Белов_Лукина1339
?>

Составить 10 предложений на ( казахском языке) на тему "мой город павлодар"

Казахский язык

Ответы

galustyanvitaly4842

Павлодар қаласы туралы.

Менің туған қалам – Павлодар қаласы. «Әркімге өз туған жері Мысыр шаһары» демекші, өз туған қаламды ерекше жақсы көремін. Павлодар қаласы - Қазақстанның солтүстік – шығысында  Ертіс өзенінің оң жағасында орналасқан Павлодар облысының орталығы. Менің туған қалам электр және жылу өндірісіне, сазды топыраққа, мұнай өңдеу өнімдеріне, машина жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсібіне, құрылыс заттарына бағытталған өзіндік көп салалы өнеркәсіптік кешені бар Қазақстанның ірі индустриялды қала саналады.

Павлодар қаласы - ірі өнеркәсіп орталығы ғана болып қоймай,  солтүстік Қазақстанның мәдениет пен өнерімен танылған орталығы. Қаламызда Ж. Аймауытов атындағы қазақ музыкалық драма театры, А.Чехов атындағы орыс театры, Өлкетану мұражайы, Бұқар жырау, Майра Шәмсуддинқызы атындағы және көркемсурет мұражайлары секілді мәдениет ошақтары бар.

Қала тарихына келер болсақ,1720 жылы Коряков әскери бекінісі (форпост) салынды. Ал қаланың ірі өнеркәсіп орталығына айналуына 1938 жылы өзімен аттас облыстың құрылуы және 1953 жылы Оңтүстік Сібір темір жол магистралінің салынуы үлкен әсер етті. Бүгінде Павлодар қаласы үш жүз жыл тарихы бар әсем гүлденген қалаға айналып отыр. Мен Павлодар қаласының тумасы болғанымды мақтан тұтып, болашақта туған қаламның одан әрі көркеюіне өз үлесімді қосамын.

snow8646

4-тапсырма

1.Жүзу спортына қатысатын спортшылар киімі денесімен тым қатты жақындықта болады. Әрі шаштарын жабу үшін су өткізбейтін бас киімді киеді.

2.Басқа спорт түрлеріне қарағанда, жүзу спорты ұзақ қашықтыда өтпейді. Дегенмен адамның үлкен күшін қажет етеді.

3.Елімізден шыққан Дмитрий Баландин олимпияда жеңіспазы болғаннан кейін, жүзуге деген жастар арасында құлшыныс артқан.Бұл спорт түрін болаашағы жжарқын.

4.Желкенді спорт пен су шаңғысы өзге спорт өзге су спортының түрлерінен өзгеше. Ол өзендер мен көлдерде өткізіледі. Ал суға секіру мен суда жүзу спорты басейндерде өткізіледі.

5.Суда жүзу адамның жүрегіне пайдалы. Артық салмақтан арылуға көмектеседі.

6.Спортпен шұғылдану арқылы денсаулығымызды нығайтамыз

Объяснение:

Espivak

Биылғы жазғы демалысымды өте қызықты, әрі денсаулыққа пайдалы өткіздім. Себебі мен жай ғана демалып қоймай, сонымен қатар Алакөл көлінің емдік суына шомылдым. Алакөл демалыс жағажайы туралы естімегендер кемде - кем болар. Оның суының ағзама оң әсер тигізгенін байқадым. Көл суы көптеген ауруларға ем екен. Адам денесіндегі қотырлар мен жаралар бірер түскен соң, сыпырылып түсіп қалатын көрінеді.

Суға түсіп жағажайға шыққанда, көңілім өсіп, қанағат тапты. Толқындарды тамашалап, жағажайда серуендеудің өзі бір керемет әсер сыйлайды екен. Толқын арқылы теңізден шыққан майда тастар мен ұлутастарды жинап, өзімнің коллекциям пайда болды десем де болады.

Жағажайда демалып, серуендеудің өзі психологиялық тұрғыдан денсаулыққа да пайдалы екен. Теңіз немесе көлжағасындағы демалыстың адамға жағымды әсер етуінің бірқатар факторлары бар екен. Олар: толқындардың сиқырлы шуы, теңіз бризі мен су түсінің миға гипнозды әсер етуі.

Әсіресе, осы демалыс кезінде жағажайда аяқ – киімсіз, жалаң аяқ серуендеген аса қатты ұнады. Тіпті, осы серуендеудің өзі адамға пайдалы көрінеді. Естуім бойынша көл суынан нәр алған табандағы биологиялық белсенді нүктелер ішкі ағзалардың жұмысын жақсартады.

Келер жылы отбасымызбен тағы да жағажайда демалсақ деп армандап да қойдым.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Составить 10 предложений на ( казахском языке) на тему "мой город павлодар"
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

sergeyshuvalov
Дмитрий_Пергамент669
elenalusia
chermen40
Yelena_Gennadevna
donliolik
temik10808564
serkinn69
fshevxuzheva313
nevasoundmsk36
kotovayaanastasia2069
arnika-ooo1
panstel
dimaproh
slspam
▲