің профессоры перно фонографқа әміренің орындауында бірнеше ән жазып алған.
l250sp70
24.07.2020
Домбыра — қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. ол — қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, -зіндік музыкалық сипаты бар аспап. алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма — күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады. домбыра — қазақтың халық аспабы. домбыра -қазақ халқының әрбір үйінде болуы міндетті және қажетті аспап болып есептелген.