Қазақ күресінің тарихы ұлтымыздың өмір тарихымен тығыз байланысты. ң күш сынасуы ат жарысы, ақындар айтысы сияқты қазақ халқы өнерінің ажырамас бір бөлігі болып саналады. қазақтар күш иесін «алып», «толағай», «» деп атап, оны ерекше қасиет қонған ретінде таныған. күрес – ұлттық мәдениетіміздің маңызды бір саласы болып табылады. қазақтардың жыл он екі ай далада өмір кешіп, үнемі қозғалыста болу тірлігі, жас бастап еңкейген кәріге дейін дене-күш дайындығына ерекше талап қойды. қазақ елінде ат үстінде еркін отырудан бастап, садақ ату, күрес, жекпе-жек айла-тәсілдерін меңгеру ұл мен қызға бірдей қойылатын талап деңгейіне көтерілді. халқымыздың ұлан-байтақ аумақта орналасуы, көшіп-қонып жүруге негізделген шаруашылығы және көршілес елдер салт-дәстүрлерінің ықпал етуі қазақ жерінде қ өнердің бір-бірінен айырмашылығы бар бірнеше түрлерінің негіз болды. ертегі, аңыздарда, батырлар жырларында, тарихи және көркем шығармалар мен, археологиялық қазба деректерде күрестің бірнеше түрлері болғандығы туралы көптеген дәлелдер кездеседі.
filimon131262
11.06.2022
Курорт туралы«шымбұлақ» тау шаңғы – іле алатауының көркем етегіндегі шатқалда теңіз деңгейінен 2260 м. биіктікте, алматы қаласының орталығынан 25 км. жерде орналасқан. ауаның орташа температурасы жазда +20 с, қыста -7 с. қар қабатының орташа қалыңдығы 1, 5 м., жылдағы шуақты күндер 90% дейін болады. бұл жерді қар қараша айынан бастап мамырға дейін жамылып жатады. тау шаңғы жолдары «медеуден» «шымбұлақтың» негізгі стансаларына дейін (ұзындығы бойынша әлемде үшінші орында– 4,5 км) гондола жолдары арқылы жүзеге асырылады. 114 жабдықталған кабина ң барлық қонақтары үшін қызмет көрсетеді, жолдың өткізу мүмкіндігі сағатына 2000 құрайды, сондай –ақ, онда қосарланған (комби 1 және комби2), екі төрт орынды (ккд4 және левый талғар) және бугельді арқанды екі жол да бар. көтергіш сізді теңіз деңгейінен 2260 м.биіктіктен талғар асуына (3163 м) дейін көтереді, биіктік айырмасы 903 м. сіздің оң және сол жағыңызда қар жамылған асқақ тау мен мәңгі жасыл тянь- шань шыршалары жатады. шымбұлақ – тау шаңғысымен жаңадан айналыса бастағандарға жазық та жұмсақ жолы, дайындығы жоғары шаңғышыларға арналған ұзақ жол, қпен түсетін фис- жолдар, сноубордшыларға соны қарлы аңғарлар мен халф-пайп, нағыз шеберлерге экстремалды шұғыл бұрылыстар, могулға арналған арнайы жолы бар – түрлі бағыттағы таң қалдыратын жер. шымбұлақта жыл сайын жаңа бағыттар ашылып отырады. шымбұлақ трассалары халықаралық тау спорты федерациясымен (fis) аттестатталған. жолдың жалпы ұзындығы 3620 метрді құрайды. сонымен қатар, тау шаңғысының қас шеберлеріне арналған жолдар да бар. егер де сіз шаңғы мен сноубордқа ешқашан тұрмаған болсаңыз, үйренетін уақыт келді. тау шаңғы мектебінің тәжірибелі нұсқаушылары сіздерді керек –жарақпен қамтамасыз етіп, 3 жас пен 100 жас аралындағыларды шаңғы мен сноубордқа сауатты түрде үйретеді. сіз freestyle, slopestyle, carving және т.б. стильдерді үйрене аласыз. жалға беру пункттерінде шаңғы мен сноуборд бәріне жетеді. тау шаңғы ң аумағында түрлі талғамға арналған қонақүй, мейрамханалар, кафе, кофейня бар. шымбұлақ қыста ғана емес жазда да демалуға арналған ғажайып орын! жыл маусымының бұл мезгілінде тау бедері ерекше. жан аяғы баспаған жабайы тау бөктерінде қарағайлы орман жамылып жатқан, әсем көгалды ұзыннан ұзақ созылған аңғарлар жатыр. жаз маусымында ға арналған лагерь жұмыс істейді. алдағы уақытта кешен аумағын кеңейту, арқанды жолдың ұзындығын ұлғайту жоспарланып отыр. «шымбұлақ» келешекте алматылықтардың ғана сүйікті демалу және көңіл көтеру орнына айналып қана қоймай, оған қоса шетелдік туристтердің назарына да ие болмақ.