catsk8
?>

"меңің арман мектебім" тақырыбы бойынша әнгімелеңіз

Казахский язык

Ответы

elenaftdv7
Менің арманымдағы болашақ мектебім
Болашақтағы мектебіңнің қандай болатындығын армандаған қандай қызық. Мен өзімнің қазіргі мектебімді ұнамайды деп те айта алмаймын. Менің ойымша, он жыл өткеннен кейін тіпті жүз жылдан кейін мектептегі білім беру түбегейлі өзгеретіндігі сөзсіз. Болашағымыз қандай болатындығын армандау да қиын. Алайда, мен өзімнің болашақтағы мектебімнің қандай болатындығын сәл ғана армандағым келеді.
Келешектегі мектепте оқушылар сынып бөлмелерінде кітаптағы дайын мәліметтерді қарап көп отырмайды. Мысалы, биология пәнін даладағы әсем табиғат аясында оқитын болады. Әрбір өсімдіктердің немесе жануарлардың түрлерін тек тірі күйінде көре алады. Шетел тілдері пәндерін әрбір елдерге барып оқиды. Оқушылар ағылшын тілі мұғалімімен бірге жарты жылға Англияға барып, сол жердегі жергілікті тұрғындармен әңгімелесе жүріп тілді жылдам үйренетін болады. География пәнін де осылай оқыса керемет болар еді! Астрономия пәнінде арнайы салынған ғарыш кемелерінде жүріп, жұлдыздар әлеміне саяхатқа барса, шіркін!
Менің арманымдағы болашақтағы мектепте оқушыларға бесінші сыныптан бастап тереңдетілген бағыттар бойынша білім берілетін болады. Егер сен тіл, әдебиет пәніне жақын болсаң, гуманитарлық бағытта, математика мен физиканы жақсы көретін болсаң, математикалық бағытта оқисың. Бұл оқушылардың болашақта мамандықтарын дұрыс таңдауларына көп септігін тигізеді.
Болашақтағы мектепте бағалау мүлдем болмайды. Өйткені мектеп оқушылары тек қана материалдарды меңгеріп қана қоймай, ғылыми және шығармашылық жұмыстарды қоса орындайтын болады. Содан кейін арнайы конференцияларда жобаларын қорғап, нәтижеге қол жеткізіп отырады.
Менің арманымдағы мектеп барлық оқушыларға ұнайды. Мұндай мектепте оқу өте қызық. Ешкімді мектепте оқуға тиістісің деп қинамайды. Ешқандай оқушы сабақты босатқысы келмейді. Мен арманымдағы болашақ мектептің шынында да керемет болатынына сенімдімін.
alplakhota67
Менің арманымдағы үйімдегі ең басты нарсе- ол әдемілік пен жайлылық! Міне, мен болашақ өз үйімді осылай елестетемін Мен қаланың шеткі жақтарында орналасқан жеке уйде тұрғым келеді. Менің уйім- екі қабатты әрі заманауи болады және әдемі бақшам болады. Үйде ас бөлмесі,жуынатын бөлме, кіреберіс, қонақ болмесі, екі жатын бөлмесі және мен ойнайтын -ойын бөлмесі болады. Қонақ бөлмесінде диван, екі кресло, теледидар және стереосистема болады. Еденде улкен, ашық түст,і жұмсақ кілем жатады. Қабырғалары жанға жылы тиетіндей ашық түсті болады. Үлкен люстра бөлмеге сән беріп тұрады. Кабинетте мен тартпалары көп үстел мен жайлы орындық болғанын қалаймын .Қабырғаларында кітап және мүсіндер қойылған сөрелер болады. Міндетті түрде мінсіз жұмыс үстелі болуы үшін компьютер болады. Мен картиналарды ұнатамын ,сондықтан қабырғаларға бірнеше пейзаж ілемін. Кабинет жайлы болуы үшін терезе алдына гүл қоямын. Ойын бөлмесінде компьютер мен ойын приставкалары болады .Мен асүйімде тоңазытқыш, үстел, қысқатолқынды пеш және тағы басқа заттар болғанын қалаймын. Маған дизайны әдемі әрі шағын шкафтар ұнайды. Үй алдындағы бақта түрлі өсімдіктер мен әдемі гүлдер,aл артқы жағында көптеген пайдалы жеміс ағаштары өсетін болады
Евгений1286
Қимас досың сұраса, Қимасыңды бересің.Для друга сердечного от сердца отрывают.Сыйласу екі кісіге бірдей.Дружба крепка взаимностью.Татулық — табылмас бақыт.Дружба — богатство бесценное.Достық жоқ жерде табыс жоқ.Где нет дружбы, там нет успеха.Туысы жақын жақын емес, Қонысы жақын жақын.Доброе соседство прочнее родственных уз.Дұшпаныңнан бір сақтан, Жаман достан мың сақтан.

Врага остерегайся один раз, плохого друга тысячу раз.Ерегескен ел болмайды, Есептескен дос болмайды.Где нет взаимности, там единства нет где корысть, там дружбы нетДосың дос болғанға шаттан, Дұшпанмен дос болудан сақтан.Гордись настоящим другом, остерегайся стать другом врага.Көршің қолайлы болса, қораң кең.Когда сосед по душе, в тесном дворе просторно.Досы жоқ адам – Тұзы жоқ тағам.Жить без друзей, что есть пищу без соли.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

"меңің арман мектебім" тақырыбы бойынша әнгімелеңіз
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*