«Жерұйық» көркемфильмі 1937 жылы Қиыр Шығыстан кәрістер жер аударылған Алматы облысы, Үштөбе аулында өскен сценарист Сон Лаврентийдің балалық шағы туралы фильм. «Жерұйықтың» көрермен назарына жол тартқанына да бір жылдың көлемі болып қалды. Фильмнің басты идеясы — Қазақстандағы көпұлттылықтың пайда болуын көрсету. Режиссері - Сламбек Тәуекел, ал сценарийдің авторы - Лаврентий Сон сол заманның тірі куәгерлері. Басты рөлдерді Болат Әбділманов, Назгүл Қарабалина, Сергей Попов, Бағлан Әбдіраимов, Тамара Қосубаева, Алтынай Нөгербек, Меңтай Өтепбергенов, Алексей Шемес сынды дарынды әртістер сомдайды. Алғашында «Атажұрт» деп аталып, кейіннен «Жерұйық» болып өзерген бұл фильмнің сюжеті қасіретті жылдардың ауыр жағдайында ізгілік пен адамгершілікті алға қойған Қазақстан халқының достығын бейнелейді. Сценарийі үш айда жазылып біткен фильм 2009 жылғы қарашадан 2010 жылдың қараша айына дейін Қаратал өзенінің бойында түсірілген. «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп». Ұлы Абайдың осы сөзін беташар қылған картинаның көтерген жүгі барынша ауыр. Қазақ халқының қанына сіңген қонақжайлықты дәріптеген бұл көркем фильм бір жылдың ішінде-ақ, айтарлықтай деңгейде өз көреременін жинап үлгерді. Біз тарих кітаптарынан ақтарып отырып оқитын Сталин заманындағы өзге ұлттарды қазақ жеріне қоныстандыру саясатының құрбандарын және олардың кешкен ауыр да, азапқа толы тұрмыстарын осы фильмнен көре аламыз. Болат Әбділманов сомдаған Орынбайдың бойына достыққа адалдық, қонақжайлылық, турашылдық, әділеттік жолында басын бәйгеге тігуге дайын батырлық сияқты жағымды қасиеттер топтасқан. Ұжымдастыру, ашаршылық, саяси қуғын-сүргін, соғыс сияқты небір зобалаңға тап келсе де, адалдығынан айнымаған, тектілігін жоғалтпаған, ізіне шам алып түскен сатқындардың сөзіне арбалмай, бір-бірін отқа итермеген мәрт адамдардың ерлігі еріксіз таң қалдырады. Кәріс, неміс, түрік, шешен, күрд және басқа да ұлттар амалсыз туған жерінен алыстап қазақ еліне келген кезде қатты жатсынады. Бірақ бауырмал қазақ халқы оларды төріне шығарып, бір үзім нанын да бөліп береді. Фильмде жұрттың берекесі мен бірлігін ойлап, елдің қамын жейтін нар тұлғалы азамат Орынбай - өмірде болған кейіпкер. Ол өз туған жерінен амалсыз көшіріліп әкелінген әртүрлі ұлттарды жатырқамай, бауырына басады. Міне, қазақтың қазақшылығы да осында ғой... Нағыз бұқпасыз шындықты дәл көрсеткен көркем туынды сапасы жағынанан да ешқандай фильмдерден кем емес. Фильм соңы мәрт азамат – Орынбайдың Сібірге жер аударылуымен аяқталады.
Объяснение:
«жібек жолы» (ұлы «жібек жолы») — қытайдың ши-ан деген жерінен басталып, шинжәң, орталық азия арқылы таяу шығысқа баратын керуендік жол бағыты. атауды алманиялық ғалымдары ф. фон рихтһофен (f. von richthofen) бен а. һерман (а hеrman) 19 ғасырда ұсынған.[1] ұлы жібек жолы- өркениеті жасағын тарихи ескерткіштердің бірі. біздің дәуірімізден бұрынғы ii ғасырдан басталған бұл жол еуропа мен азияның-батыс пен шығыстың арасын жалғастырғын көпір болғын.оның қазақстан жерін кесіп өтетін тұсында vi ғасырдан бастап, екі бағыт: сырдария және тянь-шань жолдары бағыттары кең өрістелген. бірінші жол қытайдан басталып,шығыс түркістан қашғар арқылы жетісуға, содна сырдарияны жағалап, арал маңынан әрі қарай батыс елдеріне өткен.ұлы жібек жолы i. біздің заманымызға дейінгі ii ғасырдың ортасында еуропа мен азияны біріктірген ұлы жібек жолы пайда болды. ұлы жібек жолы - қытай мен еуропаны байланыстырған сауда жолы. осы уақытқа дейін негізінен, «лазурит жолы», «нефрит жолы» және «құндыз жолындағы» сауда қызып тұрды. «лазурит жолы» - мысыр, иран, вавилон елдеріне памир тауларында өндірілген лазурит тасы тасымалданған жол. «нефрит жолымен» қытай патшалары мен бай-шонжарларына арналып жасалатын зергерлік бұйымдарға қажетті гауһар тас, нефрит қашқардан қытайға тасымалданған. «құндыз жолымен» бағалы аң терілері әртүрлі елдерге таралған. ii. біздің заманымызға дейінгі мыңжылдықтың ортасында «дала жолы» іске қосылды. «дала жолы» арқылы қытай жібегі мен иран кілемі жеткізіліп тұрды. ұлы жібек жолы еуропа мен азия елдерінің бір-бірімен қарым-қатынас жасауына мүмкіндік туғызып, ондағы халықтарды біріктірді. жолдың бұлай аталуына сауданың негізгі заты - қытайдан шығарылатын жібек мата себеп болды. еуропа мен азияны біріктірген бұл жол ғажайып жетістіктерге жеткізді. ған елдердің сауда мен айналысуына, ғылымның , дін мен мәдениеттің қалыптасуына ықпал етті. iii. ұлы жібек жолы ежелгі қазақстан жері менің де өткен. ең негізгі сауда жолы сырдария, талас, шу, iле арқылы қытайға ұласқан, жолдың ендігі бір бөлігі «яқсарт», «сейхун» деп аталған сырдария, орал (жайық) өзендерін жағалап, ары қарай қара теңіз маңы, византия мен батыс еуропа жерлеріне дейін созылып жатты. жібек жолы орталық қазақстан далаларына, сарыарқа мен ертіске, алтай мен моңғолияға қарай жалғасты. осы жолдардың бойында испиджаб, усбаникент, отырар, түркістан, тараз, сауран, сығанақ, сарайшық, жаңакент сияқты ірі қалалар болған. бұл қалалардың өркендеуіне члы жібек жолының тигізген әсері мол.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Диалог на тему: приметы и запреты на казатском