Абайдың 1889 жылы жазған өлеңі. Әрқайсысы 6 тармақты 5 шумақтан тұрады, көлемі З0 жол. Бұл өлеңінде Абай оқырман-тыңдаушыларына, ақындарға қарап сөйлейді. Сын мен пікірін нақтылай айтуға ойысқан. М. Әуeзовтің айтуынша, бұл өлең Абайдың «тек бір өз басының ақындық жолындағы ізденуі ғана емес. Мұны ақындық жайында өзгеше мәні бар өлең деп ұғынуымыз керек». Оны ақын өз айналасындағы «өлеңі бар, өнерлі інілерінің» кейбір шығармаларын оқығаннан кейін, соларға жөн-жоба керсетіп, сын ескертпелер жасау ниетімен тудырған.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Абайдың жасы 13-ке тақалды. орыс мектебінде 3 ай оқымай, ауылға қайтсын деп әкесі байтас және жұмабай деген кісілерді жібереді. ауылға үш күндік жол қалғанда шәкірт барын салды. ол асып, алға шауып кете берді. байтас қуып жетіп: "енді асықпа, есенбайдың жырасында ұры жатады" - дейді. шәкірт сөзге қарсы орайын білдірмей, біраз бірге жүреді. соңсоң тағы шауып кетіп, екі-үш белден көрінбей кетеді. байтастың мінгені құнанбайдың қара жал бұрыл аты. ал жұмабайдың астындағы да құнанбайдың найманкөк деген үлкен көк ала аты болатын. олар ң соңынан жарыса кетті. бір бел асса көрінбейді. аздап уақыт өткен соң жұмабай арт жағынан тасырлап келе жатқан ат дүбірін есітті. "е, бұл есенбайдың жырасындағы жау болар", - деп ақ-көк атты тепкілей берді. күндіз шабатын ұры бет-аузын таңып алыпты. артынан қуып жеткенде жұмабайдың қалың қара тымағын көзіне қарай баса кигізіп жібереді. ақбозат бірдемеге тіреліп тоқтады. жұмабайдың реңі қашып қара тымағын алса, ол ұры емес, өзі айтқандай "құнанбайдың бөлтірігі" абай екен. байтас пен абайдың ішек-сілесі қатып күлді. аз уақыт өткен соң абай жұмабайдан орынсыз ісі үшін кешірім сұрады. перевод
Абайдың 1889 ж. жазған өлеңі. Әрқайсысы 6 тармақты 5 шумақтан тұрады, көлемі ЗО жол. Абайдың поэзия, оның мәні жөніндегі ой-пікірлерінің тың түйіні, бұған дейінгі жазылған «Базарға қарап түрсам, әркім барар», «Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы», «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол» сияқты шығармаларындағы эстетикалық көзқарасының кемелді көрінісі. Бұл шығармаларында Абай ақындықтың ауыр міндетін, ақын атанудың алғышарттарын аңғартқан еді. Сөздің патшасын, сындарлысын дарияның тереңіне сүңгіп, ақық-маржан іздеушідей түн қатып толғататын, тұңғиық ойға шоматын даналардың ғана таба алатынын айтқан. Яғни ақынақыл сөзін ақындарға арнаған-ды. «Сөзді ұғар осы күнде кісі бар ма?» деп, парасатты оқырманы жоқтығына налыған болатын. Ап бұл өлеңінде Абай әрі оқырман-тыңдаушыларына, әрі ақындарға қарап сөйлейді. Сын мен пікірін нақтылай айтуға ойысқан. М. Әуeзовтың айтуынша, бұл өлең Абайдың «тек бір өз басының ақындық жолындағы ізденуі ғана емес. Мұны ақындық жайында өзгеше мәні бар өлең деп ұғынуымыз керек». Оны ақын өз айналасындағы «өлеңі бар, өнерлі інілерінің» кейбір шығармаларын оқығаннан кейін, соларға жөн-жоба керсетіп, сын ескертпелер жасау ниетімен тудырған. «Сөз айттым «Әзірет Әлі, айдаһарсыз» дегенде көп ақындардың, оның ішінде Көкбай Жанатайұлының пайғамбарларды, дін таратушы қаһармандарды мадақтайтын қиссаларжазуға тым әуестігін, «Бізде жоқ» алтын иек, сарыала қыз» дегенде жеке ақындардың жылтырақ сөздерге әуестігін, Әріп Тәңірбергеновтың «Зияда-Шамұрат» дастанында қызды «иегі алтын, көзі гауһар» деп, әлем-жәлем етіп суреттегенін, «Кәрілікті жамандап елім тілеп» дегенде Шәкерім Құдайбердиевтің заңды түрде келетін кәрілікті даттағанын қағытып мысқылдаған. Ақын өлең сөзді кімге арнауды, кімге айтуды ескертеді: тасырға айтпай, «кеңіл көзі ашық, кекірегі сөзімді», сергек те талаптыларға айтуды қалайды. Оның өсиеті - күле тындаған парықсыздарға сөзіңді қор қылма! «Қызшыл», «қызықшыл» әуейілерге жолама! Арсыздық пен ақылсыздықтан, шаруасыздық пен маскүнемдіктен аулақ бол! Мұның үстіне Абай бұрынғы «сөз түзелді, тыңдаушы, сенде түзел» деп жалпылай айтқан ақылын аша түскен. Түзелу үшін не істеу керектігін керсеткен. Оқырмандарына өлең-жырды жұртқа ақыл айтып, кеңес берудің, үлгі-өнеге көрсетудің, қырсық, қиянатқа қарсы күресудің қүралы деп ұқтырған. Жақсы сөзді жастай тыңдап жаттық, әсері қызыл сөзге құлай қалма, сөздің сыртына сенбе, ішіне үңіл, мазмұнын біл, оның мәні тереңін ізде, сөздің қадір-қасиетін сонда ұғасың деп кеңес береді. Өлең алғаш рет 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Ұйқасы -б, -а, -а, -в, -а, -г, -а болып келеді. Текстологиялық зерттеулер барысында Мүрсейіт қолжазбасындағы 2-шумақтың 5-жолындағы «сөзіңді ұқпай» деген тіркес 1909 жылғы жинақ негізінде «айтқанды ұқпай», 3-шумақтың 6-жолындағы «ойы терең» деген тіркес «түбі терең» делініп ауыстырылған. Ал жинақтағы 3-шумақтың 3-жолындағы «елде кәрі» деген тіркес Мүрсейіт жазбасына сәйкес «кәрілікті» деп өзгертілген. Мүрсейіт қолжазбаларындағы 4 шумақтың соңғы жолындағы «қиналмай» сөзі 1909 жылғы басылым негізінде «қинамай» болыпалынған. Ал 1909 жылғы жинақта жоқ: «Сәнқой, даңқой, ойнасшы, керім-кер- бөз», «Қанша қызық болады өзіңізге?» деген жолдар Мүрсейіт жазбаларынан алынып, кейінгі басылымдарға енгізілген. Өлең ағылшын, орыс, өзбек, үйғыр тілдеріне аударылған.