1.ою ою ойым бар-ды,
ойналмастан ойын қалды.
орындалмай ойымдағы
ойылмады ою-дағы.
орашолақ, олақпын ба,
оя алмадым оюларды?
2.асан бақша жақтан.
ақ сабақ асқабақ әкелді,
басқа жақтан.
басқарақ асқабақ әкелді.
3.ала-ала алашалар,
тамаша олар,
оған кім таласа алар.
4. доп теп,
дөп теп.
5. сұр інген сүрінген бе?
сүрінген сұр інген бе?
6.бұлаң бұлаң еткен бұл аң,
бұлаң десем екен қылаң.
7.біреуі көрікті кісі,
біреуі бөрікті кісі.
көрікті кісі – зорықты,
бөрікті кісі – қорықты.
8.тақпақ жаттап,
айтсақ жақсы-ақ.
жатка тақпақ
жатта тақ-тақ.
9.қондық жаңа қонысқа,
қалың екен жоңышқа.
қоныстағы жоңышқа,
оралады қонышқа!
10.жағажайды жағалай,
жүгіреді қамажай.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Сүттен жасалатын тағамдар мен сусындар тақырыбына диалог құрастыр с переводом и только про молочные блюда. заранее
гай лэ стрэнждің «the lands of the eastren caliphate» (шығыс халифат елдері) атты кітабы сырдария өзені жайлы мәліметтер келген. сырдарияның шаш деп аталғандығын жазған. жергілікті халық шаш өзені десе әл-мустауфа 14 ғасырда моңғолдар оны гүлзариян деп атайтын еді дейді. арабтар сейхун деп атаған . ал түріктер сырдария немесе сырсу деп атаған. бартольдтің «орта азиядағы түріктердің тарихы» атты кітабының 53 бетінде сырдария өзені жайлы мәліметтер келген . абу әл-ғазида осылай атаған. ибн хауқал сейхун өзені түрік елдерінен шығып ағады деп айтқан. ибн хауқалдың айтуынша таудан аққан бұл өзен арал теңізіне барып құяды. араб саяхатшылары сейхун жейхун өзені секілді, онда кемемен жүзуге болады дейді. қыс мезгілдерінде ұзақ уақытқа өзеннің бетінде мұз қатады. осы себепті өзеннің үстінен жүре беретін .
сырдария мен әмудария сейхун, жейхун болмас бұрын жаксартекс және оксис деп аталған. арабтар сейхун, жейхун атауларын яһудилерден алуы мүмкін деген болжам айтылады. яһудилердің писон және гихон деген өзендер жайлы айтылады. сейхун мен жейхун осы сөздерге жақын болуы мүмкін, бірақ мағыналары белгісіз . моңғол шапқыншылығы заманында сейхун атауы қолданыста шығып, сырдария деп атала бастаған.