Арал экологиялық дағдарысы — адам қарекетінің әсерімен болған экологиялық дағдарыстың неғұрлым айқын мысалы, Арал теңізі экологиялық жүйесінің құлдырауы.
Соңғы ондаған жылдар бойында халық санының көбеюі, суармалы жерлер аумағының 2-3 есе ұлғайтылуы, Арал алабында су тұтынудың едәуір артуы теңіз деңгейінің апатты түрде төмендеуінің негізгі себебі болды. Әмудария мен Сырдария сулары ағымының күрт азаюы (1960 жылдардағы 50—60 км3-ден 1990 жылдардағы 5-7 км3-ге дейін) садцарынан оның деңгейі 1960 жылғы 53 метрден 1987 ж. 40,3 метрге дейін жоне 1992 ж. 37,2 метрге дейін төмендеді.
Қоғамдық қатынастар - белгілі қоғам немесе қоғам қалыптасу қатынастарының барлық түрлерінін жиынтығы. Қоғамдық қатынастар саяси, экономикалық қатынастармен бірреттік болмай, олармен тек пен түр ретінде қатынасады. Осындай қатынастардың жалпы жүйесінде өзіне белгіленген ролін ойнайды. Қатынастар жүйесінде қоғамдық экономикалық қатынастар, басқа қоғамдық қатынастардың сипаты мен мазмұнына қарай басым роль атқарады. Экономикалық қатынастармен қатар әлеуметтік, идеологиялық, саяси қатынастар да бар.
Объяснение:
Көмектестім деген ойдамын
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Үндестік заңы дегеніміз – сөз ішіндегі дыбыстардың бір-бірімен үндесіп,біркелкі болып қолданылуы.Үндестік заңының 2 түрі бар:буын үндестігі және дыбыс үндестігі.
1) Буын үндестігі – сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан не жіңішке болып үндесуі.Түркі тілдері,оның ішінде қазақ тілі буын үндестігіне негізделеді,яғни қазақтың төл сөздері не бірыңғай жуан не бірыңғай жіңішке болып келеді.
Мынадай сөздерде:
1.қос сөздерде (аман-есен,асты-үсті т.б.)
2.біріккен сөздерде (шекара, ба з,кәсіпорын т.б) буын үндестігі сақталмайды.
Буын үндестігі сөз бен қосымша арасыңда да сақталады,яғни сөзге жалғанатын қосымша сөздің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарай жуан не жіңішке жалғанады.Мысалы:тас-қа (тас-ке емес),үй-лер (үй-лар емес),құс-ты (құс-ті емес) т.б.
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалармен қатар (-мен,-бен,-пен,-нікі,-дікі,-тікі,-паз,-қор,-қой т.б.),кірме сөздерде де буын үндестігіне бағынбайтын жағдайлар болады (кітап,алгебра,цехтан,рульді т.б.).
2) Дыбыс үндестігі дегеніміз – қатар келген екі дыбыстың бір-біріне ықпал етіп үндесуі.Оның 3 түрі бар: ілгерінді ықпал, кейінді ықпал, тоғыспалы ықпал.
1.Ілгерінді ықпал – қатар келген екі дыбыстың алдыңғысының соңғысына әсер етуі.Мысалы:қаш-са (қашша),көзқарас (көзғарас),ақ балық (ақ палық) т.б.
2.Кейінді ықпал – қатар келген екі дыбыстың соңғысының өзінен бұрынғы дыбысқа әсер етуі.Мысалы:бас+шы (башшы), Есенгелді (Есеңгелді),он бес (ом бес) т.б.
3.Тоғыспалы ықпал – қатар келген екі дыбыстың бір-біріне ілгерінді-кейінді ықпал етіп, екеуінің де өзгеріске ұшырауы.Мысалы:Досжан (Дошшан),Жиенқұл (Жиеңғұл),тас жол (ташшол) т.б.