Эссе:
Алаш зиялылары біздің жүрегіміздің ең бір ерекше орнын алмаса, басқа адамдар алмас. Біздің еліміздің құлдырап бара жатып, жойылуынан сақтап қалып, өлімсіреген халықтын рухын көтерген адамдардың атын ұмыту - олардың игі істері мен халқын дағдарыстан шығару үшін өмірін қиғанына түкіру. Алаш ордасының зиялылары біздің гүлдеп, өскенімізді қалаған.
Алаш басшыларының әрбірін қарастырсақ, бұл жұмыс бір мың сөзден тұрмас, бұндай тақырыптар кітап не антологияны қажет етеді, алайда Ахмет Байтұрсынұлы, Әліхан Бөкейханұлы, Мұхаметжан Тынышбайұлы секілді тұлғалар автономияның болмысын демеген. Мысалға, Ахмет Байтұрсынұлы қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері болған. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы. Бір ғана тұлғаның істерін талдасақ, кітап жазуға тура келер. Алаш зиялылары қазақ халқының білімі, тәуелсіздігі мен өміріне жандары ашыған. Осыдан кейін игі іс жайлы қалай сұрақ туар?
Біздің тәуелсіздік пен нанымыз үшін көптеген адамға алғысымызды білдіруіміз қажет, алайда халықты отаршылықтан сақтап қалған адамдарды біз ерекше білуіміз керек. Алаш ордасы қазақ тарихында мәңгі жақсы атпен танылады.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Бұл сөз кенжетайға ауырлау тиді өйткені ол ауыл жігіті болғанымен қазақша сауатты еді