Владимир1524
?>

"біз отбасымызбен мемлекеттік тілде сөйлейміз" тақырыбына әңгіме құрыңыз , 50 , . заранее

Казахский язык

Ответы

citioil15
Біз отбасымызбен ана тілінің қасиетін қастерлей білеміз. Кезінде атамыз тіліміздің құдыреті туралы үнемі айтып, балаларының құлағына құйып отырушы еді. Сол тәрбие әлі де жалғасып жатыр. Атамыз теледидар, күнделікті мерзімді ақпарат құралдарын өзі оқып, сосын бізге оқуға кеңес беретін. Сөз зергері болған атамыз балаларының да өз тілінде білім алғанын қалаушы еді.

Міне, сол кісінің аманатын орындап, Рамазан есімді шөбересін қазақ мектебіне апармақшымыз. Жақында ғана Сәуле әжеміздің дүниеден өтіп кеткені шаңырағымыз үшін аса ауыр қайғы болды. Әлі де еңсемізді тіктей алмай жатқан жайымыз бар.
Пономаренко
Әрбір халықтың ана  тілі бар. Мен Қазақстанда тұрамын.Қазақ халқының ана тілі, мемлекеттік тілі-қазақ тілі.Біз отбасымызбен мемлекеттік тілде сөйлесеміз. Қазақ тілін терең біліп, дамытуға тырысамыз.Қазақ тілі кең, бай.Қазақ тілінде біз  көп  мақал-мәтелдерді әндерді  білеміз.Мемлекеттік тіл ұлтымыздың анасы.Қазақстанның болашағы  мемлекеттік тілінде.екенін білеміз.Біздің мемлекеттік тіліміз бірінші бақытымыз, байлығымыз.    
Orestov563

Эссе

Жомарттық – жақсы қасиет

Ұлттың ұлт болып, мемлекеттің мемлекет болып қалыптасуына жекелеген адамдар тарапынан жасалатын игі істердің де шешуші маңызы бар екенін көп жағдайда ескеруге тура келеді. Олай дейтініміз, тәуелсіздік алған жылдары елімізде тұралап қалған экономикалық жүйені қалыпқа келтіру бағытында Елбасының салиқалы саясатымен көптеген істер жүзеге асырылды. Ең алдымен, халықтың әлеуметтік жағдайын, тұрмыс-тіршілігінің оңалып кетуіне жіті мән берген саяси жүйе бүгінде өзінің дұрыстығын дәлелдеді. Сол себепті де бұл мәселеде қолға алынып жатқан істердің мән-маңызын талдап-талқылауға, тереңіне ой жіберуге, жаңа уақыт тұрғысынан өткенге зер салуға парасат-пайым қажет.

Объяснение:

Если мой ответ был полезным поставь лайк и можно лучший ответ ☆☆☆☆☆

rodsher7740

Берел қорымы – сақ дәуірінен сақталған тарихи ескерткіш.

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында Бұқтырма өзенінің оң жағалауында Берел ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 7 – 8 км жерде орналасқан. Қорым солтүстігінде Берел және Бұқтырма өзендерінің қосылған жерімен, оңтүстігінде Қансу өзенімен, ал батысы мен шығысында таулармен шектелген Бұқтырма өзенінің оң жағасындағы алаңда орналасқан.

Ескерткіштің координаттары: 490 градус 20 сағат солтүстік ендік, 860 градус 22 сағат шығыс бойлық. Обалар Бұқтырма өзенінен 40-45 метр биік жатқан үшінші террассасында шоғырланған.

Сақ және түркі кезеңдерімен мерзімделетін жетпістен астам обалардан құралған қорым 4000х1000 шаршы метр жерді алып жатыр. Берел қорымындағы обалар мен ғұрыптық ескерткіштер оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа созылып жатқан бірнеше тізбекке және жеке топтарға шоғырланған. Әрбір тізбекте бұл өңірді б.з.б. 1 мыңжылдыңтың екінші жартысында мекендеген тайпалық одақтардың өкілдері жерленген болуы мүмкін. Тізбектердегі үлкен, орташа жєне кішігірім обалар сол замандағы әлеуметтік жіктің болғандығының көрінісі болып табылады.

Қорымдағы ең ерте обалар б.з.б. 4-3 ғасырларда үйілген (2400-2300 жылдары бұрын), ал кейінгілері көне түркілер дәуірімен мерзімделеді - б.з. 7-8 ғасырларда (1200-1300 жылдары бұрын).

Алғаш 1865 жылы В.В.Радлов, 1959 жылы С.С.Сорокин зерттеді. 1998 жылы Халықаралық қазақ-француз экспедиция (жетекшісі З.Самашев) қорымның жаңа жобасын болжап, бірнеше қорғанды зерттеді. Қорым 3 қорғандар тобынан тұрады. Бірінші топтағылары таудағы кертпеш ортасына орналасқан. Ол солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа созылған 6 қорғаннан тұрады. Екінші топ солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай тізбектеліп созылған 12 қорғаннан тұрады. Ол кертпештің батыс жағында орналасқан. Үшінші топты 9 қорған құрайды. Ол кертпештің шығысында орналасқан. Осы топтағы ең үлкен қорған ғылымға Үлкен Берел қорғаны деген атпен белгілі. Обалар таудың жақпар тастарымен араласқан өзеннің ұсақ малта тастарынан үйілген. Шұңқырда ағаш қимасы бар, оның сыртында әлеуметтік мәртебесі жоғары адамдардың қабіріне бірге қосып көметін жылқы қаңқаларының жатуы, қарағайдың жуан діңгегінен қақ жарып қашап жасаған астау – табыт ертедегі Алтай көшпелілерінің ескерткіштеріне тән. Қазба кезінде қорғандардың ішінен 2–3 м тереңдікте ағаштан жасалған қима, оның бет жағынан бірнеше жылқының қаңқасы мен әбзелдерімен тоңда сақталған жылқы мумиясы, сыртына алтын жалатылған ағаш әшекейлер, адамның қаңқасы мен адам мумиясы алынды. Заттай деректер Берел қорымы Пазырық мәдениетінің орта (б.з.б. 5 ғасыр) және соңғы (б.з.б. 5–4 ғасырлар) кезеңінде салынғанын дәлелдейді.

Берел қорымында 1997 жылдан қазіргі кезге дейін 20 ескерткіш зерттелді, солардың ішінде №4, 9, 10, 11 обаларынан тоң басқан қабірлер аршылды. Берел қорымы обалардан табылған ақсүйектер мен скиф-сібір аң стилінде жасалған заттарының нәтижесінде әлемге әйгілі болды. Берел қорымындағы тоң басқан обалардың беретін мәліметтері де ерекше. Берел қорымындағы үлкен обаларда табиғат пен климаттың және обаны үйген материалдар мен ескерткіш құрылысының үйлесімінен пайда болған тоңың нәтижесінде органика, яғни киім, ат әбзелдері, ағаш бұйымдары, ер тоқым, тері мен киізден жасалған заттар шірімей жақсы сақталған.

Берел қорымынан табылған заттарды зерттеуде алғаш рет жаратылыстану ғылымдарының әдістері пайдаланылды. Бұл зерттеулердің нәтижесінде ерте көшпелілердің ДНҚ-ын анықтауға болатын, сонымен қатар Берел даласының палеоэкологиясы, палеозоологиясы мен антропологиясы бойынша құнды мәліметтер алынды.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

"біз отбасымызбен мемлекеттік тілде сөйлейміз" тақырыбына әңгіме құрыңыз , 50 , . заранее
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

cafegasoil
Gaziev1636
abahtina582
varvara82193
Tanyamitia
ЮлияДаниил520
lechocolat
tat122
BrezhnevaKoidula
koam20167459
markitandl
vdnh451
akuznecov8989
Evagg3856
Astrians
▲