nataljatchetvertnova
?>

Төменде берілген сөздерді пайдаланып, төрт жол өлең құрап көріңдер.составьте четверостишье с слов: шаттан, талаптан. мақтан, данышпан.​

Казахский язык

Ответы

AndrukhovichKonovalov

Ұзын Ертісті көргенде:

Мына шіркіннің баласы тойдым деп қарап отырмас, қарным ашты деп жылап отырмас, сиырдың мүйізі, кеуірдің құлағы шығып тұрған жер екен. Күнінде баласы кеуірден жылайды-ау! – депті.

Шыңғыс тауын, Семей тауларын көргенде:

Мына шіркіннің топырағы құтырған екен. Оған шыққан шөп құтырады, оны жеп семірген мал құтырады, оның етін жеп, сүтін ішкен адам құтырады. Қан үзілмейтін, кісі өлтіру, ұрыс-төбелес көп болатұғын жер екен! – депті.

Түндік өзенін көргенде:

Он екі қазылық ой, Түндік; маңырап жатқан қой, Түндік. Қойдың құлағы тұтам шығып тұрған жер екен! – деп, тастап кетуге қимай, үш қараған екен. Сонан «Үшқара» атанған.

Қызылтау деген жерге келгенде:

Тауы-тасы кеш болғанда, ыңыранып жатады екен, тоқтысы қысыр қалмайтұғын жер екен! – депті.

Баянаула тауын көргенде:

Ат ерін алуға жарамайтұғын жер екен, шіркінді жұрт қалай қоныс қылып отырған? Бір көрген кісі: «Кәпір-ай, сені желкемнің шұқыры көрсін!» — дейді екен. Бауырында бір қара тиген тұзы бар екен, тұзы ауыр екен. Бір күн түнеп кетемін деген бір жұма тоқтап қалады екен, тұзы жібермейді екен!

Ащы бойына келгенде, артына қарап:

А, Баянаула, сенің қоныс болып тұрғаның мынау Ащының арқасы екен! Мал жазғытұрым бір жұма ащылайды екен, күзге таман бір жұма ащылайды екен, сонысы бір жылға татиды екен. Олай болмағанда, Баянаула қоныс болуға жарамайтұғын жер екен дейді, — депті.

Бөкенбай деген жерді көргенде:

Ана Баянаула тауынан мына Бөкенбайдың қырық кез биіктігі бар екен! – депті. Осы күні жұрт Бөкенбайдың басына аң қуалап, атпен шығып жүреді. «Аспанмен тілдескен Баянауладан қалай биік болады?» деп, жер өлшеп жүрген землемерлерден сұрағанда:

Рас айтқан екен! – десті.

Шідерті деген өзенді көрген кезде:

Мына шіркіннің топырағы асыл екен. Алты ай арықтатып мінген ат бір айда майға бітетін жер екен! Бос жылқы шідерлеп қойғандай тоқтайтұғын жылқының қонысы екен! – депті.

Объяснение: ұзақ болса. Әр жерден бір сөйлемнен жаз.

aa276568

Адам және азамат құқығын қарастыру алдында "адам", "жеке адам", "азамат" санаттарының арақатынасын білу маңызды. "Адам" ұғымы табиғи тұрпатта сипатталады, яғни арнайы физиологиялық қасиеттерді бойына сіңірген тіршілік әлемінің өкілі ретінде. "Жеке адам" ұғымы адамды әлеуметтік тұрғыда сипаттайды, яғни қоғамда өзінің рөлі мен орнын және оның алдындағы жауапкершілігін сезінуі (мүмкін болған жағдайлар, егерде адам әр түрлі объективті және субъективті себептерге байланысты жеке адам бойында болатын касиеттерді иемденбесе, мысалы, психикалық аурудың салдарынан сот оны әрекет қабілеттілігі жоқ деп таныса). "Азамат" ұғымы адамды заңды тұрғыда сипаттайды, яғни адамның нақты бір мемлекетпен тұрақты құқықтық байланыстылығын қарастырады. Адам құқығы — адамның муддесін қанағаттандыруга бағытталган, заңмен қоргалатын демократиялық құндылық. Адам құқығына мынадай белгілер тән:

олар қоғамда өмір жағдайының үнемі өзгеріп отыруына байланысты, адамның табиғи және әлеуметтік мәнділігі негізінде туындайды және дамиды;

объктивті түрде қалыптасады және мемлекеттің мойындауына тәуелді емес;

туғанынан беріледі;

табиғи (су, жер, ауа, т.б. сияқты) қажеттілік болып табылады, ажыратылмас сипатта болады;

тікелей әрекетті болып табылады;

ең жоғары әлеуметтік құндылық болып танылады;

құқықтың кажетті бөлігі ретінде адамның өмір сүруінің нақты бір түрпатын білдіреді;

жеке адамның өз калауынша әрекет жасауына мүмкіндік жасайтын, сейтіп нақты бір игіліктер алуын қамтамасыз ететін адамдар мен мемлекеттің арасындағы қарым-қатынастарды тұжырымдайтын кағидаттар мен нормаларды білдіреді;

оларды мойындау, сақтау және корғау — мемлекеттің міндеті.

Адамның өмір сүруі мен лайықты өмір кешу құқығын жүзеге асыру үшін оның дүниеге келуі ғана жеткілікті. Ал басқаша құқықтарын жүзеге асыру үшін адамда азамат, жеке адам қасиеттері болуы шарт. Адамның құқы мен бостандығы табиғи және ажыратылмас болып табылады, туғаннан бастап беріледі жөне жоғары құндылық болып табылады. Мемлекеттің міндеті — адам құқықтарын сақтау, қорғау және мойындау. Мемлекет өзінің азаматтарына жеке адамның қажеттілігіне сәйкес келетін құқық пен бостандықтарды (өмірінің қауіпсіздігі, адамның бостандығы мен ар ожданы, өзінің жеке ерекшелігін сақтау және дамыту) қамтамасыз етуге міндетті.

Объяснение:

Вроде так

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Төменде берілген сөздерді пайдаланып, төрт жол өлең құрап көріңдер.составьте четверостишье с слов: шаттан, талаптан. мақтан, данышпан.​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

serg1976g
Murad Gushcharin
arteevdimon
Anton-Yurevich222
b3dllam
laktionova-natal
Tane4ka2110
iburejko7
ЕВгений_денис643
alanatan5757
ГалинаРайгородская
aistenok-28
Mnatsovna
СмыковаДарья1969
lider-mpl550